Ақмола облысының жасыл екпелердi күтiп-ұстау және қорғау, қалалар және елдi мекендердiң аумақтарын абаттандыру қағидалары

Ақмола облыс әкiмдiгiнiң
2015 жылғы 1 шiлдедегi
№ А-7/316
қаулысына қосымша

Жалпы ережелер

1. Осы Ақмола облысының жасыл екпелердi күтiп-ұстау және қорғау, қалалар және елдi мекендердiң аумақтарын абаттандырудың қағидалары (бұдан әрi — Қағидалар) Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 1 шiлдедегi Азаматтық кодексiне, Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексiне, Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексiне, «Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шiлдедегi кодексiне, «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шiлдедегi, «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы зандарына және өзге де нормативтiк құқықтық актiлерге сәйкес әзiрлендi.

2. Қағидалар Ақмола облысының жасыл екпендiлердi күтiп-ұстау және қорғау, қалалар және елдi мекендердiң аумақтарын абаттандыру саласындағы тәртiптi айқындайды және қатынастарды реттейдi.

3. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

1) абаттандыру — сол немесе өзге аумақты құрылыс, мақсаты бойынша қалыпты пайдалану үшiн жарамды жағдайға келтiру, халықтың денi сау, жайлы және мәдениетi өмiр сүру жағдайын жасау мақсатында жүзеге асырылатын жұмыстардың және iс-шаралардың жиынтығы;

2) жасарту — қаңқалы және жартылай қаңқалы бұтақтарды қатты қысқарту, өркендердi сирету және реттеу, бас жағы мен бұталардың құрғау салдарынан өзiнiң декоративтiк сапасын жоғалтқан, сау дiңдi және сүңгектi жасарту үшiн жарамды ересек ағаштардың кемiнде 3,5 метр биiктiктегi дiңдерiн кесу;

3) жасыл алқап — түрлiк құрамына қарамастан кемiнде 0,125 га аумақта кемiнде 50 дана ағашы бар көгалдандырылған аумақ;

4) жасыл екпелер — азаматтық заңнамаға сәйкес жылжымайтын мүлiк болып табылатын және қаланың бiрынғай жасыл қорын құрайтын табиғи өскен және жасанды егiлген ағаш бұтақты және шөптi өсiмдiктер;

5) жасыл екпелердi жою — жасыл екпелердiң өсуiнiң тоқтауына әкелетiн зақымдану;

6) жасыл екпелердi күтiп-ұстау және қорғау — жасыл екпелердi, көгалдандырылған аумақтар мен жасыл алқаптарды құруға, сақтауға және өсiруге (оның iшiнде жойылған немесе зақымдалған жасыл екпелердi өтемдiк қалпына келтiруге) бағытталған құқықтық, әкiмшiлiк, ұйымдық және экономикалық шаралар жүйесi;

7) жасыл екпелердi сақтау — абаттандыру және құрылыс жұмыстарының нүктесiне түсетiн, аса құнды екпелердiң тұқымдарын сақтауға бағытталған iс-шаралар кешенi;

8) жалпы пайдалымдағы жерлер — алаңдар, көшелер, тротуарлар, өтпе жолдар, жолдар, жағалаулар, саябақтаар, скверлер, қала ормандары, бульварлар, су айдындары, жағажайлар, зираттар және халықтың мұқтажын қанағаттандырiға арналған өзге де объектiлер (жалпы пайдалымдағы инженерлiк жүйелер) үшiн алынған және арналған жерлер;

9) көгалдандырылған аумақ — табиғи жолмен өнiп шыққан өсiмдiктер орналасқан, жасанды жолмен жасалған бау-саябақ кешендерi және объектiлер, бульварлар, скверлер, көгалдар, гүлдер орналасқан жер учаскесi;

10) қатты тұрмыстық қалдықтар — қатты түрдегi коммуналдық қалдықтар;

11) өтемдiк көгалдандыру — жойылған немесе зақымданған жасыл екпелердiң орнына жасыл екпелердi отырғызу;

