2019-2020 жылу беру маусымының өтуі бойынша

(14.01.2020 ж.жағдайы бойынша)

Облыста жылу беру маусымы қалыпты режимде өтуде. Жылу көздерiнде ақаулар мен технологиялық бұзушылықтарға жол берiлген жоқ. Жөндеу және отын сатып алуға облыстық бюджеттен 6,8 млрд. теңге бөлiндi.

Көмiр сатып алуға шарттар жасалды, бүгiнгi таңда 604 мың тонна жеткiзiлдi (730 мың тонна маусымдық қажеттiлiктен 83%).

Жылу беру маусымына халық үшiн қажеттiлiк — 662 мың тонна, көмiр толық көлемде жеткiзiлдi. Көмiрдiң облыс бойынша орташа бағасы 12 830 теңгенi құрайды. Көмiр дайындау және өткiзу пункттерiнде толқу байқалмайды.

Энергетика министрлiгiмен мазут жеткiзу кестесi бекiтiлдi. Коммуналдық мекемелермен шарттар 20 қыркүйекте жасалды («Қазмұнайгаз» акционерлiк қоғамымен, Павлодар мұнай-химия зауытымен).

Бүгiнгi таңда 21,5 мың тонна мазут тиелдi (Бурабай ауданына — 14,9 мың тонна, Бұланды ауданына — 2,8 мың тонна, Көкшетау қ. — 3,7 мың тонна), жеткiзу жалғасуда.

Мәселе күнделiктi бақылауда.

Мақалың шыққан күні: 17.01.2020 10:36
Парақтағы соңғы өзгерістер: 17.01.2020 10:36

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

  

-A A +A