«110 кВ және одан төмен, 220 кВ және одан жоғары объектілер үшін қайталанатын (шунтталатын) электр беру желілері мен қосалқы станцияларды салудың техникалық орындылығы туралы қорытынды беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

1. «110 кВ және одан төмен, 220 кВ және одан жоғары объектiлер үшiн қайталанатын (шунтталатын) электр беру желiлерi мен қосалқы станцияларды салудың техникалық орындылығы туралы қорытынды беру» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет (бұдан әрi — мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет) тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласындағы қызметтi жүзеге асыратын аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергiлiктi атқарушы органдарымен (бұдан әрi — көрсетiлетiн қызметтi берушi) көрсетiлдi.

Өтiнiштердi қабылдау және мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет нәтижелерiн беру:

көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң кеңсесi;

«электрондық үкiметтiң» www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрi -Портал) арқылы жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiң нысаны — электрондық (iшiнара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрiнде.

3. Мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижесi-110 кВ және одан төмен, 220 кВ және одан жоғары объектiлер үшiн қайталанатын (шунтталатын) электр беру желiлерi мен қосалқы станцияларды салудың техникалық орындылығы туралы қорытынды беру.

Мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижесiн ұсыну нысаны электрондық (қағаз) түрде.

Мемлекеттiк қызмет көрсету процесiнде көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң құрылымдық бөлiмшесiнiң (қызметшiлерiнiң) iс-әрекетi тәртiбiнiң сипаттамасы

4. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтi алу үшiн көрсетiлетiн қызметтi алушы Қазақстан Республикасы Энергетика министрiнiң 2015 жылғы 14 сәуiрдегi № 281 бұйрығымен бекiтiлген «110 кВ және одан төмен, 220 кВ және одан жоғары объектiлер үшiн қайталанатын (шунтталатын) электр беру желiлерi мен қосалқы станцияларды салудың техникалық орындылығы туралы қорытынды беру» мемлекеттiк көретiлетiн қызмет стандартының (бұдан әрi Стандарт) 9-тармағында көрсетiлген құжаттарды ұсынады.

5. Мемлекеттiк қызмет көрсету процесiнiң құрамына кiретiн әрбiр рәсiмнiң (iс-қимылдың) мазмұны, оны орындаудың ұзақтығы:

1) кеңсенiң қызметкерi құжаттарды қабылдауды, оларды рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттiк ақпараттық жүйесiнде (бұдан әрi — «Е-лицензиялау» МДБ) тiркеудi жүзеге асырады — 15 минут;

2) басшысы құжаттармен танысады, орындаушының жауапкершiлiгiн анықтайды — 1 күнтiзбелiк күн;

3) жауапты орындаушы көрсетiлетiн қызметтi алушының ұсынылған құжаттарының толықтығын қарайды. Ұсынылған құжаттардың толық болмау фактiсi анықталған жағдайда, өтiнiштi одан әрi қараудан бас тарту туралы дәлелдi жауап дайындайды — 2 жұмыс күнi;

4) жауапты орындаушы құжаттардың толық пакетi болған жағдайда құжаттарды қарайды, қорытындының жобасын дайындайды және басшыға қол қоюға жолдайды — 23 күнтiзбелiк күн;

5) басшы қорытындыға қол қояды — 1 күнтiзбелiк күн;

6) жауапты орындаушы көрсетiлген қызметтi алушыға қорытындыны бередi — 20 минут.

6. Келесi рәсiмдi (iс-қимылды) орындауды бастау үшiн негiз болатын мемлекеттiк қызметтi көрсету бойынша рәсiмдердiң (iс-қимылдың) нәтижесi:

1) өтiнiштi қабылдау және тiркеу;

2) орындаушының жауапкершiлiгiн анықтау;

3) өтiнiштi одан әрi қараудан дәлелдi бас тарту;

4) қорытындының жобасын дайындау;

5) қорытындыға қол қою;

6) қорытындыны беру.

Мемлекеттiк қызмет көрсету процесiнде көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң (қызметкерлерiнiң) өзара iс-қимыл тәртiбiн сипаттау

7. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет процесiне қатысатын көсетiлетiн қызметтi берушiнiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң (қызметкерлерiнiң) тiзбесi:

1) кеңсенiң қызметкерi;

2) басшы;

3) жауапты орындаушы.

8. Әрбiр рәсiмнiң (iс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, құрылымдық бөлiмшелер (қызметкерлер) арасындағы рәсiмдердiң (iс-қимылдардың) кезеңдiлiгiн сипаттау:

1) кеңсенiң қызметкерi құжаттарды қабылдауды, оларды рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттiк ақпараттық жүйесiнде (бұдан әрi — «Е-лицензиялау» МДБ) тiркеудi жүзеге асырады — 15 минут;

2) басшысы құжаттармен танысады, орындаушының жауапкершiлiгiн анықтайды — 1 күнтiзбелiк күн;

3) жауапты орындаушы көрсетiлетiн қызметтi алушының ұсынылған құжаттарын толықтығын қарайды. Ұсынылған құжаттардың толық болмау фактiсi анықталған жағдайда, өтiнiштi одан әрi қараудан бас тарту туралы жазбаша дәлелдi дайындайды — 2 жұмыс күнi;

4) жауапты орындаушы толық құжаттардың пакетi болған жағдайда құжаттарды қарайды, қорытындының жобасын дайындайды және басшыға қол қоюға жолдайды — 23 күнтiзбелiк күн;

5) басшықорытындыға қол қояды — 1 күнтiзбелiк күн;

6) жауапты орындаушы көрсетiлген қызметтi алушыға қорытындыны бередi — 20 минут.

