«Қауiптi техникалық құрылғыларды есепке қою және есептен шығару» мемлекеттiк қызмет көрсету қағидалары

Қазақстан Республикасы
Индустрия және
инфрақұрылымдық
даму министрiнiң
2020 жылғы 24 сәуiрi
№ 229 бұйрығына
1-қосымша

«Қауiптi техникалық құрылғыларды есепке қою және есептен шығару» мемлекеттiк қызмет көрсету қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

1. Осы «Қауiптi техникалық құрылғыларды есепке қою және есептен шығару» мемлекеттiк қызметiн көрсету қағидалары (бұдан әрi — Қағидалар) «Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуiрдегi Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрi — Заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзiрлендi және қауiптi техникалық құрылғыларды есепке қою және есептен шығару тәртiбiн анықтайды.

2. «Қауiптi техникалық құрылғыларды есепке қою және есептен шығару» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет (бұдан әрi — мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет) болып табылады және осы қағидаларға сәйкес Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлiгi Индустриялық даму және өнеркәсiптiк қауiпсiздiк комитетiнiң аумақтық департаменттерi және облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының жергiлiктi атқарушы органдары (бұдан әрi — көрсетiлетiн қызметтi берушi) көрсетедi.

3. Қауiптi техникалық құрылғыларды есепке қою және есептен шығару үшiн қауiптi техникалық құрылғының иесi немесе қауiптi техникалық қүрылғыны пайдаланушы ұйымның басшысы:

өнеркәсiптiк объектiлерде, өнеркәсiптiк қауiпсiздiк саласындағы уәкiлеттi органның аумақтық бөлiмшесiне өтiнiш бередi;

әлеуметтiк инфрақұрылым объектiлерiнде, өнеркәсiптiк қауiпсiздiк саласындағы мемлекеттiк қадағалауды жүзеге асыратын жергiлiктi атқарушы органға өтiнiш бередi.

2-тарау. Мемлекеттiк қызмет көрсету тәртiбi

4. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтi алу үшiн жеке және заңды тұлғалар (бұдан әрi — көрсетiлетiн қызметтi алушы) көрсетiлетiн қызметтi берушiге «электрондық үкiмет» www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрi — портал) арқылы мыналарды жолдайды:

1) осы Қағидаларға 1 және 2-қосымшаларға сәйкес өтiнiш;

2) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрiнiң 2014 жылғы 30 желтоқсандағы № 358 бұйрығымен (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 10303 болып тiркелген) бекiтiлген «Қысыммен жұмыс iстейтiн жабдықты пайдалану кезiнде өнеркәсiптiк қауiпсiздiктi қамтамасыз ету қағидаларының» 23, 24, 25 және 26-нысандары бойынша жасалған қысыммен жұмыс iстейтiн ыдыстың, қазандықтың (автономды бу қыздырғыштың, экономайзердiң), қазандықтың, құбырдың немесе паспорттың электрондық телнұсқасы Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрiнiң 2014 жылғы 30 желтоқсандағы № 359 бұйрығымен (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 10332 болып тiркелген) бекiтiлген «Жүк көтергiш механизмдердi пайдалану кезiнде өнеркәсiптiк қауiпсiздiктi қамтамасыз ету қағидаларының» 1, 2 және 3-нысандары бойынша жасалған жүк көтергiш кранның, лифттiң, көтергiштiң, «Азаматтық қорғау туралы» 2014 жылғы 11 сәуiрдегi № 188 Қазақстан Республикасы Заңының 77-бабына сәйкес эскалатордың, арқанды жолдың, фуникулердiң паспортының электрондық көшiрмесi.

5. Мемлекеттiк қызмет көрсету процесiнiң сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесiн, сондай-ақ мемлекеттiк қызмет көрсету ерекшелiктерiн ескере отырып, өзге де мәлiметтердi қамтитын мемлекеттiк қызмет көрсетуге қойылатын негiзгi талаптардың тiзбесi осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартында (бұдан әрi — Стандарт) баяндалған.

Көрсетiлетiн қызметтi алушы барлық қажеттi құжаттарды портал арқылы берген кезде — көрсетiлетiн қызметтi алушының «жеке кабинетiнде» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет нәтижесiн алу күнiн көрсете отырып, мемлекеттiк қызметтi көрсету үшiн сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе көрсетiледi.

Құжаттарды қараудың жалпы мерзiмi және қауiптi техникалық құрылғыны есепке қою, есептен шығару туралы хабарлама беру 3 (үш) жұмыс күнiн құрайды.

6. Көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң кеңсе қызметкерi құжаттарды келiп түскен күнi тiркеудi жүзеге асырады және жауапты орындаушы тағайындалатын көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң басшысына жолдайды.

Көрсетiлетiн қызметтi алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейiн, демалыс және мереке күндерi Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жүгiнген жағдайда, өтiнiштi қабылдау және мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижесiн беру келесi жұмыс күнi жүзеге асырылады.

