Ақмола облысында жылу беру маусымына дайындық және оны өткiзу қағидалары

Ақмола облыстық
мәслихатының
2016 жылғы 19 қыркүйектегi
№ 6С-5-3 шешiмiмен
бекiтiлдi

Ақмола облысында жылу беру маусымына дайындық және оны өткiзу қағидалары

1. Жалпы ережелер

1. Осы Ақмола облысында жылу беру маусымына дайындық және оны өткiзу қағидалары (бұдан әрi — Қағидалар) "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы, "Электр энергетикасы туралы" 2004 жылғы 9 шiлдедегi Заңдарының негiзiнде әзiрлендi және Ақмола облысында жылу беру маусымына дайындық және оны өткiзудiң тәртiбiн белгiлейдi.

2. Қағидалар Ақмола облысының жергiлiктi атқарушы органдарының, тұрғын үй-коммуналдық және отын-энергетикалық кешен ұйымдарының өндiрiстiк, әлеуметтiк, тұрғын үй-коммуналдық, отын-энергетикалық кешен объектiлерiнiң жылу беру маусымын өту кезiнде тұрақты жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету үшiн жылу беру маусымына дайындау бойынша қызметiн үйлестiредi.

3. Қағидаларда қолданылған негiзгi ұғымдар:

тұтынушы — коммуналық көрсетiлетiн қызметтi пайдаланушы азамат немесе кондоминиум объектiсi;

жылумен қамсыздандыру жүйесi — жылу өндiрушi, жылу берушi, жылу тұтынушы қондырғылардан тұратын кешен;

сараптама ұйымы — Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес энергетикалық сараптама өткiзу бойынша қызметтi жүзеге асырушы заңды тұлға;

энергия берушi ұйым — шарт негiзiнде электр және жылу энергиясын берудi жүзеге асырушы ұйым;

энергиямен жабдықтаушы ұйым — сатып алынған электр және (немесе) жылу энергиясын тұтынушыларға сатуды жүзеге асырушы ұйым;

энергия өндiрушi ұйым — электр және (немесе) жылу энергиясын өз қажеттiлiгiне және (немесе) сату үшiн өндiрудi жүзеге асырушы ұйым;

кондоминиум объектiсiн басқару органы — кондоминиум объектiсiн басқару бойынша функцияларды жүзеге асырушы жеке немесе заңды тұлға.

4. Облыстың тұрғын үй-коммуналдық және отын-энергетикалық кешенiне кiретiн ұйымдар мен мекемелер тұтынушылардың жылумен, сумен, электрмен, газбен және су бұрумен тұрақты қамсыздандырылуын қамтамасыз етедi, сондай-ақ энергия ұстаушының қажеттi параметрлерiн және тұрғын үйлер мен тұрғын емес ғимараттарда олардың тағайындалуын және энергия тұтыну тәртiбiне төлемiн ескере отырып, нормативтiк температуралық режимiн қамтамасыз етудi сақтайды.

5. Облыс аумағында объектiлердi күзгi-қысқы жұмысқа дайындау жыл сайынғы облыс әкiмiнiң Ақмола облысының өндiрiстiк және әлеуметтiк кешенiн күзгi-қысқы жұмысқа дайындау туралы қаулысына сәйкес жүзеге асырылады.

6. Ақмола облысының жылу беру маусымына дайындығы мен оны өткiзуiн жалпы бақылауды өз құзiретi шегiнде тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық объектiлерiн, бюджеттiк саланың кәсiпорындары мен ұйымдарын жылу беру маусымына дайындау жөнiндегi iс-шаралар жоспарының орындалуын үйлестiру жөнiндегi облыстық, қалалық және аудандық комиссиялары жүзеге асырады.