12) өтпе жол — тұрғын үйлер мен қоғамдық ғимараттарға, мекемелерге, кәсiпорындарға,шағын аудандар, орамдар, елдi мекендер iшiндегi құрылыс объектiлерiне көлiк құралдарының кiруiн қамтамасыз ететiн жол элементi;

13) тротуар — жаяу жүргiншiлердiң жүруiне арналған, жолдың жүру бөлiгiмен шектесетiн немесе одан көгелмен немесе арық жүйесiмен бөлiнген жолдың элементi;

14) өкiлеттi орган — тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласындағы қызметтi жүзеге асыратын аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергiлiктi атқарушы орган.

15) ұйым — жүргiзiлетiн жұмысқа қажеттi қызметтi жүзеге асыратын, материалдық және бiлiктi еңбек ресурстары бар жеке кәсiпкерлiк субъектiсi немесе дауыс беретiн акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерiнiң) елу және одан астам пайызы мемлекетке тиесiлi заңды тұлға және олармен үлестес заңды тұлғалар;

16) шағын сәулеттiк нысандар — декоративтiк сипаттағы және iс жүзiндегi пайдаланылатын объектiлер (мүсiндер, субұрқақтар, барельефтер, гүл құмыралары, павильондар, күркелер, отырғаштар, құтылар, балалар ойындары және ересектердiң демалысына арналған жабдықтар мен конструкциялар);

17) iргелес аумақ — ғимараттар, құрылыстар, қорғаушылар, құрылыс алаңшаларының,сауда, жарнама объектiлерiне және заңды немесе жеке тұлғалардың балансындағы, меншiгiндегi, иелiгiндегi, жалға алуындағы басқа объектiлер шекараларына тiкелей (периметрi бойынша 5 метр шекарадағы) жанасып жатқан аумақ;

2. Жасыл екпелердi күтiп-ұстау және қорғау

4. Республикалық және жергiлiктi маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда, жеке тұрғын үй және жеке меншiк қосалқы шаруашылық аумақтарында, саяжайлар учаскелерiнде және коммуналдық қызметтердiң қарауына жататын зираттардың учаскелерiнде өсетiн жасыл екпелердi қоспағанда барлық жасыл екпелер бiрыңғай жасыл қор құрайды және қорғалуға жатады.

5. Жасыл екпелердiң тiршiлiк әрекетiн қамтамасыз етумен үйлеспейтiн көгалдандырылған аумақтарды және жасыл алқаптарды пайдалануға жол берiлмейдi. Көгалдандырылған аумақтарды дамыту елдi мекендi көгалдандырудың ұзақ мерзiмдi кешендi схемасына сәйкес жүргiзiледi.

6. Көгалдандыру бойынша барлық жұмыстың түрлерiн жұмыс сызбаларына сәйкес бекiтiлген жобалар бойынша орындаған жөн. Көгалдандыру және абаттандыру бойынша жұмыстарды жүргiзу кезiнде орындалатын жұмыстардың сапасына және бекiтiлген жобаға, жұмыс сызбаларына сәйкес келуiне Заңға сәйкес авторлық қадағалау жүргiзiледi.

7. Жасыл екпелердi күтiп-ұстау көгалдандыру бойынша жұмыстардың негiзгi түрлерiн қамтиды:

1) Жасыл екпелердi отырғызу;

2) ағаштардың дiңгек қуысын орнатумен қыртыстарды қопсыту, ағаштарды ақтау;

3) гүлдердi, көгалдарды орналастыру, арамшөптердi отау, шөптердi шабу;

4) барлық вегетациялық кезеңде жасыл екпелердi суару;

5) жасыл екпелердi қырқу, қайта отырғызу, кесу (апаттық, құрғаған, жасамыс ағаштарды және бұтақтарды санитариялық кесу);

6) тыңайтқыштарды салу;

7) жасыл екпелердiң зиянкестерiмен және ауруларымен күресу.

