«Жалғыз тұрғын үйі авариялық деп танылған азаматтарға анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

Ақмола облысы әкiмдiгiнiң
2019 жылғы 19 тамыздағы
№ А-8/392 қаулысымен
бекiтiлген

«Жалғыз тұрғын үйi авариялық деп танылған азаматтарға
анықтама беру» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет регламентi

1. Жалпы ережелер

1. «Жалғыз тұрғын үйi авариялық деп танылған азаматтарға анықтама беру» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет (бұдан әрi — мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет) аудандардың, Көкшетау және Степногорск қалаларының тұрғын үй қатынастары саласындағы функцияларды жүзеге асыратын жергiлiктi атқарушы органдардың құрылымдық бөлiмшелерiмен (бұдан әрi — көрсетiлетiн қызметтi берушi) көрсетiледi.

Құжаттарды қабылдау және мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижелерiн беру көрсетiлетiн қызметтi берушi арқылы жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттiк қызмет көрсетудiң нысаны: қағаз түрiнде.

3. Мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижесi — Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрiнiң 2018 жылғы 26 желтоқсандағы № 917 бұйрығымен бекiтiлген (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 18149 болып тiркелген) «Жалғыз тұрғын үйi авариялық деп танылған азаматтарға анықтама беру» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартының (бұдан әрi — Стандарт) 1-қосымшасына сәйкес тұрғын үйдi авариялық деп тану туралы анықтама не Стандарттың 10-тармағына сәйкес мемлекеттiк қызметтi көрсетуден бас тарту туралы дәлелдi жауап беру.

Мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижесiн ұсыну нысаны — қағаз түрiнде.

2. Мемлекеттiк қызмет көрсету процесiнде көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң (қызметкерлерiнiң) өзара iс-қимыл тәртiбiнiң сипаттамасы

4. Көрсетiлетiн қызметтi алушының Стандарттың 9-тармағына сәйкес көрсетiлетiн қызметтi берушiге құжаттар топтамасымен жүгiнуi, мемлекеттiк қызмет көрсету бойынша рәсiмдi (iс-қимылды) бастау үшiн негiз болып табылады.

5. Мемлекеттiк қызмет көрсету процесiнiң құрамына кiретiн әрбiр рәсiмнiң (iс-қимылдың) мазмұны, оның орындалу ұзақтығы:

1) көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң кеңсе қызметкерi құжаттарды қабылдайды, тiркейдi және жауапты орындаушыны анықтау үшiн басшыға жолдайды — 20 минут;

2) көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң басшысы жауапты орындаушыны аңықтайды — 20 минут;

3) көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң жауапты орындаушысы келiп түскен құжаттарды қарайды, тұрғын үйдi авариялық деп тану туралы шешiм жобасын не мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтi көрсетуден бас тарту туралы дәлелдi жауап рәсiмдейдi — 2 жұмыс күнi;

4) аудан (облыстық маңызы бар қала) әкiмi тұрғын үйдi авариялық деп тану туралы шешiмге қол қояды — 1 жұмыс күнi;

5) көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң жауапты орындаушысы тұрғын үйдi авариялық деп тану туралы анықтаманы рәсiмдейдi — 2 сағат;

6) аудан (облыстық маңызы бар қала) әкiмi (әкiмнiң орынбасары) тұрғын үйдi авариялық деп тану туралы анықтамаға қол қояды — 1 жұмыс күнi;

7) көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң кеңсе қызметкерi көрсетiлетiн қызметтi алушыға мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижесiн бередi — 20 минут.

6. Келесi рәсiмдi (iс-қимылды) орындауды бастау үшiн негiз болатын мемлекеттiк қызметтi көрсету бойынша рәсiмнiң (iс-қимылдың) нәтижесi:

1) құжаттар топтамасын қабылдау, тiркеу және жiберу;

2) жауапты орындаушыны анықтау;

3) тұрғын үйдi авариялық деп тану туралы шешiм не мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтi көрсетуден бас тарту туралы дәлелдi жауап;

4) тұрғын үйдi авариялық деп тану туралы қол қойылған шешiм;

5) тұрғын үйдi авариялық деп тану туралы анықтама;

6) тұрғын үйдi авариялық деп тану туралы қол қойылған анықтама;

7) мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижесiн беру.

3. Мемлекеттiк қызмет көрсету процесiнде көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң (қызметкерлерiнiң) өзара iс-қимыл тәртiбiнiң сипаттамасы

7. Мемлекеттiк қызмет көрсету процесiне қатысатын көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң (қызметкерлерiнiң) тiзбесi:

1) көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң кеңсе қызметкерi;

2) көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң басшысы;

3) көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң жауапты орындаушысы;

4) аудан (облыстық маңызы бар қала) әкiмi (әкiмiнiң орынбасары).

8. Әрбiр рәсiмнiң (iс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, құрылымдық бөлiмшелер (қызметкерлер) арасындағы рәсiмдер (iс-қимылдар) кезеңдiлiгiнiң сипаттамасы:

1) көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң кеңсе қызметкерi құжаттарды қабылдайды, тiркейдi және жауапты орындаушыны анықтау үшiн басшыға жолдайды — 20 минут;

2) көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң басшысы жауапты орындаушыны аңықтайды — 20 минут;

3) көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң жауапты орындаушысы келiп түскен құжаттарды қарайды, тұрғын үйдi авариялық деп тану туралы шешiм жобасын не мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтi көрсетуден бас тарту туралы дәлелдi жауап рәсiмдейдi — 2 жұмыс күнi;

4) аудан (облыстық маңызы бар қала) әкiмi тұрғын үйдi авариялық деп тану туралы шешiмге қол қояды — 1 жұмыс күнi;

5) көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң жауапты орындаушысы тұрғын үйдi авариялық деп тану туралы анықтаманы рәсiмдейдi — 2 сағат;

6) аудан (облыстық маңызы бар қала) әкiмi (әкiмнiң орынбасары) тұрғын үйдi авариялық деп тану туралы анықтамаға қол қояды — 1 жұмыс күнi;

7) көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң кеңсе қызметкерi көрсетiлетiн қызметтi алушыға мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижесiн бередi — 20 минут.

Мемлекеттiк қызмет көрсету процесiнде көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң (қызметкерлерiнiң) өзара iс-қимылының, рәсiмдер (iс-қимылдар) кезеңдiлiгiнiң толық сипаттамасы осы регламенттiң қосымшасына сәйкес мемлекеттiк қызмет көрсетудiң бизнес-процестерiнiң анықтамалығында көрсетiледi.

Жүктеу (DOCX 52 Kb)

Мақалың шыққан күні: 28.08.2019 14:06
Парақтағы соңғы өзгерістер: 28.08.2019 14:06

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

 

-A A +A