«Мемлекеттік кәсіпорынның немесе мемлекеттік мекеменің тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаж азаматтарға тұрақты пайдалануында коммуналдық тұрғын үй қорынан берілген тұрғын үйдің немесе жергілікті атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалдаған тұрғын үйдің болуы (болмауы) туралы анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

Ақмола облысы әкiмдiгiнiң

2015 жылғы 04 маусымдағы

№ А-6/255

қаулысымен бекiтiлдi

«Мемлекеттiк кәсiпорынның немесе мемлекеттiк мекеменiң тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаж азаматтарға тұрақты пайдалануында коммуналдық тұрғын үй қорынан берiлген тұрғын үйдiң немесе жергiлiктi атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалдаған тұрғын үйдiң болуы (болмауы) туралы анықтама беру» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет регламентi

1. Жалпы ережелер

1.​ «Мемлекеттiк кәсiпорынның немесе мемлекеттiк мекеменiң тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаж азаматтарға тұрақты пайдалануында коммуналдық тұрғын үй қорынан берiлген тұрғын үйдiң немесе жергiлiктi атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалдаған тұрғын үйдiң болуы (болмауы) туралы анықтама беру» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет (бұдан әрi — мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет) Ақмола облысы аудандарының, Көкшетау және Степногорск қалаларының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлiгi және автомобиль жолдары бөлiмдермен (бұдан әрi — көрсетiлетiн қызметтi берушi) көрсетiледi.

2.​ Мемлекеттiк қызмет көрсетудiң нысаны: қағаз түрiнде.

3. Мемлекеттiк қызмет көрсетудiң нәтижесi: мемлекеттiк кәсiпорынның немесе мемлекеттiк мекеменiң тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаж азаматтарға тұрақты пайдалануында коммуналдық тұрғын үй қорынан берiлген тұрғын үйдiң немесе жергiлiктi атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалдаған тұрғын үйдiң болуы (болмауы) туралы анықтама беру.

Мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижесiн беру нысаны: қағаз түрiнде.

2. Мемлекеттiк қызмет көрсету процесiндегi көрсетiлетiн қызметтi берушi қызметкерлерiнiң әрекет ету тәртiбiн сипаттау

4. Көрсетiлетiн қызметтi алу үшiн көрсетiлетiн қызметтi алушы Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрiнiң 2015 жылғы 9 сәуiрдегi №319 қаулысымен бекiтiлген «Мемлекеттiк кәсiпорынның немесе мемлекеттiк мекеменiң тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаж азаматтарға тұрақты пайдалануында коммуналдық тұрғын үй қорынан берiлген тұрғын үйдiң немесе жергiлiктi атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалдаған тұрғын үйдiң болуы (болмауы) туралы анықтама беру» стандартының 9-тармағында көрсетiлген құжаттарды ұсынады.

5. Мемлекеттiк қызмет көрсету процесiнiң құрамына кiретiн әрбiр рәсiмнiң (iс-қимылдың) мазмұны, оның орындалу ұзақтығы:

1) көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң кеңсесi құжаттарды толықтыруды, құжаттарды қабылдауды, оларды тiркеудi iске асырады және құжаттарды бұрыштама қою үшiн басшыға жолдайды — 20 минут. Нәтижесi — құжаттарды бұрыштама қою үшiн басшыға жолдау;

2) көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң басшысы хат-хабармен танысады — 1 жұмыс күн. Нәтижесi — көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң жауапты орындаушысын белгiлеу;

3) жауапты орындаушы көрсетiлетiн қызметтi алушыда және оның отбасы құрамының мүшелерiнде тұрақты пайдалануында коммуналдық тұрғын үй қорынан берiлген тұрғын үйдiң немесе жергiлiктi атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалдаған тұрғын үйдiң болуына (болмауына) тексерудi жүзеге асырады — 6 жұмыс күн. Нәтижесi — тұрақты пайдалануында коммуналдық тұрғын үй қорынан берiлген тұрғын үйдiң немесе жергiлiктi атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалдаған тұрғын үйдiң болуы (болмауы) туралы анықтаманы басшыға қол қоюға жолдау;

4) көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң басшысы анықтамаға қол қояды — 1 жұмыс күн. Нәтижесi — анықтамаға қол қою.

5) көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң кеңсесi анықтаманы тiркеудi жүзеге асырады — 15 минут. Нәтижесi — көрсетiлетiн қызметтi алушыға анықтама беру.

3. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет процесiнде көрсетiлетiн қызметтi берушi қызметкерлерiнiң өзара әрекет ету тәртiбiнiң сипаттамасы

6. Мемлекеттiк қызмет көрсету процесiне қатысатын көрсетiлетiн қызметтi берушi қызметкерлерiнiң тiзбесi:

1) көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң кеңсесi;

2) көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң басшысы;

3) жауапты орындаушы;

7. Әрбiр рәсiмнiң (әрекеттiң) ұзақтылығын көрсете отырып, қызметкерлердiң арасындағы ресiмдердiң (әрекеттердiң) кезеңдiлiгiн сипаттау:

1) көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң кеңсесi, бұрыштама қою үшiн құжаттарды басшыға жолдайды — 20 минут;

2) көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң басшысы бұрыштама қояды, құжаттарды жауапты орындаушыға жiбередi — 1 жұмыс күн;

3) жауапты орындаушы көрсетiлетiн қызметтi алушыда және оның отбасы құрамының мүшелерiнде тұрақты пайдалануында коммуналдық тұрғын үй қорынан берiлген тұрғын үйдiң немесе жергiлiктi атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалдаған тұрғын үйдiң болуына (болмауына) тексерудi жүзеге асырады — 7 жұмыс күн;

4) көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң басшысы анықтамаға қол қояды — 1 жұмыс күн;

5) көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң кеңсесi анықтаманы тiркеуi жүзеге асырады — 15 минут

Рәсiмдердiң (әрекеттердiң), мемлекеттiк қызмет көрсету процесiнде көрсетiлетiн қызметi берушi қызметтерлерiнiң өзара әрекет етуiнiң нақтылы сипаттамасы, осы регламентiнiң қосымшасына сәйкес мемлекеттiк қызмет көрсетудiң бизнес-процестерi анықтамалырында көрсетiлген.

«Мемлекеттiк кәсiпорынның немесе мемлекеттiк мекеменiң тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаж азаматтарға тұрақты пайдалануында коммуналдық тұрғын үй қорынан берiлген тұрғын үйдiң немесе жергiлiктi атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалдаған тұрғын үйдiң болуы (болмауы) туралы анықтама беру» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiң регламентiне қосымша

«Мемлекеттiк кәсiпорынның немесе мемлекеттiк мекеменiң тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаж азаматтарға тұрақты пайдалануында коммуналдық тұрғын үй қорынан берiлген тұрғын үйдiң немесе жергiлiктi атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалдаған тұрғын үйдiң болуы (болмауы) туралы анықтама беру» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет көрсету бизнес-процестерiнiң анықтамалығы

мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет көрсету процесi (жұмыстың барысы, ағыны)

Көрсетiлетiн қызметтi алушы

ҚФБ 1-топ

ҚФБ 2-топ

ҚФБ 3-топ

көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң кеңсесi құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхаты берудi жүзеге асырады

жоқ

көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң кеңсесi анықтаманы тiркеудi жүзеге асырады — 15 минут

*ҚФБ- құрылымдық-функционалдық бiрлiк: көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң қызметкерлерiнiң өзара әрекет етуi;

- мемлекеттiк қызметтi көрсетудiң басталуы немесе аяқталуы;

- көрсетiлетiн қызметтi алушының және (немесе) ҚФБ рәсiмiнiң (әрекетiнiң) атауы;

- келесi рәсiмге (әрекетке) ауысу.

Мақалың шыққан күні: 22.12.2016 14:54
Парақтағы соңғы өзгерістер: 22.12.2016 14:54

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

-A A +A