8. Жасыл екпелердi қайта отырғызу жыл iшiнде арнайы қайта отырғызу технологиясы сақталған жағдайда жүзеге асырылады. Жапырақты және қылқан жапырақты ағаштардың тиiмдi ұласып өсуi мақсатында оларды күз түскен кезеңнен бастап көктемнiң бас кезiне дейiн отырғызу ұсынылады.

9. Ағаштарды жасарту және қалың өскен ағаштарды сирету жұмыстары вегетация басталғанға дейiн немесе күздiң соңында жүргiзiледi.

10. Құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргiзу кезiнде осы учаскеде сақтауға жататын барлық екпелер олардың тиiмдi қорғалуын қамтамасыз ететiн арнайы қорғаныш қоршаулармен механикалық және өзге де зақымданулардан қорғалады.

11. Құрылыс салуға немесе басқа жұмыстар жүргiзуге бөлiнетiн учаскелерде жасыл екпелердi сақтау мүмкiн болмаған жағдайда, жасыл екпелердi кесу немесе қайта отырғызу жүргiзiледi.

12. Жасыл екпелердi кесу:

1) бекiтiлген және келiсiлген қала құрылысы құжаттамасында көзделген құрылыстың объектiлерiн орналастыру үшiн жағдай жасауды қамтамасыз ету;

2) инженерлiк абаттандыру объектiлерiне, жер үстi коммуникацияларына қызмет көрсету;

3) апаттық және төтенше жағдайларды жою, оның iшiнде инженерлiк абаттандыру объектiлерiнде жою;

4) жасыл екпелердiң сапалық және түрлiк құрамын жақсарту қажеттiлiгi;

5) адамның өмiрi мен денсаулығы қауiпсiздiгiне қауiп төндiретiн, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалардың мүлкiне залал келтiруi мүмкiн ескi екпелердi санитариялық кесу жағдайларында жүзеге асырылуы мүмкiн.

13. Жасыл екпелердi сырып тастау, қайта отырғызу, бөрiкбастарды қырқу өкiлеттi орган берген Қағиданың 1-қосымшасына сәйкес рұқсат етiледi.

14. Жасыл екпелердi сырып тастауға, қайта отырғызуға, бөрiкбастарды қырқуға рұқсат алу үшiн жеке немесе заңды тұлға өкiлеттi органға келесi құжаттарды ұсынуы тиiс:

осы ереженiң 2-қосымшасына сәйкес, мекенжайы, жұмыс түрi, ағаштардың саны және түрi, жасыл желектерiне жүргiзiлуi тиiс жұмыстарды орындаудың себептерi көрсетiлген жазбаша өтiнiшiн;

жерге құқық белгiлейтiн құжаттарын:

көгалдандыру екпелерi белгiленген топографиялық сурет немесе жасыл желектерi бар жер учаскесiнiң суреттерiн;

жобалау ұйымдары үшiн:

бекiтiлген жобаны;

коммуналдық қызметтермен келiсулердi;

көгалдандыру екпелерi белгiленген топографиялық суреттi немесе жасыл желектерi бар жер учаскесiнiң суреттерiн ұсыну қажет.

15. Өтiнiштердi қарау мерзiмi — өкiлеттi органға тапсырған күнiнен бастап 15 күнтiзбелiк күн.

16. Келiп түскен өтiнiштердi (өтiнiмдердi) қарау кезiнде өкiлеттi орган жас көшеттерге жұмыстарды жүргiзудiң мақсаттылығы мен мүмкiндiгiн тексередi, анықтайды, орынға шығумен жасыл желектерiн тексеру актiсiн ресiмдейдi және жасыл желектерiн кесу (таңдап, жаппай), алып тастау, қайта отырғызу, пiшiндеп кесу (жасарту), бұтақтарын кесу және жас көшеттерге басқа да жұмыстардың жүргiзiлу қажеттiлiгi туралы қорытынды бередi.

