«Белгіленген электр қуаты 5 МВт және одан төмен, 5 МВт-тан жоғары немесе белгіленген жылу қуаты 100 Гкал/сағ және одан жоғары, сондай-ақ өз балансында кернеуі 35 кВ және одан төмен, 110 кВ және одан жоғары электр желілері бар энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдарға күзгі-қысқы жағдайларда жұмысқа әзірлік паспортын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

1. Жалпы ережелер

1. «Белгiленген электр қуаты 5 МВт және одан төмен, 5 МВт-тан жоғары немесе белгiленген жылу қуаты 100 Гкал/сағ және одан жоғары, сондай-ақ өз балансында кернеуi 35 кВ және одан төмен, 110 кВ және одан жоғары электр желiлерi бар энергия өндiрушi және энергия берушi ұйымдарға күзгi-қысқы жағдайларда жұмысқа әзiрлiк паспортын беру» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет барлық қуаттардың және жылу желiлерiнiң (магистральдық, орамiшiлiк) жылыту қазандықтарына күзгi-қысқы жағдайларда жұмысқа әзiрлiк паспорттарын беру бөлiгiнде тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласындағы қызметтi жүзеге асыратын аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергiлiктi атқарушы органдарымен (бұдан әрi — көрсетiлетiн қызметтi берушi) көрсетiлдi.

Өтiнiштердi қабылдау және мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижелерiн беру:

1)көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң кеңсесi;

2)«электрондық үкiметтiң» www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрi -Портал) арқылы жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiң нысаны — электрондық (iшiнара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрiнде.

3. Мемлекеттiк көрсетiлген қызмет нәтижесi — «Белгiленген электр қуаты 5 МВт және одан төмен, 5 МВт-тан жоғары немесе белгiленген жылу қуаты 100 Гкал/сағ және одан жоғары, сондай-ақ өз балансында кернеуi 35 кВ және одан төмен, 110 кВ және одан жоғары электр желiлерi бар энергия өндiрушi және энергия берушi ұйымдарға күзгi-қысқы жағдайларда жұмысқа әзiрлiк паспортын беру (бұдан әрi — дайындық паспорты).

Мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижесiн ұсыну нысаны: электрондық, қағаз түрiнде.

2.​ Мемлекеттiк қызмет көрсету процесiнде көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң (қызметкерлерiнiң) iс-қимыл тәртiбiн сипаттау

4. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтi алу үшiн көрсетiлетiн қызметтi алушы Қазақстан Республикасы Энергетика министрiнiң 2015 жылғы 14 сәуiрдегi № 281 бұйрығымен бекiтiлген Белгiленген электр қуаты 5 МВт және одан төмен, 5 МВт-тан жоғары немесе белгiленген жылу қуаты 100 Гкал/сағ және одан жоғары, сондай-ақ өз балансында кернеуi 35 кВ және одан төмен, 110 кВ және одан жоғары электр желiлерi бар энергия өндiрушi және энергия берушi ұйымдарға күзгi-қысқы жағдайларда жұмысқа әзiрлiк паспортын беру» мемлекеттiк көретiлетiн қызмет стандартының (бұдан әрi Стандарт) 9-тармағында көрсетiлген құжаттарды ұсынады.

5. Мемлекеттiк қызмет көрсету процесiнiң құрамына кiретiн әрбiр рәсiмнiң (iс-қимылдың) мазмұны, оны орындаудың ұзақтығы:

1) кеңсенiң қызметкерi құжаттарды қабылдауды, оларды тiркеудi жүзеге асырады — 15 минут;

2) басшысы құжаттармен танысады, орындаушының жауапкершiлiгiн анықтайды — 3 сағат;

3) жауапты орындаушы көрсетiлетiн қызметтi алушының барлық қуаттардың және жылу желiлерiнiң (магистральдық, орамiшiлiк) жылыту қазандықтарына күзгi-қысқы жағдайларда жұмысқа әзiрлiк паспортын алу үшiн барлық шарттардың орындалғанын растайтын ұсынылған құжаттардың толық болуын қарайды. Ұсынылған құжаттардың толық мазмұны болмау фактiсi анықталған жағдайда, өтiнiштi одан әрi қараудан бас тарту туралы дәлелдi жауап дайындайды — 5 жұмыс күнi;

