Коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын есептеудің қағидалары

Ақмола облысы
әкiмдiгiнiң
2015 жылғы 01 шiлдедегi
№ А-7/313
қаулысымен бекiтiлдi

Коммуналдық қалдықтардың түзiлу және жинақталу нормаларын
есептеудiң қағидалары

1. Жалпы ережелер

1. Осы Ақмола облысында коммуналдық қалдықтардың түзiлу және жинақталу нормаларын есептеудiң қағидалары (бұдан әрi — Қағидалар) Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексiнiң 20-бабындағы 17-3) тармақшасына сәйкес әзiрлендi және коммуналдық қалдықтардың түзiлу және жинақталу нормаларын есептеудiң тәртiбiн анықтайды.

2. Коммуналдық қалдықтарға тұрмыстық қатты қалдықтар және елдi мекендерде, оның iшiнде адамның тiршiлiк әрекетi нәтижесiнде түзiлген тұтыну қалдықтары, сондай-ақ құрамы мен түзiлу сипаты жағынан осыларға ұқсас өндiрiс қалдықтары жатады.

2. Коммуналдық қалдықтардың түзiлу және жинақталу нормаларын
есептеу тәртiбi

3. Коммуналдық қалдықтардың түзiлу және жинақталу нормалары тұрғын үй қорының барлық объектiлерi, тұрғын емес үй-жайлар үшiн жеке-жеке белгiленедi.

4. Коммуналдық қалдықтардың түзiлу және жинақталу нормалары осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес тұрғын үй қорының барлық объектiлерi үшiн және тұрғын емес үй-жайлар бойынша анықталады.

5. Коммуналдық қалдықтардың түзiлу және жинақталу нормалары кейiннен есептiк бiрлiкке жинақталу көлемiн кейiн есептей отырып, заттай өлшеу жүргiзу жолымен анықталады.

6. Заттай өлшеу жүргiзу үшiн жайлылық деңгейi әртүрлi екi үлгiдегi тұрғын үй қорының объектiлерi бөлiнедi:

1) су құбыры, кәрiз, газбен қамсыздандыру, орталықтан жылыту, қоқыс құбыры бар жайлы тұрғын үй;

2) пешпен жылытылатын, су құбыры мен кәрiзi жоқ жайлы емес тұрғын үй.

7. Тұрғындар тарапынан түзiлетiн коммуналдық қалдықтардың түзелу және жинақталу нормаларын анықтау үшiн тұрғылықты халықтың саны 300 мың адамға дейiнгi қалаларда және аудандарда учаскелер жайлылықтың әрбiр түрi бойынша тұрғындардың жалпы санының 2%-ын бөлiп алынады.

8. Таңдап алынған объектiлерде өлшеу жүргiзу алдында жергiлiктi атқарушы органдар коммуналдық қалдықтарды жинау мен шығаруды жүзеге асыратын ұйымдармен бiрлесiп, осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысандар бойынша тұрғын қоры мен тұрғын емес үй-жайлардың коммуналдық паспортын жасайды.

9. Түзiлген және жинақталған коммуналдық қалдықтардың массасы мен көлемiн анықтау үшiн өлшеу сызғышы мен салмақ өлшеу жабдығы пайдаланылады.

10. Өлшеудi бастамас бұрын контейнердегi қалдықтар тегiстеледi және өлшеу сызғышының көмегiмен қалдықтың көлемi анықталады.

11. Жинақталған қалдықтардың массасы толған контейнерлердi өлшеу жолымен және кейiн бос контейнердiң массасын алып тастау арқылы анықталады.

12. Егер бiр учаскеде түзiлген және жинақталған қалдықтардың жалпы көлемi арнайы техниканың (қоқыс тасығыштың) шанағын толтырған және басқа учаскелерден қоқысты тиеу мүмкiн болмаған жағдайда, қалдықтардың массасын қоқыс тиелген және бос машиналарды автомобиль таразысында өлшеу жолымен анықтауға рұқсат етiледi.

13. Түзiлген және жинақталған қалдықтардың массасы мен көлемi жөнiндегi деректер осы Қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша бастапқы жазба бланкiсiне жазылады.

14. Өлшеу бойынша бастапқы материалдарды өңдегеннен кейiн әрбiр объектiнiң алынған деректерi (массасы, көлемi) аптаның күндерi бойынша жалпы саны шығарылады және осы Қағидалардың 4-қосымшасына сәйкес нысан бойынша коммуналдық қалдықтарды түзудiң және жинақтаудың жиынтық маусымдық ведомосiне енгiзiледi.