7. Облыс өңiрлерiнде отын-энергетикалық кешен мен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық объектiлерiн алдағы жылу беру маусыдағы қысқы кезеңде жұмысқа дайындаудың жыл сайынғы жоспарын (бұдан әрi –жылу беру маусымына дайындау жоспары) ұсыну тәртiбi:

1) облыстың тұрғын үй-коммуналдық және отын-энергетикалық кешенiне кiретiн кәсiпорындар жыл сайын жылу беру маусымы аяқталғаннан кейiн аудандар мен облыстық маңызы бар қалалардағы жергiлiктi атқарушы органға жылу беру маусымына дайындық жоспарын ұсынады;

2) аудандар мен облыстық маңызы бар қалалардағы жергiлiктi атқарушы орган "Ақмола облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы" мемлекеттiк мекемесiне жинақтау үшiн бiрыңғай жоспар ұсынады.

8. Жылу беру маусымына дайындық бойынша жоспардың орындалуы туралы есеп келесi тәртiпте ұсынылады:

1) тұрғын үй-коммуналдық, отын-энергетикалық кешенге кiретiн кәсiпорындар аудандар мен облыстық маңызы бар қалалардағы жергiлiктi атқарушы органдарына — апта сайын;

2) аудандар мен облыстық маңызы бар қалалардағы жергiлiктi атқарушы органдары өз өңiрi бойынша жиынтық есептi "Ақмола облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы" мемлекеттiк мекемесiне — апта сайын;

3) "Ақмола облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы" мемлекеттiк мекемесi Ақмола облысы бойынша жиынтық есептi Ақмола облысының әкiмдiгiне — апта сайын.

9. Жылу беру маусымына дайындық кезiнде жоспарланған жұмыстар орындалмаған жағдайда есепке

1) орындалмау себебi көрсетiлген анықтама;

2) жағдайды түзету бойынша қолданылып жатқан шаралар;

3) жұмыстарды орындаудың жаңа мерзiмi қоса берiледi.

10. Қалалар мен аудандардың елдi мекендерiнiң кәсiпорындары мен ұйымдарының энергиямен қамтамасыз ету мәселелерi бойынша диспетчерлiк қызметтердiң өзара iс-әрекетi Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес белгiленедi.

11. Энергиямен жабдықтаушы ұйымдардың тұтынушылармен (абоненттермен) өзара қарым-қатынасы олардың жасасқан шарттарымен және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен белгiленедi.

12. Қатынастар осы Қағидалармен реттелмеген жағдайда Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасы нормаларын басшылыққа алу керек.

2. Жылу беру маусымына дайындық

13. Жылу беру маусымына дайындық келесiлердi қамтиды:

1) өткен жылу беру маусымында анықталған кемшiлiктердi талдау, анықталған ақаулар мен бұзушылықтарды жою:

2) жылу беру маусымына дайындық жоспарын әзiрлеу;

3) қаржыландыру мәселесiн шешу және мердiгерлiк ұйымдармен шарт жасасу, жөндеу және құрылыс-монтаждау жұмыстарын материалдық-техникалық қамтамасыз ету;

4) жылумен қамсыздандыру көздерi мен орталық жылу пунктерiнде қажеттi жұмыстарды жүргiзу, оның iшiнде қазандарды, ыдыстарды су құбырларын сынау;

5) жылу беру мен жылу тораптарының гидравликалық режимi кестесiн әзiрлеу;

6) инженерлiк тораптарда жұмыстар жүргiзу, оның iшiнде реконструкциялаумен, күрделi және ағымдағы жөндеумен, сынаумен және шаю жұмыстарын жүргiзу;

7) электр көздерi, жылу көздерi және инженерлiк тораптарда алдын алу, жоспарлы жөндеулердi жүргiзу;

8) ғимараттарды (үйлердi) дайындау, ғимарат (үй) iшiндегi инженерлiк жүйе жабдықтарын жөндеу және ауыстыру бойынша жұмыстар жүргiзу;

9) негiзгi және резервтi отынның нормативтiк қорын, сондай-ақ энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық объектiлерiнде технологиялық апаттар мен табиғи апат салдарын жоюға арналған материалдық-техникалық ресурстардың апаттық қорын жасау;