Мемлекеттiк қызмет көрсету процесiнде ақпараттық жүйелердi пайдалану тәртiбiн сипаттау

9. Портал арқылы мемлекеттiк қызмет көрсеткен кезде көрсетiлетiн қызметтi берушi мен көрсетiлетiн қызметтi алушы арасындағы рәсiмдерiнiң (әрекеттерiнiң) кезеңдiлiгiн және өтiнiш бiлдiру тәртiбiн сипаттау:

Көрсетiлетiн қызметтi алушының компьютерiндегi интернет-браузерiнде сақталатын, көрсетiлетiн қызметтi алушының электронды сандық қолы қойылған (бұдан әрi — ЭСҚ) өзiнiң тiркелген куәлiгiнiң көмегiмен Порталда тiркеудi жүзеге асырады (Порталдағы тiркелмеген көрсетiлетiн қызметтi алушылар үшiн жүзеге асады);

1-үдерiс — ЭСҚ тiркелген куәлiгi бар көрсетiлетiн қызметтi алушының компьютерiндегi интернет-браузерiнде бекiтiлген, мемлекеттiк қызметтi алу үшiн Порталда көрсетiлетiн қызметтi алушыны енгiзу үрдiсi пароль қойылған. 1-жағдай — жеке сәйкестендiру нөмiрiнiң логинi және бизнес-сәйкестендiру нөмiрi (бұдан әрi — ЖСН/БСН) мен паролi арқылы көрсетiлетiн қызметтi алушының тiркелгенi туралы нақтылы деректердi Порталда тексеру;

2-үдерiс — көрсетiлетiн қызметтi алушының деректерiнде тәртiп бұзушылықтардың болуына байланысты авторизациядан бас тарту туралы хабарламаны Порталда орналастыру;

3-үдерiс — аталған Регламентте көрсетiлген көрсетiлетiн қызметтi алушының қызметiн таңдау, электронды түрдегi қажеттi құжаттарды сұрау түрiне бекiтiлген, форматты талаптар мен оның құрылымын ескере отырып, көрсетiлетiн қызметтi алушының нысандарын (деректерiн) толтыру, Стандарттың 9-тармағында көрсетiлген электронды түрдегi құжаттардың қажеттi көшiрмелерiн сұрау түрiнде бекiтiлген, сондай-ақ куәлiктi (қол қоюды) сұрау үшiн ЖСҚ — көрсетiлетiн қызметтi алушымен тiркеу куәлiгiн таңдау. 2-жағдай — ЭСҚ тiркелген куәлiгiнiң мерзiмiн және керi қайтарылған тiркелген куәлiктердiң тiзiмде болмауын, сондай-ақ жасалған сұрауда көрсетiлген ЖСН/БСН арасындағы идентификациялық сәйкестiктi, ЭСҚ тiркелген куәлiгiнде көрсетiлген ЖСН/БСН Порталда тексеру;

4-үдерiс — жасалған сұрауды куәландыру үшiн ЭСҚ тiркелген куәлiгiн көрсетiлетiн қызметтi алушымен таңдау;

5-үдерiс — көрсетiлетiн қызметтi алушының ЭСҚ тұпнұсқасының құпталмауына байланысты сұраныс жасалған қызметтен бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру; 3-жағдай — көрсетiлетiн қызметтi алушымен ұсынылған құжаттардың толықтығына сәйкестiгiн және рұқсат беру үшiн негiздеменi көрсетiлетiн қызметтi берушiмен тексеру;

6-үдерiс — қызмет көрсетуге жасалған сұранысқа (енгiзiлген деректерге) ЭСҚ көрсетiлетiн қызметтi алушымен толтырылған нысанды тiкелей куәландыру (қол қойғызу);

7-үдерiс — «Е-лицензиялау» МДБ АЖ электронды құжаттарды тiркеу (көрсетiлетiн қызметтi алушының сұрауы) және «Е-лицензиялау» МДБ АЖ жасалған сұрауды қайта өңдеу;

8-үдерiс — «Е-лицензиялау» МДБ АЖ көрсетiлетiн қызметтi алушының деректерiнде бұзушылықтардың болуына байланысты сұраныс жасалған қызметтен бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру.

Портал арқылы көрсетiлген мемлекеттiк қызметке қатысы бар функционалды өзара әрекеттегi ақпараттық жүйе диаграммасы осы регламенттiң 1-қосымшасында көрсетiлген.

Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет көрсету үрдiсiнде өзара әрекеттескен құрылымдық бөлiмшелердегi көрсетiлетiн қызметтi берушiлер (жұмысшылар), кезектескен үдерiстiң толық жазбасын, сондай-ақ мемлекеттiк қызмет көрсету үдерiсiндегi ақпараттық жүйелердi пайдалану тәртiбiнде және халыққа қызмет көрсету орталығымен және (немесе) басқа да көрсетiлетiн қызметты берушiлермен өзара әрекеттесу тәртiбiнiң жазбасы осы регламенттiң 2-қосымшасына сәйкес мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет көрсетудiң бизнес-үдерiс анықтамасында көрсетiлген.

Мақалың шыққан күні: 22.12.2016 15:00
Парақтағы соңғы өзгерістер: 22.12.2016 15:00

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

-A A +A