15. Маусымдық өлшеу жүргiзiлгеннен кейiн деректер (масса, колем) осы Қағидалардың 5-қосымшасына сәйкес нысан бойынша коммуналдық қалдықтардың түзiлуi мен жинақталуының жиынтық жылдық ведомосiне енгiзiледi.

16. Белгiлi бiр объектi бойынша өлшеу болжанып отырған коммуналдық қалдықтарды жинағанда басқа объектiлердiң коммуналдық қалдықтары араласып кетпеуге шығарылады.

17. Қалдықтардың жинақталуын анықтаған кезде бiрдей сыйымдылықтағы стандартты контейнерлер пайдаланылады. Қалдықтарды барынша толық есепке алу және бiркелкi емес түзiлу мен жинақталу коэффициентiн анықтау мақсатында қосымша контейнерлер орнату көзделедi, оларды орнату қажеттiлiгi мен олардың саны тандап алынған учаскелердi тексерген кезде нақтыланады.

Өлшеу басталғанға дейiн бiр тәулiк бұрын барлық контейнерлер толық тазартылуға тиiс.

18. Өлшеу бойынша бастапқы материалдарды өңдеу өлшеу жүргiзген күннен кейiнгi келесi күннен кешiктiрмей жүргiзiледi.

19. Коммуналдық қалдықтардың түзiлу және жинақталу нормаларын есептеу осы Қағидалардың 6-қосымшасына сәйкес жүргiзiледi.

Коммуналдық қалдықтардың
түзiлу және жинақталу нормаларын
есептеудiң қағидаларына
1-қосымша

Тұрғын қоры мен тұрғын емес үй-жайлар объектiлерiнiң түрлерi

Коммуналдық қалдықтар жинақталатын объектілер Есептік бірлік
1 Жайлы және жайлы емес үйлер 1 тұрғын
2 Жатақханалар, интернаттар, балалар үйлері, қарттар үйлері және сол сияқтылар 1 орын
3 Қонақ үйлер, санаторилер, демалыс үйлері 1 орын
4 Балабақшалар, бөбекжайлар 1 орын
5 Мекемелер, ұйымдар, офистер, кеңселер, жинақ банктері, байланыс бөлімшелері 1 қызметкер
6 Емханалар 1 адам
7 Ауруханалар, санаторилер, өзге де емдеу-сауықтыру мекемелері 1 төсек-орын
8 Мектептер және өзге де оқу орындары 1 оқушы
9 Мейрамханалар, дәмханалар, қоғамдық тамақтану мекемелері 1 орын
10 Театрлар, кинотеатрлар, концерт залдары, түнгі клубтар, ойынханалар, ойын автоматтарының залы 1 орын
11 Мұражайлар, көрмелер Жалпы алаңы 1 м2
12 Стадиондар, спорт алаңдары Жоба бойынша 1 орын
13 Спорт, би және ойын залдары Жалпы алаңы 1 м2
14 Азық-түлік дүкендері Сауда алаңы 1 м2
15 Машиналардан сату Сауда орны 1 м2
16 Өнеркәсіптік дүкендер, супермаркеттер Сауда алаңы 1 м2
17 Базарлар, сауда павильондары, дүңгіршектер, сөрелер Сауда алаңы 1 м2
18 Азық-түлік тауарларының көтерме базалары, қоймалары Жалпы алаңы 1 м2
19 Өнеркәсіптік тауарлардың көтерме базалары, қоймалары Жалпы алаңы 1 м2
20 Тұрмыстық қызмет көрсету үйі: халыққа қызмет көрсету Жалпы алаңы 1 м2
21 Вокзалдар, автовокзалдар, әуежайлар Жалпы алаңы 1 м2
22 Жағажайлар Жалпы алаңы 1 м2
23 Дәріханалар Сауда алаңы 1 м2
24 Автотұрақтар, автомобильді жуу орындары, АЖС, гараждар 1 машина-орын
25 Автомобиль шеберханалары 1 жұмысшы
26 Гараж кооперативтері 1 гаражға
27 Шаштараздар, косметикалық салондар 1 жұмыс орны
28 Кір жуатын орындар, химиялық тазалау орындары, тұрмыстық техниканы жөндеу орындары, тігін ательесі Жалпы алаңы 1 м2
29 Зергерлік, аяқ киімді, сағаттарды жөндеу шеберханалары Жалпы алаңы 1 м2
30 Жөндеу және қызмет көрсету орындары (кілттер жасау және сол сияқтылар) 1 жұмыс орны
31 Моншалар, сауналар Жалпы алаңы 1 м2
32 Қаланың аумағында жаппай іс-шаралар ұйымдастыратын заңды ұйымдар 1000 қатысушы
33 Бау-бақша кооперативтері 1 учаске

