«Қауіпті техникалық құрылғыларды есепке қою және есептен шығару»мемлекеттік қызмет алу тәртібі туралы жадынамасы

1 Көрсетілетін қызмет беруші туралы ақпарат (атауы, жұмыс кестесі, интернет-ресурсының мекенжайы) тұрғын үй қатынастары саласындағы функцияны жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органның құрылымдық бөлімшесі (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, сағат 12.45-тен 14.00-ге дейін түскі үзіліспен, дүйсенбі – жұма аралығында сағат 9.00-ден 18:15-ке дейін.Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру сағат 12.45-тен 14.00-ға дейін түскі үзіліспен 09.00-ден 18.15-ке дейін жүзеге асырылады.Мемлекеттік қызмет «электрондық үкімет» www.egov.kz веб-порталы арқылы көрсетіледі.
2 Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің өтініштерін қабылдауды және нәтижелерді беруді жүзеге асыратын ұйымдар туралы ақпарат көрсетілетін қызметті берушінің анықтамалық қызметтердің байланыс телефоны 8 (716) 2 29 80 05. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414, 8 800 080 7777.
3 «Электрондық үкімет» веб-порталы арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу тәсілі туралы ақпарат -
4 Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің мерзімі 3 (үш) жұмыс күні.
5 Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін керекті құжаттардың тізбесі 1) мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларға 1 және 2-қосымшаларға сәйкес өтініш;2) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы № 358 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10303 болып тіркелген) бекітілген «Қысыммен жұмыс істейтін жабдықты пайдалану кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларының» 23, 24, 25 және 26-нысандары бойынша жасалған қысыммен жұмыс істейтін ыдыстың, қазандықтың (автономды бу қыздырғыштың, экономайзердің), қазандықтың, құбырдың немесе паспорттың электрондық телнұсқасы Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы № 359 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10332 болып тіркелген) бекітілген «Жүк көтергіш механизмдерді пайдалану кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларының» 1, 2 және 3-нысандары бойынша жасалған жүк көтергіш кранның, лифттің, көтергіштің, «Азаматтық қорғау туралы» 2014 жылғы 11 сәуірдегі № 188 Қазақстан Республикасы Заңының 77-бабына сәйкес эскалатордың, арқанды жолдың, фуникулердің паспортының электрондық көшірмесі.
6 Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі Мемлекеттік қызмет көрсету қағидасына 4, 5 немесе 6-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша қауіпті техникалық құрылғыны есепке қою туралы хабарлама немесе қауіпті техникалық құрылғыны есептен шығару туралы хабарлама не дәлелді бас тарту
7 Қосымша ақпарат (мемлекеттік көрсетілетін қызмет мәселесі бойынша бірыңғай байланыс-орталығының нөмірі, басқа да телефон анықтамаларының нөмірі) бірыңғай байланыс орталығы 1414, 8-800-080-7777
Мақалың шыққан күні: 25.05.2020 16:31
Парақтағы соңғы өзгерістер: 25.05.2020 16:31

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

  

-A A +A