17. Өкiлеттi органның көгалдандыру екпелерiн алып тастауға арналған қорытындысын алғаннан кейiн заңды немесе жеке тұлға кейiннен жергiлiктi бюджетке ақшалай қаржыны (алынып тасталатын жас көшеттердiң құны) аударумен жас көшеттерге бағалауды жүргiзуге лицензиясы бар ұйыммен шарт жасайды. Немесе 1:2 қатынастан кем емес алып тасталынған жасыл желектерiн немесе өкiлеттi органның кесiп тастауға арналған қорытындысында көрсетiлген ағаштардың кесiлетiн биомассасынан кем емес мөлшерде сондай ағаш түрлерiмен қалпына келтiредi.

Кесуге жататын ағаштардың нарықтық құны туралы есептi және жергiлiктi бюджетке төлем жасау түбiртегiн немесе кескеннен кейiн көктемгi-күзгi кезеңде жасыл желектерiн отырғызу және қайта отырғызылған немесе отырғызылған жас көшеттерге күтiм жұмыстарын екi жыл бойы жүргiзу туралы кепiлдеме хатты ұсынғаннан кейiн өтiнiш берушi өкiлеттi органнан кесуге рұқсат алады.

18. Рұқсат қағазын алғаннан кейiн заңды немесе жеке тұлға жасыл желектерiн өз күшiмен кеседi (қайта отырғызады) немесе жасыл желектерiн кесу, қайта отырғызу, пiшiндеп кесу (жасарту), бұтақтарын кесу және басқа да жұмыстарды жүргiзу үшiн жұмыстардың осы түрлерiн орындайтын ұйымдарға жүгiнедi.

19. Жалпы пайдаланылатын жерлердегi және ғимарттар, құрылыстар, көп қабатты тұрғын үйлер аумақтарында желдiң және табиғи сипаттағы өзге де оқиғалардың, жол-көлiк апаттары нәтижесiнде ағаштар апатты құлаған жағдайда құлаған ағаштарды жинау, құлаған жерлердi уақтылы санитариялық тазалау және ағаш қалдықтарын шығару жер пайдалану құқығы шекарасындағы, сол аумақ тиесiлi ұйымға немесе қызмет көрсететiн учаскелерi бойынша ұйымдарға жүктеледi.

20. Өскен немесе зақымдалған жасыл екпелер өздегiнен құлаған жағдайда, кiнәлi тұлғаларды анықтау мүмкiн болмаған кезде жасыл екпелердi қалпына келтiру жергiлiктi бюджет қаражаты есебiнен жүргiзiледi.

21. Қаланың және елдi мекеннiң аумақтарында өтемдiк отырғызу жүргiзу үшiн уәкiлеттi орган арнайы учаскелердi айқындайды.

22. Жалпыға ортақ және арнайы пайдаланылатын жерлерде өтемдiк отырғызуларды жалпыға ортақ пайдаланылатын жерлерде көгалдандыруды, жасыл екпелердi күтiп-баптауды және күтiп-ұстауды жүзеге асыратын ұйымдар жүргiзедi.

3. Қалалар және елдi мекендердiң
аумақтарын абаттандыру

1-параграф. Тазалық пен тәртiптi қамтамасыз ету

23. Жеке және заңды тұлғалар барлық аумақта, оның iшiнде жеке үй иелерi аумақтарында тазалықты сақтайды және тәртiптi қолдайды, абаттандыру элементтерiнiң (жолдар, тротуарлар, көгалдар, шағын сәулет нысандары, жарықтандыру, су бұрулар) зақымдануына және бұзылуына жол бермейдi.

24. Жергiлiктi жерлердi ағымдағы санитариялық күтiп-ұстауды осы саладағы қызметтi жүзеге асыратын ұйымдар жүзеге асырады.

25. Барлық ұйымдық-құқықтық нысандардың жеке және заңды тұлғалары, оның iшiнде күрделi және уақытша объектiлердiң иелерi мыналарды:

1) дербес өз қаражаты есебiнен немесе ұйымдармен шарттар жасасу жолымен бөлiнген аумақты санитариялық күтiп-ұстауды және абаттандыруды қамтамасыз етедi;

2) кез келген меншiк объектiлерiне ұқыпты қарайды, мемлекеттiк меншiк объектiлерiне залал келтiрген жағдайлар туралы тиiстi органдарды хабардар етедi;

3) көшелер және үй нөмiрлерi көрсетiлген тақтайларды техникалық дұрыс жағдайда және тазалықта ұстайды;

4) қоршауларды (шарбақтарды) және шағын сәулет нысандарын тиiстi жағдайда (қоршаудың (шарбақтың) сыртқы жағын бояу, әктеу) күтiп-ұстайды.

