«Жалғыз тұрғын үйі авариялық деп танылған азаматтарға анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет алу тәртібі туралы жадынамасы

«Жалғыз тұрғын үйі авариялық деп танылған азаматтарға анықтама беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет алу тәртібі туралы жадынамасы
1 Көрсетілетін қызмет беруші туралы ақпарат (атауы, жұмыс кестесі, интернет-ресурсының мекенжайы) аудандардың, Көкшетау, Степногорск қалаларының тұрғын үй қатынастары саласындағы функцияны жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органдардың құрылымдық бөлімшелерімен (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетіледі.Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, сағат 13.00-ден 14.00, 14.30-ге дейін түскі үзіліспен, дүйсенбі – жұма аралығында сағат 8.30, 9.00-ден 18:00, 18.30-ға дейін.Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру сағат 13.00-ден 14.00, 14-30-ға дейін түскі үзіліспен 09.00-дан 17.30-ге дейін жүзеге асырылады.Мемлекеттік көрсетілетін қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз, кезек күту тәртібімен көрсетіледі.
2 Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің өтініштерін қабылдауды және нәтижелерді беруді жүзеге асыратын ұйымдар туралы ақпарат көрсетілетін қызметті берушінің анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары www.miid.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылған. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414, 8 800 080 7777.
3 «Электрондық үкімет» веб-порталы арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу тәсілі туралы ақпарат -
4 Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің мерзімі 5 (бес) жұмыс күні.
5 Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін керекті құжаттардың тізбесі мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 2-қосымшасына сәйкес тұрғын үйді авариялық деп тану туралы анықтама беру туралы өтініш;жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін талап етіледі);ғимараттар мен құрылыстардың сенімділігін және орнықтылығын техникалық зерттеп-қарауды жүзеге асыру құқығына тиісті аттестаты бар сарапшы не құрамында аттестатталған сарапшылары бар аккредиттелген ұйым берген ғимараттар мен құрылыстардың сенімділігін және орнықтылығын техникалық зерттеп-қарау жөніндегі сараптамалық қорытынды;тұрғын үйге меншік құқығын растайтын құжат туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.Көрсетілген құжаттармен бірге көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге олардың көшірмелерін ұсынады. Салыстырып тексеруден кейін құжаттардың түпнұсқалары көрсетілетін қызметті алушыға қайтарылады.
6 Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі стандарттың 1-қосымшасына сәйкес тұрғын үйді авариялық деп тану туралы анықтаманы немесе мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағына сәйкес мемлекеттік кызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап беру.
7 Қосымша ақпарат (мемлекеттік көрсетілетін қызмет мәселесі бойынша бірыңғай байланыс-орталығының нөмірі, басқа да телефон анықтамаларының нөмірі) бірыңғай байланыс орталығы 1414, 8-800-080-7777
Мақалың шыққан күні: 28.08.2019 14:09
Парақтағы соңғы өзгерістер: 28.08.2019 14:09

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

 

-A A +A