Коммуналдық қалдықтардың
түзiлу және жинақталу нормаларын
есептеудiң қағидаларына
2-қосымша

Нысан

Тұрғын үй қоры объектiсiнiң коммуналдық паспорты

Қала ________________________________________________________________

1. Мекенжайы _______________________________________________________

2. Қабаттылығы ______________________________________________________

3. Үйдiң нөмiрi _______________________________________________________

4. Тұрып жатқан адамдардың саны, адам _________________________________

5. Жайлылық деңгейi: _________________________________________________

а) су құбырының, газдың, кәрiздiң болуы _________________________________

б) жылу беру түрi (орталықтан, пешпен, жергiлiктi) ________________________

в) отынның түрi — көмiр (тас көмiр, қоңыр темiр), ағаш отын, газ _____________

г) қоқыс құбырының болуы ____________________________________________

д) аула аумағының алаңы, м2 ___________________________________________

оның iшiнде

жасыл екпелер бар ____________________________________________________

жабыны қатты _______________________________________________________

оның iшiнде жаяусоқпақтар ____________________________________________

6. Контейнерлердiң типтерi, олардың саны және сыйымдылығы _____________

7. Қоқысты шығару кезеңдiлiгi _________________________________________

8. Қайталама шикiзатты бөлек жинау жүргiзiле ме (қандай және қанша)

____________________________________________________________________

Қолдары:
Тегi, аты, әкесiнiң аты, лауазымы

Нысан

Тұрғын емес үй-жайлар объектiлерiнiң коммуналдық паспорты

Қала

1. Объектiнiң атауы ___________________________________________________

2. Мекенжайы ________________________________________________________

3. Жапсарлас салынған немесе жеке тұрған (соңғысының қабатын көрсету қажет) ______________________________________________________________

4. Орын саны (қызметкерлер және тағы басқа) ____________________________

5. Тәулiгiне өткiзу қабiлетi: ____________________________________________

ойын-сауық кәсiпорындары үшiн (орын саны) ____________________________

қоғамдық тамақтану кәсiпорындары үшiн (тағам түрi) ______________________

6. Қызмет көрсететiн персоналдың саны, адам ____________________________

7. Үй-жайдың жалпы алаңы, м2 _________________________________________

Оның iшiнде:

сауда алаңы _________________________________________________________

қоймалық және қосалқы алаң ___________________________________________

8. Аула аумағының алаңы, м2 ___________________________________________

Оның iшiнде:

жасыл екпелер бар ____________________________________________________

жабын қатты _________________________________________________________

9. Контейнерлердiң типi, олардың саны және сыйымдылығы ________________

10. Қалдықтарды шығару мерзiмi _______________________________________

11. Тамақ қалдықтарын және қайталама шикiзатты бөлек жинау жүргiзiле

ме? (қандай және қанша) ______________________________________________

Қолдары:

Тегi, аты, әкесiнiң аты, лауазымы

Коммуналдық қалдықтардың

түзiлу және жинақталу нормаларын

есептеудiң қағидаларына

3-қосымша

Нысан

Бастапқы жазба бланкiсi

_____________

(күнi)

__________________________________________________ объектiсi бойынша

(атауы, мекенжайы)

Контейнердің р/с № Жиналған қалдықтар қабатының биіктігі, һ, м Контейнер негізінің алаңы, S, м2 Контейнердегі қалдықтардың көлемі, h*S, м3 Қалдықтар тиелген контейнердің массасы (қоқыс тасығыш), m3, кг Бос контейнердің массасы (қоқыс тасығыш), mп, кг Контейнердегі қалдықтардың массасы, m3 - mп
1            
2            
...            
Тәулік ішіндегі жиыны     Vтәу     Мтәу

Коммуналдық қалдықтардың

түзiлу және жинақталу нормаларын

есептеудiң қағидаларына

4-қосымша

Нысан

Объектiлердiң топтары бойынша коммуналдық қалдықтардың

түзiлу мен жиналуының жиынтық айлық

(маусымдық) ведомосi

20__жылғы ___ ___________бастап ____ _______________ дейiн

Жайлылық типi ___________________________________________

Аптаның күндері Объектінің атауы Объектінің қызмет түрі Есептік бірліктің саны Жинақталған коммуналдық қалдықтардың көлемі/массасы Орташа тығыздығы, кг/м3 Барлығы қайталам а шикізат іріктеп алынды (бөлек жинаған кезде)
жалпы 1 есептік бірлікке
кг м3 кг м3 кг м3
Дүйсенбі                    
Сейсенбі                    
Сәрсенбі                    
Бейсенбі                    
Жұма                    
Сенбі                    
Жексенбі                    
Тәулігіне орташа                    