2-параграф. Аумақтарды жинауды ұйымдастыру

26. Жалпыға ортақ пайдаланылатын орындарды жинау және күтiп-ұстау мынадай жұмыс түрлерiн қамтиды:

1) ұсақ және тұрмыстық қоқыстар мен қалдықтарды жинау және шығару;

2) iрi көлемдi қоқыстар мен қалдықтарды жинау және шығару;

3) сыпыру;

4) қамысты, қурайды, шөптердi және басқа да жабайы өсiмдiктердi шабу және шығару;

5) қоршаулар мен шағын сәулет нысандарын жөндеу және сырлау.

27. Жалпыға ортақ пайдаланылатын аумақтарда орналасқан парктердi, скверлердi, бульварларды, су айдындарын, жағажайларды, зираттарды, оның iшiнде оларда орналасқан тротуарларды, жаяу жүргiншiлер аймақтарын, саты баспалдақтарын жинауды заңды және жеке тұлғалар мен осы объектiлерге қызмет көрсететiн және пайдаланатын аумақтарды бекiту субъектiлерi жүргiзедi.

28. Объектiлердiң меншiк иелерi жапсарлас аумақтарда (автотұрақтар, боксты гараждар, ангарлар, қосалқы қойма құрылыстары, ғимараттар, сауда және қызмет көрсету объектiлерi) санитариялық тазалауды және жинауды коммуналдық шаруашылық ұйымдарымен қамтамасыз етедi немесе оны өз бетiнше жүргiзедi.

29. Көшелер мен өтпе жолдардың бойында орналасқан тротуарларды, жолаушылар көлiгiнiң аялдама алаңын жинауды, жүру бөлiктерiн жинауға және күтiп ұстауға жауапты ұйымдар жүргiзедi.

30. Аялдама кешендерiн және қоғамдық жолаушылар көлiгiнiң аялдама алаңында оларға iргелес аумақтарды, ақыла автотұрақтар, гараждардын аумақтарын, сондай-ақ кiреберiс жолдарды, iргелес аумақтарды жинауды және жууды олардың иелерi жүзеге асырады.

31. Жол жөндеу жұмыстарын жүргiзген кезде құрылыс қоқыстарын осы жұмыстарды жүргiзген ұйымдар шығарады.

32. Су ағатын желiлерде ластануды болдырмау үшiн су ағатын коллекторларда, жауын суын қабылдайтын құдықтарда және арық жүйесiнде қоқыстардың тасталуына жол берiлмейдi.

33. Жерүстi инженерлiк құрылыстарын пайдаланушы ұйымдар мен иелерi инженерлiк желiлердiң қорғалатын аймақтарының шекарасында iргелес аумақтардың санитариялық күтiп-ұсталуын қамтамасыз етедi.

34. Көшелер мен өтпе жолдардан қарды шығару арнайы дайындалған алаңдарда жүзеге асырылады. Жергiлiктi атқарушы органдармен келiсiлмеген орындардан қар шығаруға жол берiлмейдi.

35. Қарды уақытша жинау орындары қар ерiгеннен кейiн қоқыстардан тазартылып және абаттандырылуы тиiс.

3-параграф. Қалдықтарды жинау және шығару

36. Жеке және заңды тұлғалар, олардың қызметi нәтижесiнде пайда болған өндiрiс және тұтыну қалдықтары пайда болған кезiнен бастап қалдықтармен қауiпсiз жұмыс iстеудi қамтамасыз етедi. Жеке және заңды тұлғалар қатты тұрмыстық қалдықтарға арналған контейнерлерде қатты тұрмыстық қалдықтарға арналған контейнерлерде қатты тұрмыстық қалдықтарды жинақтайды.