4) жауапты орындаушы құжаттарды дайындап, комиссияның қарауына ұсынады — 2 күнтiзбелiк күн;

5) комиссия құжаттарды қарауды жүзеге асырады — 16 күнтiзбелiк күн;

6) жауапты орындаушы хаттамалық шешiмнiң негiзiнде дайындық паспортын немесе дайындық паспортын беруден бас тартуды дайындайды — 2 күнтiзбелiк күн;

7) басшы дайындық паспортына немесе дайындық паспортын беруден бас тарту туралы құжатқа қол қояды — 20 минут;

8) жауапты орындаушы дайындық паспортын тiркейдi, көрсетiлетiн қызметтi алушыға жолдайды — 30 минут.

6. Келесi рәсiмдi (iс-қимылды) орындауды бастау үшiн негiз болатын мемлекеттiк қызметтi көрсету бойынша рәсiмдердiң (iс-қимылдың) нәтижесi:

1) өтiнiштi қабылдау және тiркеу;

2) орындаушының жауапкершiлiгiн анықтау;

3) өтiнiштi одан әрi қараудан дәлелдi бас тарту;

4) комиссия қарауына құжаттар жолдау;

5) хаттамалық шешiмге қол қою;

6) мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет нәтижесiнiң жобасын дайындау;

7) мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiң нәтижесiне қол қою;

8) мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет нәтижесiн беру.

3.​ Мемлекеттiк қызмет көрсету процесiнде көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң (қызметкерлерiнiң) өзара iс-қимыл тәртiбiн сипаттау

7. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет процесiне қатысатын көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң (қызметкерлерiнiң) тiзбесi:

1) кеңсенiң қызметкерi;

2) басшы;

3) жауапты орындаушы;

4) комиссия.

8. Әрбiр рәсiмнiң (iс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, құрылымдық бөлiмшелер (қызметкерлер) арасындағы рәсiмдердiң (iс-қимылдардың) кезеңдiлiгiн сипаттау:

1) кеңсенiң қызметкерi құжаттарды қабылдауды, оларды тiркеудi жүзеге асырады — 15 минут;

2) басшысы құжаттармен танысады, орындаушының жауапкершiлiгiн анықтайды — 3 сағат;

3) жауапты орындаушы қызмет алушы барлық қуаттардың және жылу желiлерiнiң (магистральдық, орамiшiлiк) жылыту қазандықтарына күзгi-қысқы жағдайларда жұмысқа әзiрлiк паспортын (бұдан әрi — дайындық паспорты) алу үшiн барлық шарттардың орындалғанын растайтын ұсынылған құжаттардың толық болуын қарайды. Ұсынылған құжаттардың толық болмау фактiсi анықталған жағдайда өтiнiштi одан әрi қараудан жазбаша дәлелдi бас тартуды дайындалады — 5 жұмыс күнi;

4) жауапты орындаушы құжаттарды дайындап, комиссияның қарауына ұсынады — 2 күнтiзбелiк күн;

5) комиссия құжаттарды қарауды жүзеге асырады — 16 күнтiзбелiк күн;

6) жауапты орындаушы хаттамалық шешiмнiң негiзiнде дайындық паспортын немесе дайындық паспортын беруден бас тарту туралы құжат дайындайды — 2 күнтiзбелiк күн;

7) басшысы дайындық паспортына немесе дайындық паспортын беруден бас тарту туралы құжатқа қол қояды — 20 минут;

8) жауапты орындаушы дайындық паспортын тiркейдi, қызмет алушыға жолдайды — 30 минут.

4.​ Мемлекеттiк қызмет көрсету процесiнде ақпараттық жүйелердi пайдалану тәртiбiн сипаттау

9. Портал арқылы мемлекеттiк қызмет көрсеткен кезде көрсетiлетiн қызметтi берушi мен көрсетiлетiн қызметтi алушы рәсiмдерiнiң (әрекеттерiнiң) кезеңдiлiгiн және өтiнiш бiлдiру тәртiбiнiң сипаттау:

1) жеке сәйкестендiрме нөмiрiнiң (бұдан әрi — ЖСН) және бизнес сәйкесетендiрме номерiнiң (бұдан әрi-БСН), ал сондай-ақ парольдiң (Порталда тiркелмеген көрсетiлетiн қызметтi алушы үшiн жүзге асырылады) көмегiмен көрсетiлетiн қызметтi алушы Порталда тiркеудi жүзге асырады;

2) 1-процесс — көрсетiлетiн қызметтi алушының мемлекеттiк қызметтi алу үшiн қызмет алушының Порталда ЖСН/БСН және паролiн енгiзу үдерiсi (авторизация үдерiсi).