Қолдары
Тегi, аты, әкесiнiң аты, лауазымы

Коммуналдық қалдықтардың
түзiлу және жинақталу нормаларын
есептеудiң қағидаларына
5-қосымша

Нысан

Коммуналдық қалдықтардың түзiлуi мен жинақталуының жиынтық
жылдық ведомосi

Жайлылық типi ____________________________________________________

Объект Ай Өлшенетін бірліктің саны Қалдықтардың жиналуы Біртекті емес коэффициент Бөлек жинау, кг
жалпы өлшенетін 1 бірлікке жалпы өлшенетін 1 бірлікке
м3 кг м3 кг м3 кг м3 кг м3 кг
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10  11 12 13
                         
                         
                         
                         
                         
                         

Барлығы

Тәулiгiне орташа

Қолдары

Тегi, аты, әкесiнiң аты, лауазымы

Коммуналдық қалдықтардың

түзiлу және жинақталу нормаларын

есептеудiң қағидаларына

6-қосымша

Коммуналдық қалдықтардың түзiлу және жинақталу нормаларын

есептеу

1. Коммуналдық қалдықтардың түзiлу және жинақталу нормаларын есептеу былайша жүргiзiледi:

1) бiр тәулiкте объектiде коммуналдық қалдықтарды жинақтауға арналған бiр контейнерде түзiлген және жинақталған қалдықтардың көлемiн анықтау (Vконт., М3):

V конт=h*S

мұндағы һ — контейнердiң түбiнен бастап жинақталған коммуналдық қалдықтардың жоғарғы нүктесiне дейiнгi биiктiк, м;

S — контейнер түбiнiң алаңы, м2;

2) контейнерлiк алаңда коммуналдық қалдықтардың түзiлуi мен жинақталуының жалпы көлемiн анықтау (Vтәу, м3), егер контейнерлiк алаңда коммуналдық қалдықтарды жинақтауға арналған контейнерлердiң саны бiрден артық болса:

Vтәу=Vконт1+Vконт2+Vконт3…

мұндағы Vконт1 Vконт2, Vконт3 — контейнерлiк алаңда орналасқан әрбiр контейнер бойынша коммуналдық қалдықтардың түзiлуi мен жинақталуының тәулiктiк көлемi. Есептеу контейнерлiк алаңда орналасқан контейнердiң санына байланысты жүргiзiледi;

3) коммуналдық қалдықтарды жинақтауға арналған контейнерде жинақталған коммуналдық қалдықтардың тәулiктiк массасын анықтау (mконт., кг) мынадай формула бойынша жүргiзiледi:

mконт =m3- mп

мұндағы m3 — қалдықтар тиелген контейнердiң массасы, кг;

mп — қалдықтардан бос контейнердiң массасы, кг;

4) объектiде түзiлген коммуналдық қалдықтардың тәулiктiк массасын анықтау (mтәу., кг) мынадай формула бойынша жүргiзiледi:

mтәу=mконт1+mконт2+mконт3…

мұндағы mконт1, mконт2, mконт3 — контейнерлiк алаңда орналасқан әрбiр контейнер бойынша коммуналдық қалдықтардың тәулiктiк массасы. Есептеу контейнерлiк алаңда орналасқан контейнерлердiң санына байланысты жүргiзiледi;

5) жинақталу нормалары жылдың маусымдары бойынша анықталады.

Өлшеу қызмет көрсету кестесiне сәйкес контейнерлiк алаңнан қалдықтарды шығарғанға дейiн тәулiктiң бiр мезгiлiнде жетi күн бойы (үзiлiссiз) жүргiзiледi.

Өлшеу жүргiзу мерзiмдерi: қыста — желтоқсан/қаңтар; көктемде — сәуiр/мамыр; жазда — маусым/шiлде; күзде — қыркүйек/қазан.

