Ақмола облысының жаңартылатын энергия көздерін дамыту

Жаңартылатын энергия көздерiн жобалар бойынша ақпарат

Ақмола облысында Ерейментау ауданыңда Индустриализациялау картасының аясында қуаты 45 МВт жел электр станциясы пайдалануға берiлдi. 2015 жылы электр энергиясының өнiмдiлiгi 78,9 млн. кВтч («Первая ветровая электрическая станция» ЖШС), 2016 жылы — 141,6млн. кВтч (облыста өндiрiлген электр энергиясының жалпы көлемiнiң 17%-ы) құрады, 2017 жылы 166,4 млн.кВтч өндiрiлдi. 2018 жыл бойынша 151,8 млн.кВтч өндiрiлдi.

Целиноград ауданы Родина ауылында 2013 жылы қуаты 750 кВтч жел электр қондырғысы (NEG MICON NM 750 типтi) iске қосылды. Электр өндiрiсi 2015 жылы 1,4 млн. кВтч, 2016 — 1,3 млн.кВтч, 2017 жылы 1,27 млн.кВтч құрады («Агрофирма Родина» ЖШС). 2018 жыл бойынша 1,26 млн. КВт/сағ құрылды.

Ақмола облысында жаңартылатын энергия көздерiн қолданатын келесi жобаларды iске асыру жоспарлануда.

1)«ЦАТЭК Green Energy» ЖШС Аршалы ауданында қуаты 100МВт жел электр станциясының құрылысы бойынша жобаны iске асыруды жоспарлауда (жер телiмi бөлiндi).

2) «КВEnterprises» ЖШС халықаралық компаниясы Целиноград ауданында Қабанбай батыр ауылдық округiнiң шегiнде қуаты 120МВт күн электр станциясының құрылысын жоспарлауда. (300 га жер телiмi бөлiндi).

3) «Ereimentau Wind Power» ЖШС қуаттылығы 50 МВт (екiншi кезең) «Ерейментау ауданында жел электр станциясының (ЖЭС) құрылысы» (Жобаның тұжырымдамасы қуаттылығы 3,5 МВт болатын 15 жел турбинасының құрылысын қарастырады, қазiргi уақытта 2012 жылы әзiрленген техникалық-экономикалық негiздеменi түзету жүргiзiлуде). Жоспарланған iске асыру мерзiмi — 2021 жыл.

4) «ВетроИнвестКокшетау» ЖШС Көкшетау қ., Красный Яр а . қуттылығы 3,75 МВт болатын жел электр станциясының құрылысы жүргiзiлуде. Жобаны 2019 жылы аяқтау жоспарлануда.

5) «Golden Energy Corp» ЖШС — Ерейментау ауданының Тайбай ауылдық округiнде қуаттылығы 25 МВт болатын жел электр станциясының құрылысы. Құрылыс мерзiмi 2019-2020 жж.

6) «Шоқпар жел электр станциясы» ЖШС «Аршалы ауданының Волгодоновка ауылында 50 МВт ЖЭС құрылысы» жобасын жүзеге асыр жоспарлануда. Жердi сатып алу бойынша жұмыстар басталды. Өлшеу үшiн анемометриялық мұнара орнату жоспарлануда. Жобаны iске асыру мерзiмi — 2023 жыл.

7) «Жел Электрик» ЖШС «Зерендi ауданының Еленовка ауылында 100 МВт-ты ЖЭС құрылысы» жобасын жүзеге асыру жоспарлануда. Жердi сатып алу бойынша жұмыстар басталды. Өлшеу үшiн анемометриялық мұнара орнату жоспарлануда. Жобаны iске асыру мерзiмi — 2023 жыл.

Аймақтың энергетикалық компанияларының бос қуаттарының болуы туралы ақпарат келесi сiлтемелерден алуға болады:

http://kokshetau.akmo.gov.kz/page/read/Informaciya_po_svobodnym_mocshnostyam_i_tochkam_podklyucheniya_k_teplovym_setyam.html?lang=kz

http://www.kokshetau-energo.kz/index.php?id=64

http://www.arek.kz/ru/potrebitelyam/informaciya-o-zagruzke-podstancij.html

Мақалың шыққан күні: 02.03.2017 15:11
Парақтағы соңғы өзгерістер: 08.01.2019 16:14

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

 

 

-A A +A