10) отын қоймаларын дайындау, резервтi отын шаруашылығының инженерлiк жабдығын, отын дайындау, отын беру және қалдықтар мен күлдi жою жүйелерiн, темiр жол және автомобиль жақын жолдарын, өртке қарсы шаруышылықты жөндеу;

14. Кондоминиум объектiлерiн басқару органдары:

1) жылу беру бойынша қызмет көрсетiлетiн үйiшiлiк инженерлiк тораптар мен салынымдардың сақталуын, қауiпсiздiгiн, тиiстi техникалық жағдайын және пайдалануын қамтамасыз етедi;

2) жалпы үйiшiлiк қажеттiлiктерге пайдаланылатын жылумен қамсыздандыру бойынша көрсетiлетiн қызметтердiң тиiмдi тұтынылуын қамтамасыз етедi, үйiшiлiк инженерлiк тораптар мен салынымдарда жылу шығынының алдын алады;

3) жылумен қамсыздандыру бойынша қызмет көрсетушi қойған пломбаның бұзылуы туралы жылумен қамсыздандыру бойынша қызмет көрсетушiге хабарлайды;

4) жылумен қамсыздандыру бойынша өнiм берушi өкiлдерiнiң жалпыүйлiк есептеу қралдарына, үйiшiлiк инженерлiк тораптар мен құрылыстарға кедергiсiз қолжетiмдiгiн қамтамасыз етедi;

5) үйiшiлiк инженерлiк тораптар мен құрылыстарды тиiсiнше күтiп-ұстау бойынша жөндеу және пайдалану жұмыстарын жүзеге асыру үшiн үшiншi тарапты тартады, қызмет көрсетушi субъектiлермен шарт жасасады және оның орындалуын бақылайды;

6) жай (пәтер) иелерiнiң жиналысын ұйымдастырады және жазбаша сауалнама жүргiзедi;

7) барлық жай (пәтер) иелерiне арналған барлық көрiнетiн жерде, стендтерде жайды, сондай-ақ ортақ мүлiктi жөндеу және ол бойынша қызмет көрсетушi ұйымдар, сондай-ақ жылумен қамсыздандыру бойынша қызмет көрсетушi ұйымдар — өнiм берушiлер туралы (атауы, байланыс телефоны, апаттық қызмет телефоны) ақпарат орналастырады;

8) кондоминиум объектiсiнiң техникалық және инженерлiк жабдықтары бойынша санитарлық-техникалық жұмыстың үздiксiз жүргiзiлуiн қамтамасыз ету шараларын қолданады;

9) пәтер (жай) иелерiне апаттық жағдайларды қоспағанда, ажырату, сынау және басқа да инженерлiк тораптардағы режимнiң өзгеруi туралы екi тәулiк бұрын хабарлайды;

15. Күзетiлетiн жылу тораптары аймағының шегiнде жұмыстар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

16. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және әлеуметтiк сала объектiлерiнде апатты жою апаттық жағдайларды жою тәртiбiне сәйкес және жылумен қамсыздандырушы, жылу берушi және жылу тұтынушы ұйымдардың, жөндеу-құрылыс, көлiктiк ұйымдардың және басқа да қызметтердiң бiрлескен әрекетiн ескере отырып жүзеге асырылады.

17. Жылу тораптарында апаттың алдын алу немесе оның салдарын жою жұмыстары жылдың барлық маусымында жердi пайдаланушының келiсiмiнсiз, алайда оған жүргiзiлетiн жұмыстар туралы хабарлай отырып жүргiзiледi;

Көрсетiлген жұмыстарлан кейiн жылу торабын басқарушы ұйымдар жер учаскелерiн бастапқы жағдайға келтiредi.

