«Ақмола облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» ММ 2019 жылы мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы есебі

Жалпы ережелер

«Ақмола облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» мемлекеттік мекемесі Көкшетау қаласы, Абай көшесі, 89 мекенжайында орналасқан. Байланыс телефондары: 8(7162)298000, 298005, е-mail: energy@aqmola.gov.kz.

«Ақмола облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» ММ «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қыркүйектегі № 983 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 30 қыркүйектегі № 726 қаулысына сәйкес, 2019 жылдың 03 қазанынан бастап бір мемлекеттік қызмет көрсетеді.

«Қауіпті техникалық құрылғыларды есепке қою және есептен шығару» мемлекеттік көрсетілетін қызмет «Электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы көрсетіледі.

Аталған мемлекеттік қызмет тегін негізде көрсетіледі.

 

Мемлекеттiк қызметтің көрсету тәртiбiн айқындайтын заңға тәуелдi нормативтiк құқықтық актi бекітілмеген.

2019 жылдың қаңтар-желтоқсан аралығында 24 мемлекеттік қызмет көрсетілді.

Мемлекеттік қызметтердің атауы Қызметтер саны
1 «Қауіпті техникалық құрылғыларды есепке қою және есептен шығару» 24
БАРЛЫҒЫ 24

Осы мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғалар арасында сұранысқа ие болып табылады.

2.Қызметті алушылармен жұмыс

«Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 19-бабына сәйкес, көрсетiлетiн қызметтi берушiлердiң мемлекеттiк қызметтер көрсетуiне қойылатын талаптар және оларды көрсету тәртiбi мемлекеттiк қызметтер көрсету тәртiбiн айқындайтын заңға тәуелдi нормативтiк құқықтық актiде айқындалады. Мемлекеттік қызметтерді көрсетудің тәртібі туралы мәліметтер Ақмола облысы энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының http://energo.akmo.gov.kz сайтында орналастырылған.

Мемлекеттік органның сайтында «мемлекеттік қызметтер» бөлімі жұмыс істейді, онда стандарттар, шағымдану тәртібі, байланыс ақпараты, мемлекеттік қызметтер жадынамасы орналастырылған.

3. Мемлекеттiк қызмет көрсету процестерiн жетiлдiру жөнiндегi қызмет

«Қауіпті техникалық құрылғыларды есепке қою және есептен шығару» мемлекеттік қызметі «Е-лицензиялау» ақпараттық жүйесі арқылы электрондық нысанда «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы көрсетіледі. Бүгінгі күні бұл ақпараттық жүйе толық жұмыс істейді.

4. Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау

Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдары жыл ішінде түскен жоқ.

Ақмола облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы мемлекеттік қызметтердің сапасын және уақытылы көрсетілуін жақсарту мақсатында ішкі бақылау жүргізу кестесі бекітілді.

2019 жыл ішінде Басқарманың жауапты мамандарымен мемлекеттік қызмет көрсету стандарттары мен регламенттерінің талаптары бұзылған жоқ.

5.Мемлекеттік қызметтер көрсетудің одан әрі тиімділігінің перспективалары және сапасына көрсетілетін қызметтерді алушылардың қанағаттануын арттыру.

Мемлекеттiк қызметтердi көрсету сапасын арттыру арттыру мақсатында 2020 жылға мынадай iс-шаралар жоспарланды:

Мамандарды мемлекеттік қызметтер мәселелері бойынша біліктілікті арттыру курстарына жіберу;

Мемлекеттік қызметтерді уақытылы көрсету бойынша күнделікті мониторинг жүргізу;

«Электрондық үкімет» порталы арқылы танымал әлеуметтік желілер, мерзімді баспасөз басылымдары арқылы мемлекеттік қызметтерді алуға уәждемені күшейту және мүмкіндіктері туралы халықтың хабардар болуын қамтамасыз ету.

Комментарии


Мақалың шыққан күні: 05.03.2020 15:05
Парақтағы соңғы өзгерістер: 05.03.2020 15:05

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

  

-A A +A