Юрченко Иван Иванович

1980 жылы 1 ақпанда туған.

Қазақстан инженерлiк-экономикалық университетiн техникалық-құқықтық сараптама мамандығы бойынша бiтiрген, инженер-сарапшы.

2007-2009 жылдары Алматы қаласы Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық департаментiнiң бас маманы, кейiн Алматы қаласы Түрксiб ауданы әкiмiнiң көмекшiсi болып жұмыс iстедi.

Әр жылдары Қостанай Жылу энергетикалық компаниясының абоненттiк қызметiнiң бастығы, Алматы жылу желiлерiнiң инженерi болды.

2012-2013 жылдары Қостанай облысы Ұзынкөл ауданының ТКШ, жолаушылар көлiгi және автомобиль жолдары бөлiмiн басқарды.

2013-2016 жылдары Мәскеу қаласында Еуразиялық экономикалық комиссияда жұмыс iстедi.

Ақмола облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы болып тағайындалғанға дейiн 2016 жылдың желтоқсан айынан бастап Көкшетау қаласы әкiмiнiң орынбасары қызметiн атқарды.

Мақалың шыққан күні: 22.12.2016 11:48
Парақтағы соңғы өзгерістер: 20.08.2019 12:00

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

  

-A A +A