3) 1-шарт — Порталда ЖСН/БСН және пароль арқылы тiркелген қызмет алушы туралы деректердiң төлтумалылығын тексеру;

4) 2-процесс — Порталдың көрсетiлетiн қызметтi алушының деректерiнде бар бұзушылықтармен байланысты авторизациялаудан бас тарту туралы хабарлама қалыптастыруы;

5) 3-процесс — көрсетiлетiн қызметтi алушының осы Регламентте көрсетiлген қызметтi таңдап алуы, қызмет көрсету үшiн сауал түрiн экранға шығару және құрылымдық пен форматтық талаптарын ескере отырып, сауал түрiне электрондық түрдегi стандарттың 9-тармағында көрсетiлген құжаттарды бекiтумен қызмет алушының үлгiлердi толтыруы (деректердi енгiзу), сондай-ақ сауалды куәландыру (қол қою) үшiн көрсетiлетiн қызметтi алушының ЭЦҚ тiркеу куәлiгiн таңдап алуы.

6) 2-шарт — Порталда ЭЦҚ тiркеу куәлiгiнiң қолданыс мерзiмiн және қайта шақыртып алынған (жойылған) тiркеу куәлiктерiнiң тiзiмiнде жоқ екендiгiн, сондай-ақ сәйкестендiру деректерiнiң (сауалда көрсетiлген ЖСН/БСН және ЭЦҚ тiркеу куәлiгiнде көрсетiлген ЖСН/БСН арасында) сәйкестiгiн тексеру;

7) 4-процесс — көрсетiлетiн қызметтi алушының ЭЦҚ төлтумалылығының расталмауына байланысты сұратып отырған қызметтен бас тарту туралы хабарлама қалыптастыру;

8) 5-процесс — көрсетiлетiн қызметтi берушiмен сұрау салуды өңдеу үшiн «электрондық үкiмет» өңiрлiк шлюздiң автоматтандырылған жұмыс орнында (бұдан әрi — ЭҮАШ АЖО) «электрондық үкiметi» шлюзi арқылы (бұдан әрi-ЭҮШ) көрсетiлетiн қызметтi алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған (қол қойылған) электрондық құжатты (көрсетiлетiн қызметтi алушы) жолдау;

9) 3-шарты — Стандартта көрсетiлген, көрсетiлетiн қызметтi алушымен қоса берiлген құжаттардың сәйкес келуiн және көрсетiлетiн қызметi үшiн негiздердiң сәйкес келуiн көрсетiлетiн қызметтi берушiмен тексеру;

10) 6-процесс — көрсетiлетiн қызметтi алушының құжаттарында бұзушылыұтардың бар болуына байланысты сұраныс салынған, көрсетiлетiн қызметтен бас тарту туралы хабарламаны құрастыру;

11) 7-процесс — Порталмен құрастырылған көрсетiлетiн қызметтiң нәтижесi (электрондық құжаттың нысанындағы ескерту) көрсетiлетiн қызметтi алушымен алынды. Көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң уәкiлеттi тұлғасының ЭЦҚ пайдаланумен бiрге электрондық құжат қалыптастырылады.

Портал арқылы мемлекеттiк қызмет көрсетуге тартылған ақпараттық жүйелердiң функционалдық өзара әрекет етуiнiң диаграммасы осы регламенттiң 1-қосымшасында көрсетiлген.

Мемлекеттiк қызмет көрсету процеciнде көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң құрылымдық бөлiмшелерi (қызметшiлерi) рәсiмдерiнiң (әрекеттерiнiң) кезеңдiлiгiн, сондай-ақ мемлекеттiк қызмет көрсету процесiнде ақпараттық жүйелердi пайдалану тәртiбiн нақтылы сипаттау осы регламенттiң 2-қосымшасына сәйкес мемлекеттiк қызмет көрсетудiң бизнес-процестерiнiң анықтамалығында көрсетiлдi.

Мақалың шыққан күні: 22.12.2016 15:03
Парақтағы соңғы өзгерістер: 22.12.2016 15:03

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

-A A +A