7. Жауапты орындаушы бiр жұмыс күнi iшiнде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексередi және ұсынылған құжаттардың толық болмау фактiсi анықталған жағдайда осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша дәлелдi бас тартуды дайындайды және оны көрсетiлетiн қызметтi берушi басшысының не оны алмастыратын адамның ЭЦҚ-сы қойылған электрондық құжат нысанында көрсетiлетiн қызметтi алушының жеке кабинетiне жiбередi.

Жеке басын куәландыратын құжат туралы, заңды тұлғаны, дара кәсiпкердi мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) туралы мәлiметтердi көрсетiлетiн қызметтi берушi тиiстi мемлекеттiк ақпараттық жүйелерден «электрондық үкiмет» шлюзi арқылы алады.

8. Көрсетiлетiн қызметтi алушы құжаттардың толық топтамасын ұсынған жағдайда, көрсетiлетiн қызметтi берушi екi жұмыс күнi iшiнде ұсынылған құжаттарды тексередi және бiр күн iшiнде мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижесiн ресiмдейдi — Қағидаларға 4, 5 немесе 6-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша қауiптi техникалық құрылғыны есепке қою туралы хабарлама немесе қауiптi техникалық құрылғыны есептен шығару туралы хабарлама не дәлелдi бас тарту болып табылады және оны көрсетiлетiн қызметтi берушi басшысының не оны алмастыратын адамның ЭЦҚ-сы қойылған электрондық құжат нысанында көрсетiлетiн қызметтi алушының жеке кабинетiне портал арқылы жiбередi. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген мемлекеттiк қызмет көрсетуден бас тарту үшiн негiздер осы Қағидаларға 3-қосымшада баяндалған.

Мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижесi көрсетiлетiн қызметтi алушының «жеке кабинетiне» көрсетiлетiн қызметтi берушi басшысының не оны алмастыратын адамның ЭЦҚ-сы қойылған электрондық құжат нысанында жолданады және сақталады.

9. Көрсетiлетiн қызметтi берушi Мемлекеттiк қызмет көрсету сатысы туралы деректердi ақпараттандыру саласындағы уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiппен мемлекеттiк қызметтер көрсету мониторингiнiң ақпараттық жүйесiне енгiзудi қамтамасыз етедi.

3-тарау. Көрсетiлетiн қызметтi берушiлердiң және (немесе) олардың лауазымды адамдарының мемлекеттiк қызмет көрсету мәселелерi бойынша шешiмдерiне, әрекетiне (әрекетсiздiгiне) шағымдану тәртiбi

10. Көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң мемлекеттiк қызметтер көрсету мәселелерi бойынша шешiмiне, әрекетiне (әрекетсiздiгiне) шағым өнеркәсiптiк қауiпсiздiк саласында басшылықты жүзеге асыратын уәкiлеттi органға немесе облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының жергiлiктi атқарушы органына (бұдан әрi — уәкiлеттi органға), Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттiк қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөнiндегi уәкiлеттi органға берiлуi мүмкiн.

11. Көрсетiлетiн қызметтi алушының шағымы Заңның 25-бабының 2) тармақшасына сәйкес қаралуға жатады:

уәкiлеттi орган — оны тiркеген күннен бастап бес жұмыс күнi iшiнде;

мемлекеттiк қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөнiндегi уәкiлеттi орган — ол тiркелген күннен бастап он бес жұмыс күнi iшiнде.

12. Көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң, уәкiлеттi органның, мемлекеттiк қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөнiндегi уәкiлеттi органның шағымды қарау мерзiмi Заңның 25-бабының 4-тармағына сәйкес қажет болған жағдайда он жұмыс күнiнен аспайтын мерзiмге ұзартылады:

1) шағым бойынша қосымша зерделеу немесе тексеру не жергiлiктi жерге барып тексеру жүргiзу;

2) қосымша ақпарат алу.

Шағымды қарау мерзiмi ұзартылған жағдайда шағымдарды қарау бойынша өкiлеттiктер берiлген лауазымды адам шағымды қарау мерзiмi ұзартылған кезден бастап үш жұмыс күнi iшiнде шағым берген көрсетiлетiн қызметтi алушыға ұзарту себептерiн көрсете отырып, шағымды қарау мерзiмiнiң ұзартылғаны туралы жазбаша нысанда (шағым қағаз жеткiзгiште берiлген кезде) немесе электрондық нысанда (шағым электрондық түрде берiлген кезде) хабарлайды.

Мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижелерiмен келiспеген жағдайда көрсетiлетiн қызметтi алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен сотқа жүгiнедi

Мақалың шыққан күні: 29.04.2020 19:38
Парақтағы соңғы өзгерістер: 29.04.2020 19:38

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

  

-A A +A