Жол жабындарының бұзылуына әкелетiн жылу кабель желiлерiне жөндеу жұмыстарын және қайта орнату бойынша жоспарлы жұмыстар қарамағында автокөлiк жолдары бар ұйымдар және Қазақстан Республикасының Iшкi iстер органдарымен және жергiлiктi атқарушы органдармен алдын ала талаптарды келiскен соң жүргiзiледi. Жұмыстарды жүргiзу талаптары жұмысты бастағанға дейiн үш тәулiктен кешiктiрмей келiсiледi.

18. Жылу беру көздерi мен жылу тасымалдау тораптарын пайдалану және онда жүргiзiлетiн жөндеу жұмыстары қолданыстағы нормативтiк-техникалық құжаттамаға сәйкес жүзеге асырылады.

19. Жылу беру көздерi мен жылу тораптарын реконструкциялау және күрделi жөндеу жұмыстары жылу беру маусымдары аралығында ауданның және облыстық маңызы бар қаланың жергiлiктi атқарушы органымен келiсiлген жұмыстарды жүргiзу кестесi бойынша жасалады.

20. Жылумен қамсыздандыру көздерi мен жылу тораптарын жоспарлы жөндеу, сондай-ақ жылу тораптарын сынау ауданның және облыстық маңызы бар қаланың жергiлiктi атқарушы органымен келiсiлген кесте бойынша жүргiзiледi.

21. Жылумен қамсыздандыру көздерi мен жылу пунктерiнде жұмыстар келесiдей мерзiмдерде орындалуы қажет:

1) күзгi кезеңде жылу беру қажеттiлiгiн қамтамасыз ету үшiн қажеттi жұмыстар — жыл сайын 1 қыркүйекке дейiн;

2) қысқы ең көп жүктеменi өту кезеңiндегi жылу беру қажеттiлiгiн қамтамасыз етуге қажеттi жұмыстар –жыл сайын 1 қазанға дейiн.

Жылумен қамсыздандыру көздерiн қамтамасыз ететiн электр, су құбыры, газ коммуникациясын жөндеу және алдын алу бойынша жұмыстар 1 қыркүйекке дейiн аяқталады.

22. Резервтi отын шаруышылығын жоспарлы-алдын алу жұмыстары 1 қыркүйекке дейiн аяқталады.

23. Күзгi-қысқы кезеңде меншiк формасына қарамастан энергетика көздерiндегi отынның пайдалану қорының нормасы Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес белгiленедi.

24. Жылу тұтынушы қондырғыларды пайдалануға рұқсат беру кезiнде келесiлер ескерiледi:

1) жаңадан қосылған және реконструкцияланған барлық жылу тұтыну жүйелерi энергия берушi немесе энергия өндiрушi ұйыммен келiсiлген жобалау құжаттамасына сәйкес орындалады;

2) пайдалануға беру және әрбiр жылу беру маусымы алдында жылу тұтыну қондырғылары қабылдау-тапсыру сынағынан (техникалық әзiрлiк актiсiнде қарастырылған техникалық) өтедi.

Жылуды тұтыну жүйесiн пайдалануға рұқсат тұтынушыда Қазақстан Республикасы Энергетика министрiнiң 2015 жылы 31 наурыздағы №253 бұйрығымен бекiтiлген электр қондырғыларды пайдалану кезiндегi қауiпсiздiк техникасы қағидаларына (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 10907 тiркелген) сәйкес тиiстi персоналдың және жылу тұтыну қондырғылардың сенiмдi және қауiпсiз жұмысына жауапты адамның немесе жылу тұтыну жүйелерi мен жылу тұтыну қондырғыларын пайдалануға рұқсат берiлген персоналы бар мамандандырылған ұйыммен қызмет көрсетуге жасасқан шарт болған кезде берiледi.

25. Жылу тораптарының құбырлары монтаждау және күрделi жөндеу және реконструкциялаудан кейiн тазаланады.

26. Электр станциясы, жылу тораптары мен электр энергетикалық кәсiпорындардың электр желiлерiнiң қысқы кезеңде жұмысқа дайындығын бағалау Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрiнiң 2015 жылғы 2 ақпандағы №55 бұйрығымен бекiтiлген Энергия өндiрушi, энергия берушi ұйымдардың күзгi-қысқы жағдайларда жұмысқа әзiрлiгi паспортының алу қағидалары (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 10516 тiркелген) аясында белгiленедi.