37. Қатты тұрмыстық қалдақтарды шығаруды өкiлеттi органмен белгiленген кестеге сәйкес мерзiмде ұйымдармен жүзеге асырылады. Кестелер қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау алаңдарында iлiнедi.

38. Құрылыстарды және жылжымайтын объектiлердi жөндеудi жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар құрылыс қоқысын кәдеге жарату шарттарын жасасуы қажет, оны белгiленген орынға өз етiнше немесе қоқыс шығаруды жүзеге асыратын ұйымдармен шарт бойынша шығарады.

39. Үй иелерiнiң аумағында мамандандырылған көлiк үшiн ыңғайлы кiрме жолдармен контейнерлердi орналастыруға арналған арнайы алаңдар асфальтты жамылғысы және қоршауы болады. Қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау үшiн жапбқыштары бар контейнерлердi қолданған жөн.

40. Қатты тұрмыстық қалдықтарға арналған контейнерлерге және контейнерлiк алаңдарда күл тастауға және жинауға жол берiлмейдi.

41. Қатты тұрмыстық қалдықтар қоқыс шығаратын көлiктермен, үй иелерiнiң кәрiзденбеген сұйық қалдықтары ассенизациялы ваккумдық көлiктермен шығарылады.

42. Сұйық қалдықтар мамандандырылған автокөлiкпен арнайы бөлiнген орындарға шығарылады. Контейнерлер босатылғаннан кейiн орындар дезинфекциялайтын ерiтiндiлермен өңделедi немесе босатылған орындарда өңдеуде өткен тазаларына ауыстырылады. Контейнерлердi өңдеу орындары тазалауға, жууға және дезинфекциялауға арналған,ыстық және суық су өткiзiлген, судың ағып кетуi ұйымдастырылған құрылғылармен жабдықталуы тиiс.

43. Сұйық тұрмыстық қалдықтар мен iрi көлемдi қоқыстарды қоқыс шығару құбырына тастауға жатпайды.

44. Қоқыс шығару құбырын пайдалануды иелiгiнде тұрғын үй орналасқан пайдаланушы ұйым жүзеге асырады.

45. Жеке тұлғалар контейнер алаңдары аумағында орналасқан, құрамында сынап бар шамдар мен аспаптарды жинау үшiн арнайы контейнерлерде iстен шыққан құрамында сынап бар шамдар мен аспаптарды қауiпсiз жинауды қамтамасыз етедi.

46. Контейнерлiк алаңдарды және контейнерлердi пайдаланатын және оларға қызмет көрсететiн ұйымдар:

1) контейнерлiк алаңдарды және оған iргелес аумақтарды тиiстi санитариялық күтiп-ұстауды қамтамасыз етедi;

2) оларға уақтылы жөндеу жүргiзедi және одан әрi пайдалануға жарамсыз контейнерлердi ауыстырады;

3) қоқыс қабылдайтын камералардың, алаңдардың, сондай-ақ қалдық жинағыштардың тұрақты жуылуын, дезинфекциялануын, шыбындарға, кемiргiштерге қарсы дезинсекциялануын, дератизацияланауын қамтамасыз ету бойынша шараларды қабылдайды.

47. Контейнерлерден қоқыс шығаратын машинаға тиеу кезiнде шашылып қалған қоқыстарды қатты тұрмыстық қалдықтарды шығаруды жүзеге асыратын ұйымдардың жұмысшылары шығарады.

48. Вокзалдарда, базарларда, әуежайларда, саябақтарда, демалыс аймақтарында, алаңдарда, бiлiм беру, денсаулық сақтау мекемелерiнде, көшелерде, қоғамдық жолаушылар көлiгi аялдамаларында, сауда объектiлерiнiң кiреберiстерiнде қоқысқа арналған құтылар орнатылады. Халық көп келетiн орындарда құтылар бiр-бiрiнен кемiнде 50 метр арақашықтықта; аулаларда, саябақтарда, алаңдарда 10-нан 100 метрге дейiнгi арақашықтықта құтылар орнатылады. Жолаушылар көлiгi аялдамаларында және сауда объектiлерiнiң кiреберiстерiнде екi құты орнатылады.

