Қазақстан Республикасының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғыртудың 2011 - 2020 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 30 сәуiрдегi № 473 Қаулысы

«Мемлекет басшысының 2011 жылғы 28 қаңтардағы «Болашақтың iргесiн бiрге қалаймыз!» атты Қазақстан халқына Жолдауын iске асыру жөнiндегi шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2011 жылғы 18 ақпандағы № 1158 Жарлығын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғыртудың 2011 — 2020 жылдарға арналған бағдарламасы бекiтiлсiн.

2. «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты жаңғыртудың 2020 жылға дейiнгi бағдарламасын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 1 қарашадағы № 1146 қаулысының күшi жойылды деп танылсын.

3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрi К.Мәсiмов

Қазақстан Республикасы

Үкiметiнiң

2011 жылғы 30 сәуiрдегi

№ 473 қаулысымен

бекiтiлген

Қазақстан Республикасының тұрғын үй-коммуналдық

шаруашылығын жаңғыртудың 2011 — 2020 жылдарға

арналған бағдарламасы

1. Бағдарламаның паспорты

Ескерту. 1-бөлiмге өзгерiс енгiзiлдi — ҚР Үкiметiнiң 2012.04.20 № 501 Қаулысымен.

Атауы Қазақстан Республикасының тұрғын

үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғыртудың

2011 — 2020 жылдарға арналған

бағдарламасы

Әзiрлеу үшiн Қазақстан Республикасы

негiздеме Президентiнiң «Мемлекет басшысының 2011 жылғы

28 қаңтардағы «Болашақтың iргесiн бiрге

қалаймыз!» атты Қазақстан халқына Жолдауын

iске асыру жөнiндегi шаралар туралы»

2011 жылғы 18 ақпандағы № 1158 және

«Қазақстан Республикасының 2020 жылға

дейiнгi Стратегиялық даму жоспары туралы» 2010

жылғы 1 ақпандағы № 922 жарлықтары

Бағдарламаны Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын

әзiрлеуге және iске үй-коммуналдық шаруашылық iстерi

асыруға жауапты агенттiгi

мемлекеттiк орган

Мақсаты Халықтың тұруына қолайлы жағдайды қамтамасыз

ету және коммуналдық инфрақұрылымның жағдайын

жақсарту

Мiндеттерi 1. Тұрғын үй қорын күтiп-ұстауды қамтамасыз

ету

2. Коммуналдық инфрақұрылымды жаңғырту

Iске асыру мерзiмдерi 2011 — 2020 жылдар

мен кезеңдерi 1-кезең: 2011 — 2015 жылдар

2-кезең: 2016 — 2020 жылдар

Нысаналы 1. 2015 жылға қарай күрделi жөндеудi талап

индикаторлары ететiн кондоминиум объектiлерiнiң үлесi 32

%-дан 22 %-ға төмендейдi;

2. 2015 жылға қарай жаңғыртылған жүйелердiң

ұзындығы 31 мыңнан астам км құрайтын болады

осы Бағдарламаны iске асыру шеңберiнде 24,4

мың км және «Ақ бұлақ» бағдарламасы бойынша)

6,7 мың км);

3. 2015 жылғы қарай тұтынушылардың кемiнде 50

%-ы және 2020 жылға қарай елдiң әр өңiрiндегi

тұтынушылардың кемiнде 70 %-ы коммуналдық

қызмет көрсету сапасына қанағаттанады

Қаржыландыру көздерi 2011 — 2020 жылдары Бағдарламаны

және көлемi iске асыру жөнiндегi iс-шараларды қаржыландыру

көлемi 877 170 млн. теңгенi құрайды, оның

iшiнде: республикалық бюджет — 304 478 млн.

теңге, жергiлiктi бюджет- 44 476 млн. теңге,

кәсiпорындардың қаражаты — 452 406 млн. теңге,

азаматтардың қаражаты — 75 810 млн. теңге.

Бағдарламаны iске асырудың бiрiншi кезеңiн

(2011 — 2015 жылдар) қаржыландыру көлемi 396

533 млн. теңгенi құрайды, оның iшiнде:

республикалық бюджет — 172 678 млн. теңге;

жергiлiктi бюджет — 20 436 млн. теңге;

кәсiпорындардың қаражаты — 184 899 млн. теңге;

азаматтардың қаражаты — 18 520 млн. теңге.