27. Салынған қазандықтар, жылу тораптары, орталық жылу пунктерi, сусорғы станциялары, тапсырыс берушiлер (тұтынушылар) мен жылумен қамсыздандыру ұйымдары пайдалануға қабылдамаған жаңа үйлердiң орталық жылу беру жүйесiн жылу беру маусымына дайындауды құрылыс ұйымдары қамтамасыз етедi.

28. Тұтынушылардың инженерлiк жүйесiн жылу беру маусымына дайындау бойынша ұйымдастырушылық iс-шаралар тiзбесi:

1) инженерлiк тораптарды пайдалануға жауапты бiлiктi маманды тағайындау;

2) техникалық құжаттаманың толық пакетiн дайындау;

3) бақылау-өлшеу құралдары мен коммерциялық есептеу құралдарын тексеру;

4) жертөле және шатырдың асты шегiнде жылумен қамсыздандырудың барлық құбырларын және ыстық суды оқшаулауды орындау;

5) кiреберiстер мен жертөлелердiң есiктерiн жөндеу;

6) шатырлар мен жертөлелелердiң терезелерiн жабу;

7) баспалдақ алаңындағы терезелердi екi қабат шынымен қаптау;

8) баспалдақ алаңын жылытуды қапына келтiру және iске қосу,

9) тұрғындардың пәтерлердi жылытуын қамтамасыз етудi ұйымдастыру;

10) жылу беру пунктiн жөндеу; ақтау, сырлау, қажеттi жарықпен және сенiмдi жабылуын қамтамасыз ету;

11) сыртқы су құбыры мен арматураның жылу сақтауын қалпына келтiру;

12) жылу пайдаланушы қондырғылардың орнатылған iлмектi, реттеушi арматурасын тексеру және жөндеу;

13) техникалық термомертлердi тексеру, гильзаны тазалап, техникалық май құю;

14) жылу беру маусымы аяқталғаннан кейiн жылу тұтыну жүйелерiнiң элементтерiн механикалық тазалаумен гидропневматикалық шаю;

Тұтынушының жылумен қамсыздандыру және (немесе) жылу берушi ұйымның өкiлi қараған кезде ағындағы судың түсi құйылатын судың түсiмен сәйкес келген кезде шаю аяқталды деп саналады;

15) жөндеу iс-шараларын өткiзу;

16) пломбаланған, тексерiлген маномертрлердi орнату;

17) барлық элементтердiң жылу тұтыну жүйелерiн механикалық берiктiгiн және гидравликалық тығыздығын (гидравликалық қысыммен тексеру) гидравликалық сынау;

18) ғимараттардың (үйлердiң) электр сымдарының оқшаулауға қарсылығын тексеру.

29. Инженерлiк коммунаикация транзиттi өтетiн жертөлелердi жалға алушы немесе иесi пайдаланушы ұйым персоналының инженерлiк тораптарды жөндеу және олар бойынша қызмет көрсету жұмыстарын жүргiзу үшiн (тәулiктiң кез-келген уақытында апаттық-қалпына келтiру жұмыстарын жүргiзу үшiн) қолжетiмдiлiктi қамтамасыз етедi.

30. Жұмыстар орындалғаннан кейiн жылу тұтыну жүйесiн жылумен қамсыздандыру ұйымы қабылдайды және осы Қағидалардың қосымшасына сәйкес техникалық әзiрлiк актiсiмен ресiмдейдi.

Техникалық әзiрлiк актiсi бойынша қабылданбаған жылу тұтыну жүйесi жылу беру маусымына дайын емес деп саналады және қайта техникалық тексеруге жатады.

Жылумен қамсыздандыру ұйымы ресiмдеген объектiнiң техникалық әзiрлiк актiсiз жылу тұтыну жүйесiн iске қосуға рұқсат берiлмейдi.

