Қайта шағымдану тәртібі

Қызмет көрсетушi қызметкерлерiнiң әрекетiне (әрекетсiздiгiне) қайта шағымданудың тәртiбiн түсiндiру және шағым дайындауда көмек көрсету үшiн қызмет көрсетудi пайдаланушы стандарттың 1,2 қосымшаларында көрсетiлген телефон бойынша қызмет көрсетушiнiң немесе орталықтың басшылығына хабарласа алады.

Сонымен қатар орталық қызметкерiнiң әрекетiне (әрекетсiздiгiне) қайта шағымдану тәртiбi туралы ақпаратты «электрондық үкiметтiң) 1414 call-орталығының ақпараттық-анықтамалық қызметтiң телефоны бойынша алуға болады.

Мемлекеттiк қызмет көрсетудiң нәтижесiмен келiспеген жағдайда әкiм аппараты басшысының атына шағым түсiрiледi.

Әкiм аппараты басшысымен байланысу телефоны, жұмыс кестесi, электрондық мекенжайы стандарттың 4 қосымшасында көрсетiлген.

Орталық қызметшiсiнiң тиесiлi қызмет көрсетпегенi кезiнде шағым Орталық немесе «Халыққа қызмет көрсету» Республикалық мемлекеттiк кәсiпорын (әрi қарай — «Орталық»РМК) басшысының атына жазылады. Орталық басшыларының мекенжайы мен телефондары стандарттың 2 қосымшасында көрсетiлген.

Көрсетiлген мемлекеттiк қызмет нәтижесi көңiлден шықпаған жағдайда, қызмет алушы заңнамада көрсетiлген тәртiпте сотқа шағымдануға құқылы.

Шағымдар жазбаша және электронды түрде еркiн формада қабылданады.

Адам арқылы немесе пошта арқылы келiп түскен шағым қызмет көрсетушiнiң орталық кеңсесiндегi заңды және жеке тұлғалардың өтiнiштерiн тiркеу журналындағы жазба (штамп, кiрiс нөмiрi және күнi шағымның екiншi данасында немесе шағымға iлеспе хатқа қойылады) арқылы расталады.

Қызмет көрсетушiге шағым алушының шағымды қабылдағанын растау шағымды қабылдаушының аты-жөнi, нөмiрi, күнi, байланыс телефондары және жауапты алуға болатын орны үшiн талон берiледi.

Өтiнiштi қарастыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тәртiпте және мерзiмде жүзеге асады.

Өтiнiштi қарастырудың нәтижесi туралы қызмет көрсетудi пайдаланушыға жазбаша түрде пошта арқылы хабарланады.

Мақалың шыққан күні: 22.12.2016 12:36
Парақтағы соңғы өзгерістер: 22.12.2016 12:36

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

-A A +A