Бағдарламаны iске асырудың екiншi кезеңiн

(2016 — 2020 жылдар) қаржыландыру көлемi

бiрiншi кезеңде iске асырудың нәтижелерi

бойынша белгiленетiн болады.

2. Кiрiспе

Қазақстан Республикасының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғыртудың 2011 — 2020 жылдарға арналған бағдарламасы (бұдан әрi — Бағдарлама) Қазақстан Республикасы Президентiнiң «Мемлекет басшысының 2011 жылғы 28қаңтардағы «Болашақтың iргесiн бiрге қалаймыз!» атты Қазақстан халқына Жолдауын iске асыру жөнiндегi шаралар туралы» 2011 жылғы 18 ақпандағы № 1158 және «Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейiнгi Стратегиялық даму жоспары туралы» 2010 жылғы 1 ақпандағы № 922 жарлықтарына сәйкес әзiрлендi.

Бағдарлама коммуналдық инфрақұрылымға жаңғырту жүргiзу үшiн шаралар әзiрлеудi және қабылдауды қамтамасыз етедi, тұрғын үй қатынасының оңтайлы моделiн құрады, халыққа көрсетiлетiн тұрғын үй-коммуналдық қызметтердiңсапасын арттыруға, сондай-ақ қаржыландырудың әлеуметтiк тетiктерiн құру арқылы терможаңғыртуды қоса алғанда, кондоминиумның ортақ мүлкiне күрделi жөндеу жүргiзуге мүмкiндiк бередi.

3. Ағымдағы ахуалды талдау

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық (бұдан әрi — ТКШ) саласы өзара байланысты екi негiзгi элементтен тұрады:

коммуналдық қызметтердiң негiзгi тұтынушылары болып табылатын көп пәтерлi тұрғын үйлердi (бұдан әрi — КПТҮ) және жеке үй құрылыстарын қамтитын тұрғын үй секторы;

жылумен, газбен және электрмен жабдықтауды қамтамасыз ететiн желiлер мен құрылыстарды (жүйелердi) қамтитын коммуналдық сектор.

1. Тұрғын үй қоры және тұрғын үй қатынастары

Ескерту. 1-кiшi бөлiмге өзгерiс енгiзiлдi — ҚР Үкiметiнiң 28.02.2013 № 200 қаулысымен.

Қазақстан Республикасы Статистика агенттiгiнiң (бұдан әрi — ҚР СА) деректерi бойынша республиканың тұрғын үй секторының жалпы алаңы 270,9 млн. шаршы метрдi құрайды, оның iшiнде 263,9 млн. шаршы метр немесе 97,4 % тұрғын үй жеке меншiкке тиесiлi.

Жергiлiктi атқарушы органдардың (бұдан әрi — ЖАО) деректерi бойынша 2010 жылы КПТҮ-ге жататын тұрғын үйқорының 50,1 млн. шаршы метрi немесе 32 % жөндеудiң жекелеген түрлерiн жүргiзудi талап етедi, ал 3,8 млн. шаршы метрi (2 %) бұзылуға жататын, одан әрi пайдалануға жарамсыз авариялық тұрғын үйлер.

ҚР СА-ның деректерi бойынша Қазақстандағы тұрғын үй секторы босатылған жылу энергиясының шамамен 40 %-ын тұтынады. Бұл ретте, сараптамалық бағалау бойынша тұрғын ғимараттардағы босқа кеткен жылу ысырабы 30 %-ға жетедi.

2010 жылы жүргiзiлген зерттеулердiң деректерi бойынша Қазақстанда ғимараттардағы жылу энергиясының шығыны жылына бiр шаршы метр үшiн шамамен 240 кВт болады, бұл жылына 1 шаршы метрге 100-120 кВт деген ортаеуропалықкөрсеткiштен айтарлықтай төмен.

Бүгiнгi күнi көп пәтерлi тұрғын үй қорын басқару және күтiп ұстау саласы негiзiнен пәтер меншiк иелерiнiңкооперативтерi (бұдан әрi — ПИК) қызметiмен қамтамасыз етiледi, олар бiр мезгiлде жөндеу жұмыстары мен қызметтерiнiңтапсырыс берушi және мердiгер бола алады, нарықта «монополиялық» жағдайға ие және кондоминиум объектiлерiнiң ортақмүлкiн жөндеу бойынша сапалы қызмет көрсетуге тырыспайды.

