Тұрғын үй қатынастары туралы

МАЗМҰНЫ

Ескерту. Мәтiндегi "бөлiм" деген сөздiң алдындағы "I — VI" деген цифрлар тиiсiнше "1 — 6" деген цифрлармен ауыстырылды -ҚР 2004.12.20 N 13 (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енедi), "мемлекеттiк қажеттер", "мемлекеттiк қажеттiлiктер" деген сөздер "мемлекет мұқтажы" деген сөздермен, "бөлек (жеке-дара)", "бөлек (жеке)", "өзiндiк (дара)", "бөлек", "бөлек (өзiндiк)" деген сөздер "дара (бөлек)" деген сөздермен ауыстырылды — ҚР 2009.06.08 N 163-IV Заңдарымен.

1 Бөлiм

1-тарау. Жалпы ережелер

1-бап. Қазақстан Республикасының тұрғын үй заңнамасы

Ескерту. Тақырыпқа өзгерiс енгiзiлдi — ҚР 2011.07.22 № 479-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күнөткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

1. Қазақстан Республикасының тұрғын үй заңнамасы азаматтардың, заңды тұлғалардың, мемлекеттiк органдардыңқатысуымен:

1) тұрғын үйлерге меншiк құқығының және оларды пайдалану құқығының пайда болуы мен тоқтатылу негiздерiне;

2) тұрғын үйлердi пайдалану құқығының жүзеге асырылуына;

3) тұрғын үйлерге қойылатын талаптарға;

4) тұрғын үй қорларының сақталуы мен жөнделуiнiң қамтамасыз етiлуiне;

5) азаматтардың тұрғын үй саласындағы құқықтарының сақталуын және тұрғын үй қорының пайдаланылуын мемлекеттiк органдардың бақылауына;

6) арнаулы мемлекеттiк органдар қызметкерлерiнiң қатысуымен тұрғын үй қатынастарын реттеу ерекшелiктерiне байланысты қатынастарды реттейдi.

2. Қазақстан Республикасында тұрғын үй қатынастары осы Заңмен, Азаматтық кодекс нормаларымен және соларға сәйкес шығарылатын өзге де Қазақстан Республикасының заңнамасымен реттеледi.

3. Тұрғын үй құрылысын қаржыландыруға, тұрғын үй қорының дамытылуы мен ұлғайтылуына байланысты қатынастар осы Заңда белгiленген талаптарды ескере отырып, тиiстi Қазақстан Республикасының заңнамасымен реттеледi.

4. Мейманханаларда, пансионаттарда, интернаттарда, қарттар үйлерiнде және осындай мақсаттағы басқа да үй-жайларда тұру Қазақстан Республикасының заңнамасымен реттеледi.

Ескерту. 1-бапқа өзгерiс енгiзiлдi — ҚР 2011.07.22 № 479-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2012.02.13 N 553-IV (2013.01.01 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

Тұрғын үй қатынастары туралы Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуiрдегi N 94 Заңы (DOC 740 Kb)

Мақалың шыққан күні: 23.12.2016 09:56
Парақтағы соңғы өзгерістер: 23.12.2016 09:56

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

-A A +A