Маусымдық кезең iшiнде объектiде түзiлген коммуналдық қалдықтардың көлемiн анықтау (Vмаус, м3) мынадай формула бойынша жүргiзiледi:

Vмаус=Vтәу1+ Vтәу2+….+ Vтәу7

мұндағы Vтәу1, Vтәу2 — белгiлi бiр маусымда әр тәулiк iшiнде объектiде пайда болған коммуналдық қалдықтардың көлемi;

6) маусымдық кезең iшiнде объектiде пайда болған коммуналдық қалдықтардың көлемiн анықтау (mмаус, кг) мынадай формула бойынша жүргiзiледi:

mмаус=mтәу1+ mтәу2+…+ mтәу7

мұндағы mтәу1 mтәу2 — белгiлi бiр маусымда тәулiк iшiнде объектiдегi коммуналдық қалдықтардың массасы;

7) объектiде коммуналдық қалдықтардың түзiлу көздерiнiң санынан коммуналдық қалдықтардың орташа маусымдық нормасын анықтау мынадай формула бойынша жүргiзiледi:

көлемi бойынша (Vтм, м3):

Vтм = Vмаус/(nxa)

массасы бойынша (mтм, кг):

mтм = mмаус/(nxa)

мұндағы n — маусымдық кезең iшiнде бақылау тәулiгiнiң саны;

а — есептiк бiрлiктiң саны.

8) объектiде есептiк бiрлiкке коммуналдық қалдықтардың тәулiктiк орташа жылдық нормасын анықтау мынадай формула бойынша жүргiзiледi:

көлемi бойынша (Vтом, м3):

Vтом= (Vктм + Vктм + Vжтм +Vкү тм)/n

массасы бойынша (mтом, кг):

mтом= (mктм + mктм + mжтм +mкү тм)/n

мұндағы жоғарғы индекстер «қ», «к», «ж», «кү» — қыста — «қ», көктемде — «к», жазда — «ж», күзде «кү» — есептiк бiрлiкте тиiсiнше қалдықтар пайда болуының тәулiктiк орташа маусымдық нормативтерiн бiлдiредi;

n — қалдықтар пайда болған маусымның саны (n=4).

9) Объектiде есептiк бiрлiкте коммуналдық қалдықтардың пайда болуымен жинақталуының жылдық нормасын анықтау мынадай формула бойынша жүргiзiледi:

көлемi бойынша (Vж, м3)

Vж= Vтож х nк

массасы бойынша (mж, кг):

mж= mтожX nк

мұндағы nк- жылдағы күннiң саны.

2. Коммуналдық қалдықтардың орташа тығыздығын анықтау, коммуналдық қалдықтардың түзiлуi мен жинақталуының маусымдық және тәулiктiк бiртектi емес коэффициентiн анықтау мақсатында қосымша мынадай есеп жүргiзiледi:

1) коммуналдық қалдықтардың орташа тығыздығын анықтау (gop, кг/м3) мынадай формула бойынша жүргiзiледi:

qcp = m/V,

мұндағы m және V — есептiк бiрлiкте тиiсiнше массасы мен көлемi бойынша коммуналдық қалдықтардың түзiлуi мен жинақталуының жылдық немесе орташа маусымдық нормативтерi;

2) коммуналдық қалдықтардың түзiлуi мен жинақталуының маусымдық бiртектi емес коэффициентiн (kбе) анықтау мынадай формула бойынша жүргiзiледi:

көлемi бойынша:

Кбе = Vом/Vж

массасы бойынша:

Кбе = mом/mж

3) коммуналдық қалдықтардың түзiлуi мен жинақталуының тәулiктiк маусымдық бiртектi емес коэффициентiн анықтау мынадай формула бойынша жүргiзiледi:

көлемi бойынша:

Кмбе = Vmaxтәу./Voм

мұндағы Vmax тәу. — маусымда объектiдегi коммуналдық қалдықтардың түзiлуi мен жинақталуының ең жоғарғы тәулiктiк көлемi, м3 массасы бойынша:

kсн = mmaxтәу./moм

мұндағы mmax тәу. — маусымда объектiдегi коммуналдық қалдықтардың түзiлуi мен жинақталуының ең жоғарғы тәулiктiк массасы, кг.

3. Нақты және есептiк жылдық көлемдi салыстыру үшiн коммуналдық қалдықтардың пайда болуы мен жинақталуының есептiк бiрлiкте белгiленген жылдық нормативтерi есептiк бiрлiктiң санына көбейтiледi. Осылайша алынған коммуналдық қалдықтардың түзiлуiнiң есептiк жылдық көлемiнiң айырмасы олардың дәл сол объектiде бiр жыл iшiнде нақты жинақталуының бес пайызынан аспауға тиiс. Есептi және нақты деректерде бес пайыздан артық айырма болған жағдайда коммуналдық қалдықтардың түзiлуiнiң сараланған нормативтерi олар түзiлетiн негiзгi объектiлер бойынша талап етiлген қателiктермен нәтижеге шыққанға дейiн түзетiледi.

Мақалың шыққан күні: 23.12.2016 11:25
Парақтағы соңғы өзгерістер: 23.12.2016 11:25

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

-A A +A