Әдiлет органдарында жылжымайтын мүлiк ретiнде мемлекеттiк тiркеуден өткен кондоминиум объектiлерiнiң пайызы төмен екенi байлады. Айталық, Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң деректерi бойынша тiркелген кондоминиум объектiлерiнiң саны 14687 бiрлiктi құрайды, бұл кондоминиум объектiлерiнiң жалпы санының 8,5 %-ы болады (172164 бiрлiк).

Kөп пәтерлi тұрғын үйлердiң негiзгi проблемалары:

тұрғын үй иелерiнiң кондоминиум объектiсiн басқаруда белсендiлiгiнiң төмен болуы;

кондоминиум объектiлерiн басқару органдарының қызметiне пәтер иелерiнiң қанағаттанбауы;

басқару органдарының қызметiнде кондоминиум объектiсiн басқару және күтiп ұстау функцияларын шоғырландыру;

үйге ортақ мүлiктi күрделi жөндеуге ақшалай қаражат жинақтау практикасы әлсiз;

кондоминиум объектiлерiн басқару органдарына ортақ мүлiктi күрделi жөндеуге қол жетiмдi кредит беру тетiктерiнiңболмауы;

кондоминиум объектiсiнiң ортақ мүлкiн басқару және күтiп ұстау жөнiндегi қызметтерге төлемдердi жинау деңгейiнiңтөмен болуы;

тұрғын үй көмегiн көрсету тетiгiн пайдаланудың жеткiлiксiз деңгейi;

энергия ресурстарын тұтыну деңгейiнiң жоғары болуы;

инвестициялық тартымдылығының төмен болуы;

қолданыстағы қуаттардың және техникалық-технологиялық шешiмдердiң теңгерiмсiздiгi.

2. Коммуналдық инфрақұрылымның жай-күйi

Жылумен жабдықтау

ҚР СА-ның деректерi бойынша екi құбырлық деп есептегенде жылу желiлерiнiң жалпы ұзындығы 11,7 мың км немесе оның 32,6 %-ы немесе 3,8 мың км коммуналдық меншiкте, 67,4 %-ы немесе 7,9 мың км жеке меншiкте. Бұл ретте желiлердiңжалпы ұзындығының 63 %-ы ауыстыруды және жөндеудi талап етедi.

Жылу желiлерi қатты тозғандықтан жылу энергиясы ысырабының артуына алып келедi, ол 2009 жылы ҚР СА-ның деректерi бойынша 11,6 млн. Гкал немесе босатылған жылу энергиясының жалпы санының 17,5 %-ын құрады.

Жылумен жабдықтау жүйесi есептеу құралдарымен қамтамасыз етудiң өте төменгi деңгейiмен сипатталады. Сарапшылардың бағалауы бойынша оларға жалпы қажеттiлiк 45,8 мың бiрлiктi құрайды, 23,3 мың бiрлiк есептеу құралы орнатылған. Тиiстi деңгейде есепке алу болмағандықтан, жылу энергиясының нақты шығындары мен тұтыну деңгейiн анықтау мүмкiн емес.

Шамамен жылу энергиясының 30 %-ын қуаты 100 Г кал/сағ. кем шағын қазандықтар өндiредi. Осы жылу көздерi шамамен 60 % пайдалы әсер ету коэффициентiмен және отынның жоғарғы үлестiк шығыстарымен сипатталады, бұл жылына шартты отынның 645 300 тоннасын немесе 1,75 млрд. теңгенi артығымен жұмсауға, сондай-ақ қоршаған ортаға қосымша зиянды заттар шығаруға алып келедi.

Электрмен жабдықтау

Электрмен жабдықтау саласында барлық коммуналдық сектордың iшiнен жөндеудi талап ететiн желiлердiң үлесi өте жоғары. Айталық, 10/0,4 кВ электр желiлерiнiң жалпы ұзындығы республика бойынша 199,5 мың км құрайды, 73 % немесе 145,6 мың км жөндеудi талап етедi. Бұдан басқа, 10/0,4 кВ трансформаторлық қосалқы станциялар, электр беру желiлерi, үйдiңiшiндегi таратушы қондырғылар мен желiлер жөндеудi талап етедi.