31. Энергиямен жабдықтау және (немесе) энергия берушi ұйымның қолданыстағы нормативтiк-техникалық құжаттамаға сәйкес жылумен қамсыздандыруды қамтамасыз ету мүмкiндiгi болмаса, тұтынушыларды жылумен қамсыздандыру жүйесiнiң жылу энергиясына қосуға рұқсат берiлмейдi.

Тұтынушылық қасиеттерi мен жылу энергиясын беру режимi жоспарлы жөндеудi, апаттық-қалпына келтiру жұмыстарын қоспағанда тұтынушы жылу беру маусымына дайындық бойынша iс-шаралар кешенiн орындап, энергиямен жабдықтаушы және (немесе) энергия берушi ұйым берген техникалық әзiрлiк актiсiн ресiмдеу және сараптама ұйымының қорытындысын алған жағдайда қолданыстағы нормативтiк-техникалық құжаттамада белгiленген талаптарға сәйкес болады.

3. Жылумен қамсыздандыру жүйесiн сынамалау

32. Жылумен қамсыздандыру көздерiжылу тораптарының жылу беру маусымына дайындығын тексеру және жасырын ақауларды анықтау үшiн жылумен қамсыздандыру жүйесi сынамалаудан өтедi.

33. Жылу көздерi жабдықтарын қосу мен ғимараттарды (үйлердi) жылуға қосу келесi тәртiппен жүргiзiледi:

Жылу көздерi мен ғимараттарды қосу үшiн:

1) бiрiншi тәулiкте:

жылу беру көздерiнде жылумен қамсыздандыру жабдығының сызбасын жинау, жабдықтарды қайта iске қосу және сынамалау, бак-аккумуляторларды максималды толтыру, жылу тораптары құбырларының сумен толтырылуы және құламалы және керiсiнше қысымдағы қалпы, су айналысын белгiлеу бойынша жұмыстар жүргiзiледi.

Үйiшiлiк жүйелерде арматураның iске қосу қалпын анықтау, тасымалдаушы су құбыры мен жылумен қамсыздандыру жүйесiн сумен толтыру, сенiмдi бақылау-өлшеуiш құралдар мен регуляторлардың болуын тексеру бойынша жұмыстар жүргiзiледi;

2) Екiншi тәулiктен бастап қатаң кестеге сәйкес ғимараттарды қосу жүргiзiледi.

34. Магистралдiк және тарату жылу тораптарын iске қосу мен сынамалауды iске қосу-жөндеу бригадасы жүргiзедi.

Iске қосылғанға дейiн iске қосылатын торап учаскесiнiң жабдығы тексерiледi, сынақ, шаю, қабылдау актiлерi қаралады.

35. Жылу тораптары бойынша сынамалау үдерiсiнде анықталған ескертулер жылу беру маусымының басталуына дейiн жойылады.

4. Жылу маусымын өткiзу

36. Жылумен қамсыздандырушы ұйымдарға 1 қыркүйекке дейiн қала мен ауданның жергiлiктi атқарушы органымен сынамалау, жылумен қамсыздандыру жүйесiн қосу кестесi мен гидравликалық және температуралық параметрлерiнiң есептеу кестелерiн келiсу ұсынылады. Жылу тораптарының құбырлары тұтынушыларына берiлген кестеге сәйкес белгiленген параметрлер жылу тасымалдағышын (су және бу) берудi қамтамасыз етедi.

Қосу кестелерiнде тұтынушылар келесi кезекпен қосылады:

1) балалар, емдеу және мектеп мекемелерi және басқа да оқу орындары;

2) тұрғын ғимараттар, қонақ үйлер, жатақханалар;

3) қоғамдық және тұрмыстық ғимараттар, театрлар, мәдениет үйлерi, әкiмшiлiк ғимараттар, өндiрiстiк кәсiпорындар және басқа да ғимараттар.