49. Құтыларды орнатуды, тазартуды және жууды аумақты пайдаланатын ұйымдар немесе аумаққа иелiк ететiн немесе пайдаланатын ұйымдар жүргiзедi. Құтылар толу шамасына қарай, бiрақ күнiне бiр реттен кем емес тазартылады. Құтылар ластану денгейiне қарай, бiрақ аптасына бiр реттен кем емес.

4-параграф. Көшелердi, тұрғын үй орамдарын және шығатын аудандарды аббатандыру

50. Шағын аудандар мен орамдардың тұрғын үй аймақтары қоқыс контейнерлерiн қоятын, кiр кептiретiн, демалатын, балалар ойнайтын, спортпен айналысатын, үй жануарларын серуендетуге арналған алаңдармен, автотұрақтармен, жасыл аймақтармен жабдықталады.

51. Алаңдардың саны, орналасуы мен жабдықталуы құрылыс және санитариялық нормаларға сәйкес болуы тиiс.

5-параграф. Ғимараттар мен құрылыстардың қасбеттерiн күтiп-ұстау

52. Қарамағында ғимараттар мен құрылыстар бар жеке және заңды тұлғалар, ғимараттар мен құрылыстардың меншiк иелерi көрсетiлген объектiлердiң қасбеттерiн және олардың жекелеген элементтерiн (балкондар, лоджиялар, су ағатын құбырлар) қалпына келтiру, жөндеу және бояу бойынша жұмыстарды уақытылы жүргiзудi қамтамасыз етедi, сондай-ақ қасбеттерде орналастырылған ақппараттық тақтайшаларды, ескерткiш тақтайларды таза және дұрыс жағдайда ұстайды. Дүкендер мен кеңселердiң көшелерге қасбеттермен шығатын витриналары жарықпен безендiрiледi.

53. Өз еркiмен ғимараттардың қасбеттерiн және олардың конструктивтiк элементтерiн қайта жабдықтауға жол берiлмейдi.

6-параграф. Сыртқы жарықтандыруды және субұрқақтарды күтiп ұстау

54. Көшелердiң, жолдардың, алаңдардың, жағалаулардың және басқа жарықтандырылатын объектiлердiң сыртқы жарығын қосу жергiлiктi атқарушы орган бекiткен кесте бойынша табиғи жарық денгейiнiң азаюы кезiнде кешкi ымырт кезiнде 20 люкске дейiн, ал сөнуi — таңғы күңгiртте 10 люкске дейiн артуы кезiнде жүргiзiледi.

55. Сыртқы жарық құрылғылары мен байланыс желiлерiнiң элементтерi, металл бағаналары, кронштейндер тазалықта ұсталып, тот басу ошағы болмай, сырлануы қажет. Жанып кеткен шамдарды ауыстыруды тиiстi ұйымдар жүзеге асырады.

56. Iстен шыққан құрамында сынып бар газ разрядты шамдар осы мақсаттарға арналған арнайы бөлiнген үй-жайларда сақталады және олар кәдеге жарату үшiн арнайы кәсiпорындарға шығарылады. Көрсетiлген шамдардың түрлерi полигонға шығарылмайды.

57. Электрлендiрiлген көлiктiң жарық және байланыс желiлерiнiң құлап қалған бағаналарын шығаруды негiзгi магистральдарда бағана иелерi тез жүзеге асырады; басқа аумақтарда, сондай-ақ бөлшектелген бағаналар-тәулiк iшiнде шығарылады.

58. Уәкiлеттi орган коммуналдық меншiктегi субұрқақтардың тиiстi жағдайын және пайдалануын қамтамасыз етедi.