Электрмен жабдықтау саласында есептеу құралдарымен қамтамасыз ету деңгейi коммуналдық шаруашылықтың басқа салаларымен салыстырғанда мейлiнше жоғары (88,5 %), олардың көпшiлiгi дәл есептеу сыныбы төмен ескi үлгiде.

Жұмыс iстеп тұрған электр жабдықтарының (трансформаторлық қосалқы станциялардың, үйдiң iшiндегi таратуқұрылғыларының, желiлердiң) технологиялық артта қалуы, сондай-ақ олардың энергетикалық тиiмдiлiгiнiң өемен болуы электр энергиясының техникалық және коммерциялық ысырабына себеп болып табылады, бұл жаңа технологияларды (энергетикалық тиiмдi жабдықтарды, аспалы оқшауланған сымды, ресурстар мен энергияны есепке алатын автоматтандырылған жүйелердi) жеткiлiктi қолданбаудың салдары болып табылады.

Газбен жабдықтау

Газ желiлерiнiң жалпы ұзындығы тұтастай республика бойынша 27,3 мың км болады, соның 33,7 %-ы (9,2 мың км) коммуналдық меншiкте, 66,3 %-ы (18,1 км) жеке меншiкте. Бұл ретте желiлердiң жалпы ұзындығының 54 %-ы ауыстыруды және жөндеудi талап етедi.

ҚР СА-ның деректерi бойынша 2009 жылы республика бойынша 594 елдi мекен табиғи газбен газдандырылды, бұл елдi мекендердiң жалпы санының 8,3 %-ы (7152), 16 елдi мекен сұйытылған газбен газдандырылды, бұл елдi мекендердiң жалпы санының 0,2 %-ы болады.

Газбен жабдықтау жүйесiнде тұтынылған қызметтердi есепке алу толық көлемде жүргiзiлмей отырғанын атап өткен жөн. 90-шы жылдарда орнатылған есептеу құралдары негiзiнен сертификатталмаған және дәл есептеу талаптарына сәйкес келмейдi.

Газ бөлу жүйелерiнiң қызметiн инспекциялау жүйесi жолға қойылмаған және газ бөлу қондырғыларына техникалыққызмет көрсету бойынша жұмыстар жүргiзiлмейдi.

Көп қабатты (2 қабаттан артық) үйлерде баллондағы газды пайдалану практикасын пайдалануды тездетiп шешу талап етiледi, бұған Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлiгiнiң талаптары бойынша үзiлдi-кесiлдi жол берiлмейдi.

Коммуналдық инфрақұрылымдағы негiзгi проблемалар:

инженерлiк желiлер мен құрылғылардың қатты тозуы;

ресурстарды тұтынуды есептеу құралдарымен қамтамасыз етудiң төмен деңгейде болуы;

саланың технологиялық жағынан артта қалуы, оның iшiнде инновациялық энергия мен ресурс үнемдеу технологиялары мен iс-шараларын қолдану практикасының әлсiз болуы;

желiлер мен құрылғыларды қайта жаңарту жөнiндегi жобаларды бюджеттен тыс көздерден қаржыландыру көлемiнiңжеткiлiксiз болуы.

3. Саланы мемлекеттiк реттеудiң қолданыстағы саясатын талдау

ТКШ-тiң нормативтiк-техникалық базасында шамамен 169 нормативтiк-техникалық құжат (бұдан әрi — НТҚ) бар. Бүгiнгi күнi осы құжаттар секторды қазiргi заманғы технологиялық дамытудың талаптарына толық сәйкес келмейдi және энергетикалық тиiмдiлiктi арттыруға, үлестiк пайдалану шығындарын төмендетуге, инновациялық технологияларды енгiзуге ынталандырмайды.

ТКШ саласындағы мемлекеттiк реттеудi талдау тұрғын және қоғамдық ғимараттардың пайдалану сипаттамаларыныңбұрынғы Кеңес Одағы кезеңiнде әзiрленген қолданыстағы нормалары осы заманғы энергия үнемдеу стандарттарына сай келмейтiнiн куәландырады.

4. ТКШ-дегi ағымдағы жағдайдың күштi және әлсiз жақтарын талдау

Ескерту. 4-кiшi бөлiмге өзгерiс енгiзiлдi — ҚР Үкiметiнiң 28.02.2013 № 200 қаулысымен.

