«Ақмола облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» ММ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері қызметі жөніндегі 2018 жыл бойынша есебі

1.Жалпы ережелер.

2018 жылғы мемлекеттiк қызметтер көрсету мәселелерi жөнiндегi қызмет туралы есепте «Ақмола облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» ММ мемлекеттiк қызметтер бойынша мәлiметтер енгiзiлдi.

2018 жылы қолданыстағы Мемлекеттiк қызметтер Тiзiлiмiне сәйкес, Басқарма 1 мемлекеттiк қызмет түрiн көрсетедi (Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2013 жылғы 18 қыркүйектегi № 983 қаулысымен енгiзiлген өзгерiстерiмен) — қосалқы (шунтталатын) электр беру желiлерi мен шағын станцияларды жобалауды және салуды келiсу.

Осы мемлекеттiк қызмет көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң кеңсесi, www.egov.kz «электрондық үкiметтiң» веб-порталы, сондай-ақ www.e-lisence.kz веб-порталы арқылы электродық (iшiнара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрiнде жүзеге асырылады, тегiн негiзде көрсетiледi.

«Қосалқы (шунтталатын) электр беру желiлерi мен шағын станцияларды жобалауды және салуды келiсу» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет регламентi Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандарты қолданысқа енгiзiлгеннен кейiн бекiтiлетiн болады.

Бұл мемлекеттiк қызмет сұранысқа ие емес.

2. Қызмет алушылармен жұмыс

«Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 19-бабына сәйкес көрсетiлетiн қызметтi берушiлердiң мемлекеттiк қызметтердi көрсету талаптары мен тәртiбi Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер стандарты мен регламентiнде айқындалады.

Мемлекеттiк қызметтер көрсету мәселелерi жөнiндегi бiрыңғай байланыс орталығы 1414, 8 800 080 7777.

2018 жылы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандарты мен регламентiнiң жобасын жария талқылау жүргiзiлген жоқ.

Мемлекеттiк қызметтердi көрсету сапасының тиiмдiлiгiн жоғары бағалауға қол жеткiзу, Мемлекеттiк қызметтердi көрсету кезiнде сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл бойынша шаралар қабылдау, оларды көрсетiлетiн қызметтi алушылар үшiн ұсынудың ашықтығы мақсатында:

- мемлекеттiк қызметтердi алу тәртiбi мен ережелерi туралы қызмет алушыларды ақпараттандыру бойынша тұрақты негiзде жұмыстар жүргiзiледi.

3. Мемлекеттiк қызметтер көрсету процестерiн жетiлдiру жөнiндегi қызмет

Мемлекеттiк қызметтi көрсету кезiнде қойылатын талаптарды оңтайландыру және қысқарту мақсатында осы қызмет электрондық нысанда көрсетiледi.

Қызмет «Е-Лицензиялау» МДҚ АЖ арқылы автоматтандырылған, баламалы негiзде «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы арқылы көрсетiледi.

Қызметкерлер мемлекеттiк қызмет көрсету саласында бiлiктiлiктi арттыру курстарына жiберiлген жоқ.

4. Мемлекеттiк қызметтер көрсету сапасын бақылау

2018 жылы қызмет алушылар тарапынан шағымдар түскен жоқ.

Мемлекеттiк қызметтер көрсету сапасын iшкi бақылау, мемлекеттiк қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөнiндегi уәкiлеттi орган мемлекеттiк қызметтер көрсету сапасына бақылау, мемлекеттiк қызмет көрсету сапасына қоғамдық мониторинг жүргiзiлген жоқ.

5. Көрсетiлетiн қызметтi алушылардың мемлекеттiк қызметтер көрсету сапасына қанағаттануын арттыру және одан әрi тиiмдiлiк перспективалары

Қазiргi уақытта «қосалқы (шунтталатын) электр беру желiлерi мен шағын станцияларды жобалауды және салуды келiсу» мемлекеттiк қызметi бойынша оңтайландыру бойынша жұмыс жүргiзiлдi.

Көрсетiлетiн қызметтi алушылардың мемлекеттiк қызмет көрсету сапасына қанағаттануын арттыру мақсатында келесi жұмыстарды жүргiзi жоспарлануда:

- Мемлекеттiк қызмет көрсету саласында қызметкерлердiң бiлiктiлiгiн арттыру;

- мемлекеттiк қызмет көрсету регламенттерiн әзiрлеудi, бекiтудi қамтамасыз ету, оның iшiнде мемлекеттiк қызмет көрсету регламенттерiне өзгерiстер және (немесе) толықтырулар енгiзу;

- көрсетiлетiн қызметтi алушылардың мемлекеттiк қызмет көрсету тәртiбi туралы қолжетiмдi түрде хабардар болуын қамтамасыз ету (стендтер, БАҚ, брошюралар).

Комментарии


Мақалың шыққан күні: 28.02.2019 17:04
Парақтағы соңғы өзгерістер: 28.03.2019 09:51

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

  

-A A +A