59. Субұрқақтарды қосу мерзiмiн, олардың жұмыс iстеу режимiн, тостағандарын жуу және тазарту кестесiн, технологиялық үзiлiстерiн және жұмыс iтеуiнiң аяқталуын уәкiлеттi орган айқындайды.

60. Субұрқақтар жұмыс iстеп тұрған кезеңде судың бетi күнсайын қоқыстан тазартылады. Пайдаланушы ұйымдар субұрқақтардың тазалығын жұмысы тоқтаған кезен де, оларды тазалықта ұстайды.

Ақмола облысының жасыл

екпелердi күтiп-ұстау және

қорғау, қалалар және елдi

мекендердiң аумақтарын

абаттандыру қағидаларына

1-қосымша

«__________________________________________________

(қала, аудан)

тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлiгi

және автомобиль жолдары бөлiмi» мемлекеттiк мекемесi

№ ____ РҰҚСАТ

___________________________________________________________________

(жұмыстардың түрiн көрсету (жасыл екпелердi сырып тастау, қайта отырғызу, бөрiкбастарын кесу тағы басқа)

Тапсырыс берушiге______________________________________________

(заңды тұлғаның атауы, жеке тұлғаның тегi, аты, әкесiнiң аты)

рұқсат берiледi______________________________________________________

(орындалатын жұмыстардың сипаттамасы)

мекенжай (нысан) бойынша: ___________________________________________

рұқсатқа негiздеме:__________________________________________________

жұмыстардың басталуы және аяқталуы 20__ жылғы «___» _______-дан 20__ жылғы «___» _______ дейiн.

Жұмыстар осы рұқсатта көрсетiлген мерзiмдерде басталуы және аяқталуы тиiс.

Сонымен қатар, бiрiншi басшыға жасыл екпелердi қорғау, ұстау және сақтау жөнiндегi толық кешендi iс-шараларды жүргiзу жүктеледi.

Мен, __________________________________________________________

(заңды тұлғаның өкiлiнiң, жеке тұлғаның тегi, аты, әкесiнiң аты)

жоғарыдағы барлық талаптарды және жұмысты рұқсатта көрсетiлген мерзiмде орындауға мiндеттенемiн.

___________________________

(елдi мекен)

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлiгi

және автомобиль жолдары бөлiмi»

мемлекеттiк мекемесiнiң бастығы

_____________ _____________________________

(қолы) (тегi, аты, әкесiнiң аты)

Мөр орны

Ақмола облысының жасыл

екпелердi күтiп-ұстау және

қорғау, қалалар және елдi

мекендердiң аумақтарын

абаттандыру қағидаларына

2-қосымша

«___________________________

(қала, аудан)

тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық,

жолаушылар көлiгi және автомобиль

жолдары бөлiмi» мемлекеттiк мекемесi

____________________________

мекенжайы ____________________

телефоны

Өтiнiш

____________________________________________________ байланысты

(жұмыстарды жүргiзудiң мақсаты мен себептерi көрсетiлсiн)

__________________________________________ мекенжайы (объект) бойынша

_________ дана ___________________________ түрi ағаштарын (бұталарын)

_________________________________________ рұқсат беруiңiздi сұраймын.

(жоспарланатын жұмыстардың түрi көрсетiлсiн)

Қосымша:

Жеке және заңды тұлғалар үшiн:

жерге құқық белгiлейтiн құжаттар;

жасыл желектерi белгiленген топографиялық сурет немесе жасыл желектерi бар жер учаскесiнiң суреттерi.

Жобалау ұйымдары үшiн:

бекiтiлген жоба;

коммуналдық қызметтермен жасалған келiсiм;

жасыл желектерi белгiленген топографиялық сурет немесе жасыл желектерi бар жер учаскесiнiң суреттерi;

(сенiмхатпен өтiнiш бiлдiрген кезде — өтiнiшке сенiмхаттың, жеке куәлiктiң көшiрмелерi қоса берiлсiн)

_________________ ______________________

(күнi) (қолы)

Мақалың шыққан күні: 23.12.2016 10:46
Парақтағы соңғы өзгерістер: 12.04.2018 14:59

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

-A A +A