Күштi жақтары

Әлсiз жақтары

Қауiптер (тәуекелдер)

Мүмкiндiктер

республика халқыныңтұрғын үймен қамтамасыз етiлудiң жоғары деңгейi

КПТҮ-дi тиiстi күтiп ұстау мен пайдалануға бақылауәлсiз

КПТҮ қатты тозған

КПТҮ-дi жөндеу жөнiнде iс-шаралар жүргiзу

коммуналдық желiлер мен объектiлер жүйесiн дамыту

инженерлiк желiлер мен объектiлердiң қатты тозуы

коммуналдық желiлер мен объектiлердегi апатты жағдайдың және ысыраптың одан әрi өсуi

инженерлiк желiлер мен объектiлерге жаңғырту және қайта жаңғырту жүргiзу, оның iшiнде мемлекеттiк-жеке меншiкәрiптестiк қағидаттарында жобаларды iске асыру арқылы өткiзу

ТКШ саласын шикiзат базасымен қамтамасыз етудi дамыту

қолда бар ресурстардыұтымсыз пайдалану және ысыраптың жоғары деңгейi

халық үшiн тарифтердiңартуы

энергия және ресурсүнемдейтiн iс-шаралар жүргiзу

мемлекет тарапынан ТКШ саласын қолдау

тиiмдi және дәл жоспарлаудың болмау

ТКШ саласындағы бағдарламалар бойынша республикалық бюджеттi секвестрлеу

ТКШ саласынқаржыландырудың жаңа тетiктерiн әзiрлеу

электрмен жабдықтауда сараланған тарифтердiқолдану практикасыныңболуы

5 және одан көп жылдарғаұзақ мерзiмдi тарифтердiңболмауы

реттелмеген тарифтер нәтижесiнде ТКШ саласының бәсекегеқабiлетiнiң төмендеуi

ТКШ-тiң басқа салаларындаұзақ мерзiмдi және сараланған тарифтердiқолдану мүмкiндiгi

ТКШ саласы үшiн тауарларөндiретiн отандықкәсiпорындардың болуы

ТКШ саласының бәсекегеқабiлетiнiң төменгi деңгейi,әлсiз материалдық- техникалық база, қажеттi технологиялар трансфертiнiңболмауы

технологияларды практикадақолдану мүмкiн еместiгiнiңықтималдығы

ғылыми зерттеулер жүргiзу және конструкторлықәзiрлемелер, ТКШ саласында инновациялықтехнологиялар трансферт, отандық өндiрiстi ынталандыру жөнiндегi шетелдiк тәжiрибенi пайдалану

аз қамтамасыз етiлген азаматтарға тұрғын үй көмегiн көрсету тетiгiнiңболуы

кондоминиум объектiлерiн күрделi жөндеуге тұрғын үй көмегiн көрсету тетiгiнiңболмауы

қаржыландырмау

кондоминиум объектiлерiнiңортақ мүлкiн жөндеуге тұрғын үй көмегiн бөлу

5. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы

тауарларды, жұмыстарды, қызметтердi қазақстандық

қамтуды талдау

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi Кедендiк бақылау комитетiнiң 2009 жылғы деректерi және сыртқы сауда көрсеткiштерi бойынша отандық тауарлар өндiрiсiнiң жай-күйiн талдау iшкi нарықта тауарлардың бәсекеге қабiлетiнiңжоғары емес екенiн көрсетедi.

Көрсеткiш

Мәнi, млн. теңге

Үлесi, %

ТКШ саласында қолданылатын өнiмдердiң тауар айналымы, оның iшiнде:

280 548,8

экспорт

62 456

22,3 %

импорт, оның iшiнде

218 092,8

77,7 %

Ресейден

76 878,5

35,2 %

Қытайдан

31861

14,6 %

Сондай-ақ коммуналдық сектор саласы үшiн тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердiң жекелеген түрлерiнiң өндiрiсiндеқазақстандық қамтудың үлесiн арттыру бойынша әлеуеттiң бар екенiн атап өткен жөн.

6. Шетелдiк оң тәжiрибеге шолу

Нарықтық экономикасы дамыған елдерде тұрғын үй-коммуналдық қызметтердi мемлекеттiк және жеке секторлардыңаясында ұйымдастырудың бай тәжiрибесi жинақталған.