Бiр уақытта толтырылатын үйiшiлiк жүйелердiң санын анықтау кезiнде жылумен қамсыздандыру көздерiнiң шаруашылық-ауызсумен қамтамасыз етiлуiн, судың дайындық өндiрiсiн және қуат берушi қондырғыларды ескеру қажет.

37. Барлық ғимараттар (үйлер) қосылғаннан кейiн пайдаланушы ұйымдар жабдықтың жағдайын тексередi және үйiшiлiк жүйелердi бастапқы реттеудi жүргiзедi.

38. Пайдалану кезiнде анықталған жылумен қамсыздандыру көздерi, жылу тораптаы және үйiшiлiк жүйелiрдiң жұмысындағы кемшiлiктер жылу беру маусымына дейiн жойылады.

39. Жылу беру маусымы кезiнде жылумен қамсыздандырушы ұйым жылу энергиясын беру және (немесе) тарату бойынша қызмет көрсету шартына сәйкес

1) барлық тұтынушылар үшiн жылу энергиясын беру және (немесе) тарату бойынша қызмет көрсетудiң тең шарттарын;

2) жылу тораптарының баланстық тиiстiлiгi бөлiгiнiң шегiнде Шартта белгiленген жылу энергиясының параметрлерiн ұстануды;

3) тұтынушымен жылу энергиясын беру және (немесе) таратуға шарт жасасуды;

4) тұтынушыға Шартта белгiленген тиiстi сапада, тәртiпте және мерзiмде жылу энергиясын беру және (немесе) тарату бойынша қызмет көрсетудi қамтамасыз етедi.

40. Жылу беру маусымы басталғаннан кейiн:

1) хабарлау сызбасы нақтыланады, тұрғын үй-коммуналдық объектiлерi мен энергетикалық кешеннiң жауапты қызметкерлерiнiң кезекшiлiгi қойылады;

2) кәсiпорындарда апаттық-қалпына келтiру бригадаларының дайындығы жүргiзiледi;

3) ғимараттарды (үйлердi) пайдаланушы ұйым персоналы қайта-қайта қарап шығуды және жылу тасығыш жүйесiнiң жұмысы мен ғимараттың жылытылуын бақылауды ұйымдастырады;

4) жылумен қамсыздандыру көздерiнде резервтi апаттық жабдықтың жұмысы, негiзгi және резервтi отынның, құрал-жабдықтардың, материалдар мен қосалқы бөлшектердiң болуы тексерiледi.

41. Жылу беру көзi мен жылу тораптарында апаттық жағдай жарияланған кезде:

1) тұрғын үй-коммуналдық объектiлерi мен энергетикалық кешеннiң барлық объектiлерiнде тәулiктiк кезекшiлiк жүргiзiледi;

2) қала (аудан) әкiмiнiң нұсқауымен кәсiпорындар мен ұйымдарда апаттық жағдайда пайдалануға арналған механизмдермен, материалдармен қамтамасыз етiлген көмекшi апаттық-қалпына келтiру бригадасына күшейтiлген дайындық жүргiзiледi.

42. күшейтiлген және күтiлмеген режим кезiнде ғимаратты (үйдi) пайдаланушы ұйым персоналының қажеттi iс-шаралар мен әрекеттер тiстi iс-шараларда көрсетiледi.

5. Жылу беру маусымын аяқтау және жылу беру маусымы аралығында ыстық сумен қамсыздандыру

43. Жыл сайын жылу беру маусымының аяқталуын қолданыстағы санитарлық нормалары мен Қағидаларын есепке алып, аудан (облыстық маңызы бар қала) әкiмiнiң нұсқауымен жарияланады.

44. Жылу беру маусымы аяқталғаннан кейiн ғиараттарды (үйлердi) пайдаланушы ұйымдар орталы жылу беру жүйесiн ажыратады және жазғы схема бойынша ыстық сумен қамсыздандыру жүйесiнiң жұмысын қамтамасыз етедi.

