Сумен қамсыздандыру және су бұру жүйесін күтіп-ұстау және басқару

Ақмола облысы бойынша орталықтандырылған сумен қамсыздандыру жүйесiмен 367 (58,3%) елдi мекен қамтамасыз етiлген. Халықтың 81,5%-ы орталықтандырылған сумен қамсыздандырылған. Суды есептеу құралдарымен қамтамасыз етiлуi — 96%.

27 елдi мекен орталықтандырылған су бұру жүйесiмен қамтамасыз етiлген. Халықтың 31,1 %-ы орталықтандырылған су бұрумен қолданады.

Облыс бойынша қуаты тәулiгiне ұзындығы 5487 км 452 мың куб 367 су құбыры бар. Оларда 447 сусорғы станциясы, 36 тазарту салынымы бар. Негiзгi су тазарту салынымдары Көкшетау, Степногорск, Щучинск қалаларында. Оның iшiнде 30 елдi мекенде аралас блок-модульдер орнатылған.

Ұзындығы 954 км су құбыры тораптарында қуаты 500 мың куб 101 сусорғы станциясы, 41 тазарту салынымы бар. Негiзгi iрi биологиялық тазарту салынымдары Көкшетау, Степногорск, Щучинск, Қосшы, Ақмол қалаларында.

Облыс бойынша орталықтандырылған сумен қамсыздандыру және су бұру бойынша қызмет көрсететiн табиғи монополия субъектiсi ретiнде тiркелген 29 негiзгi кәсiпорын бар. Оның iшiнде 24 МКК. 70,6% қамтылған. Сумен қамсыздандыру объектiлерi бойынша қызмет көрсетумен қамтудың ең төмен көрсеткiшi Ақкөл, Бұланды, Сандықтау аудандарында.

Топтық су құбыры бар негiзгi сумен қамсыздандыру ұйымдары:

- «Ақмола су арнасы» МКК, Қорғалжын, Егiндiкөл аудандарының 25 елдi мекенiн Сабынды кен орнынан «Егiндiкөл су» және «Атбасар су» МКК арқылы қамсыздандырады.

- «Степногорск водоканал» МКК, Степногорск к.а. 6 елдi мекенiн Сiлетi су бөгетiнен қамсыздандырады.

Сондай-ақ «Ерейментау су арнасы» МКК. 3 елдi мекедi жерасты ауызсумен қамтамасыз етедi, 3 елдi мекенге жерүстi су көзiнен (Дамса ө.)су беретiн «Шортанды су» МКК және Жақсы Жаңғыз тау көлiнен Степногорск к.а. және Сандықтау ауданының 3 елдi мекенiн сумен қамсыздандыратын «Шантюбе энергокомплекс» ЖШС. Сергеевское су бөгенiнен Бурабай, Зерендi аудандарының 7 елдi мекенi мен Көкшетау қаласын (оның iшiнде «Көкшетау су арнасы», «Зерендi Сервис», «Бурабай Тазалық» и Бурабай су арнасы» арқылы) «Казсушар» РМК.

Сондай-ақ кәсiпорындар су көзi жоқ 28 елдi мекенге ауызсу тасымалдауды жүзеге асырады.

Кәсiпорындар 50 млн.куб су көтередi. Көтерiлген судың 70%-ы халықтың қажеттiлiгiне жұмсалады. Облыс халқының ауызсу қолдануы орта есеппен бiр адамға 55 литр.

2010 жылдан бастап кәсiпорындарда сараланған тариф енгiзiлдi. 2013 жылдан бастап көлем, тұтынушылар тобы бойынша тариф қолданылады. Көкшетау, Степногорск қалаларында орташа тариф 101,8-126,98 теңге, су бұру — 51,27-89,8 тенге/м3. Кiшiгiрiм қалаларда 127,0-200,0, су бұру — 35,77-135,4 теңге/м3 (бюджеттен субсидтендiру есебiнен 109 елдi мекенде тариф 40 теңге/куб.)

1223 (24%) км сумен қамсыздандыру және 232 (24%) км су бұру ауыстыруды қажет етедi. Сумен қамсыздандыру тораптарының тозуы 48%, канализация 37%. 360-тан аса апат жойылды.

Жалпы облыс бойынша 2016 жылы елдi мекендерде 48,1 км сумен қамсыздандыру және су бұру жүйесi жаңғыртылды, оның iшiнде басқарма бойынша 26 км торап жөнделдi.

Iске асырылған жобалар:

Есiл ауданы Юбилейное селосының су құбыры тораптарын күрделi жөндеу. Сметалық құны 104,1 млн. теңге. Облыстық бюджеттен 80,8 млн. теңге бөлiндi. 8 км торап жөнделдi. Объект 21.11.2016 жылы пайдалануға берiлдi.

Бестөбе кентiн сумен қамсыздандыру жүйесiн реконструкциялау бойынша жоба аяқталды. 20.07.2016 жылы пайдалануға берiлдi.

Стерногорск қаласында сумен қамсыздандыру және су бұру жүйесiн реконструкциялау (2-кезек). Республикалық бюджеттен объектiнi аяқтауға 172,9 млн. теңге бөлiндi. 13 км сумен қамсыздандыру және 9 км су бұру торабы жаңғыртылды. Объект 9.12.16 жылы пайдалануға берiлдi.

Степногорск қаласының өндiрiстiк аймағын сумен қамсыздандыру жүйесiн реконструкциялау. Облыстық бюджеттi нақтылау кезiнде жобаны түзетуге азайтуға және объектiнi пайдалануға беруге 15 млн.теңге бөлiндi. 25 км торап жаңғыртылды. Объект 28.12.16жылы пайдалануға берiлдi.

Бурабай кентi су бұру торабын реконструкциялау, екiншi кезек. Облыстық бюджеттi нақтылау кезiнде 37,4 млн. теңге бөлiндi. 7,8 км торап салынды және 16 КНС салынды. Объект комиссияның 29.01.2016 жылғы актiсiмен пайдалануға қабылданды.

Мақалың шыққан күні: 17.01.2017 17:14
Парақтағы соңғы өзгерістер: 17.01.2017 17:14

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

-A A +A