Шығыс Еуропа елдерiнiң көп пәтерлi тұрғын үйлердi басқару жөнiндегiдегi тәжiрибесi тұрғын үй иелерi тұрғын үй иелерiнiң серiктестiктерiне (бұдан әрi -ТИС) бiрiгетiнiн (ТИС — қазақстандық ПИК ұқсасы) және конкурстық негiзде кәсiптiк сервистiк компанияны тартатынын, олар тұрғын үйдi күтiп ұстаумен және пайдаланумен байланысты жұмыстардың барлықтүрлерiн орындайтынын көрсетедi. ТИС тек орындалған жұмыстарға мониторинг және бақылау жүргiзедi. Көрсетiлгенқызметтердiң сапасы қанағаттанғысыз болған жағдайда басқа сервистiк компанияны жұмысқа шақыру туралы шешiмқабылдайды.

Әлемдiк практикада мемлекеттiк жеке-меншiк әрiптестiк (бұдан әрi — МЖӘ) бойынша айрықша табысты тәжiрибе, кеңiненқолдану және ТКШ саласында МЖК нысандарын дамытудың жоғарғы деңгейi, әдеттегiдей, Батыс Еуропа және Солтүстiк Америка елдерiнiң жоғары дамыған елдерiнде байқалады. Ал перспективалы экономикалық көшбасшыларға (Қытай, Үндiстан, Ресей, Бразилия және т. б.), сондай-ақ бұрынғы кеңестiк кеңiстiктегi көптеген елдерiне қатысты айтатын болсақ, олар әлi де болса МЖӘ нысандарын дамыту тәжiрибесi бойынша, қолданылу аясы бойынша да едәуiр артта қалған.

Шетелдiк тәжiрибе тұрғын үй-коммуналдық саладағы МЖӘ дамытудың келесi бағытын көрсетедi:

тұрғын үй қорын ұйымдастыру және пайдалану (Америка Құрама Штаттары, Ұлыбритания, Бельгия, Нидерланды, Швеция, Австрия);

тұрғындарға тұрмыстық қызмет көрсету: жөндеу қызметтерi, аулалық аймақтарды абаттандыру, жинау, тұрмыстыққалдықтарды жою және қайта өңдеу (Америка Құрама Штаттары, Ұлыбритания, Франция, Германия, Жапония, Канада, Швеция, Австрия);

жинау жұмыстары, көгалдандыру (Америка Құрама Штаттары, Ұлыбритания, Австрия, Германия, Бельгия, Канада);

көлiктiк қызмет көрсету (Америка Құрама Штаттары, Ұлыбритания, Франция, Швеция, Австрия);

жолдарды жөндеу және күтiп ұстау (Америка Құрама Штаттары, Ұлыбритания, Франция, Италия, Бельгия, Латын Америкасы елдерi, Австрия).

Назарға алатын бiр жайт, дамыған елдерде коммуналдық инфрақұрылымдарды мемлекеттiк реттеу жойылмаған, сонымен бiрге ТКШ-ның қандай да бiр саласына арнайы қажеттiлiк әсерiмен терең эволюцияны бастан өткiзген.

Батыс және Шығыс Еуропа елдерiнде тұрғын үй секторында мамандандырылған қаржы институттарын құру арқылы кондоминиум объектiлерiнiң ортақ мүлкiне күрделi жөндеу жүргiзу (жаңғырту) бойынша көп пәтерлi тұрғын үйлердiңиелерiн мемлекеттiк қолдау жөнiнде бiрқатар шараларды iске асырылды, олар көп пәтерлi тұрғын үйлердi жаңғыртуға және жалға берiлетiн муниципалдық тұрғын үй қорын арттыруға кредиттер мен субсидиялар бередi.

Осы елдерде қабылданған мемлекеттiк бағдарламалар жергiлiктi билiк органдарын, тұрғын үй иелерi мен оларды жалдаушыларды тарту арқылы тұрғын үй қорының энергетикалық тиiмдiлiгiн арттыруға арналған.

7. Қоршаған ортаға әсердi бағалау

Қоршаған ортаға айтарлықтай әсер ететiн коммуналдық саладағы объектiлерге жылыту объектiлерi: қазандықтар, жылу орталықтары, тазарту құрылыстары, сырқынды суды жасанды-биологиялық тазарту құрылғылары жатады, жаңа объектiлердi жобалаған немесе қолданыстағы объектiлердi қайта жаңартқан кезде «Қоршаған ортаны қорғау» бөлiмi бар жұмыс жобалары пайдаланылады, олар әзiрленуiне қарай және жоспарлар iске асырылатын жерде мемлекеттiк экологиялық сараптамадан мiндеттi түрде өтедi.