45. Жылу беру маусымдары аралығында жылумен қамсыздандырушы ұйымдар бекiтiлген жылу беру көздерi мен жылу беру тораптары жабдықтарының жұмыс схемасы бойынша тұтынушыларды ыстық сумен қамтамасыз етедi. Су бөлетiн нүктелерге (кран, араластырғыш) берiлетiн судың температурасы техникалық және санитарлық нормалардың талаптарына сай.

Ыстық су берудi жылумен қамсыздандыру көздерiнде ыстық сумен қамсыздандыру қондырғыларын жөндеу, элеваторлық түйiндердi, автоматтандырылған жылу пунктерiн және үйiшiлiк жүйелердi дайындау үшiн тоқтату жергiлiктi атқарушы органдармен келiсiлген кестелерде белгiленген мерзiмiнен аспауы қажет.

46. Жылу тораптарын, жылу беру пунктерiн және жылу тұтыну жүйелерiн жөндеудi 1 қыкүйекке дейiн жүргiзу ұсынылады. Ыстық сумен қамсыздандыруды тоқтатумен байланысты жөндеу жүргiзудiң ұсынылған мерзiмi — күнтiзбелiк 14 күн.

Ақмола облысында

жылу беру маусымына

дайындық және оны өткiзу

қағидаларына

қосымша

20__ –20__жылдары жылу беру кезеңiне тұтынушының жылу желiлерi мен жылытатын қондырғылары

жылу беру кезеңiне техникалық дайындығы

актiсiнiң нұсқасы

Елдi мекеннiң атауы

__________________________________________________________________________

Тұтынушының атауы

__________________________________________________________________________

Объект мекен-жайы

__________________________________________________________________________

Энергоресурстар беруге келiсiмнiң №

__________________________________________________________________________

Заңды мекен-жайы

_________________________________________________________________________

Басшының А.Т.Ә.

__________________________________________________________________________

Байланыс телефоны

__________________________________________________________________________

Жылу беру шаруашылығының жалпы жағдайына жауапты

__________________________________________________________________________

(Т.А.Ә., лауазымы, қызметтiк, ұялық телефоны)

Жылу энергиясын есептеу аспаптары

__________________________________________________________________________

20___жылы " " қарағанда берешектерi болуы

__________________________________________________________________________

20___жылы " " қарағанда максималдық-сағаттықжылу жүктемелерi

р/к
Объект атауы, мекен-жайы Келісім-шарт бойынша жүктемелер, Ккал/сағ 20__ – 20___жылдары, жылу беру кезеңінде ағытылған жүктемелер Ккал/сағ.
жылыту ыстық су желдету жылыту ыстық су желдету
           
           

жылытуыстық сужелдетужылытуыстық сужелдету

Жылуға қосу нүктелерi саны_______________________________________________________

Жылу тораптары саны_____________________________________________________________

Жылу беру қондырғыларын реттеу қызметiнiң ескертулерi: _____________________________

__________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Пайдалану қызметтерiнiң ескертулерi:_______________________________________________

__________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Үй iшiлiк жылу жүйесi және ыстық сумен жабдықтау жүесi бойынша ескертулер:______________________________________________________________________ ________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

________________________________________________________________________________

________________________________________________________________________________

________________________________________________________________________________

ЕСКЕРТУ: Жылумен қамту жүйелерiн жұмысқа енгiзу тек қана рәсiмделген 20__ –20__жылдары жылу беру кезеңiнетұтынушының жылу желiлерi мен жылытатын қондырғылары жылу беру кезеңiне техникалық дайындығы актiсi болғанда жүргiзiледi.

Тұтынушы өкiлi

________________________________________________________________________________

(А.Т.Ә., қолы)

Жылумен жабдықтаушы ұжымның өкiлi

________________________________________________________________________________

(А.Т.Ә., қолы)

Мақалың шыққан күні: 28.02.2017 11:37
Парақтағы соңғы өзгерістер: 28.02.2017 11:37

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

-A A +A