Энергиямен үнемдеу жөнiндегi iс-шараларды жүргiзу электр және жылу энергияларының қажеттiлiгiн қамтамасыз етуге арналған отынның шығыстарын едәуiр қысқартады. Жылу және электр энергиясының көздерiн, жылу және электр желiлерiн жаңғырту және қайта жаңарту жаңа энергия үнемдейтiн технологияларды пайдалану арқылы жүргiзiледi, бұл өнiмнiңбiрлiгiне шаққанда парниктiк газдарды атмосфераға шығаруды төмендетедi.

4. Бағдарламаның мақсаты, мiндеттерi, нысаналы

индикаторлары және оны iске асыру нәтижелерiнiң

көрсеткiштерi

Ескерту. 4-бөлiмге өзгерiс енгiзiлдi — ҚР Үкiметiнiң 28.02.2013 № 200 қаулысымен.

жылдар

2011

2012

2013

2014

2015

2016

2017

2018

2019

2020

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

Мақсат. «Халықтың тұруына қолайлы жағдайды қамтамасыз ету және коммуналдық инфрақұрылымның жағдайын жақсарту»

1-мiндет. «Тұрғын үй қатынасының оңтайлы моделiн құру»

Нысаналы индикатор — жауапты орындаушыларҚТКIША және ЖАО

нәтижелер көрсеткiштерi

2015 жылға қарай күрделi жөндеудi талап ететiн кондоминиум объектiлерiнiң үлесi 2010 жылғы 32 %-дан 2015 жылға қарай 22 %-ға төмендейдi, %

30

28

25

22

20

18

16

14

13

12

тұрғын үй қорын нормативтiк пайдалануды дербесқамтамасыз ететiн кондоминиум объектiлерiнiң үлесi, %

70

72

75

78

80

82

84

86

87

88

2-мiндет. «Коммуналдық инфрақұрылымды жаңғырту»

Нысаналы индикатор — жауапты орындаушыларҚГКIША, ЖАО, «КЕГОК» АҚ және «ҚазТрансГаз» АҚ(келiсiм бойынша)

нәтижелер көрсеткiштерi

2015 жылға қарай жаңғыртылған жүйелердiң ұзындығы 31 мыңнан астам кмқұрайтын болады (осы Бағдарламаны iске асыру шеңберiнде 24,4 мың км және «Ақбұлақ» бағдарламасы бойынша) 6,7 мың км

2,3

4,8

8,2

9,1

9,7

12,3

14,7

17,1

18,4

20,7

Нысаналы индикатор — жауапты орындаушыларҚТКШIА және ЖАО

нәтижелер көрсеткiштерi

Жөндеудi талап ететiн желiлердiң үлесi: (%)

жылумен жабдықтау

63

61

58

55

52

50

47

45

43

40

электрмен жабдықтау

73

71

70

68

66

63

61

58

55

53

газбен жабдықтау

54

53

52

51

50

48

45

43

41

38

2015 жылға қарай елдiңәр өңiрiндегi тұтынушылардыңкемiнде 50 %-ы коммуналдық қызмет көрсету сапасынақанағаттанады, %

40

45

47

50

52

56

60

65

70

75

5. Бағдарламаны iске асыру кезеңдерi

Бағдарламаны iске асыру белгiленген мiндеттер бөлiнiсiнде екi кезеңде жүзеге асырылатын болады:

1-кезең: 2011 — 2015 жылдар

2-кезең: 2016 — 2020 жылдар Бағдарламада мынадай iс-шаралар iске асырылады:

1) тұрғын үй қатынасының оңтайлы моделiн құру

2) коммуналдық инфрақұрылымды жаңғырту

1. Тұрғын үй қорын күтiп-ұстауды қамтамасыз ету

Ескерту. 1-кiшi бөлiм жаңа редакцияда — ҚР Үкiметiнiң 2012.04.20 № 501 қаулысымен; өзгерiс енгiзiлдi — ҚР Үкiметiнiң28.02.2013 № 200 қаулысымен.

2011 жылы сервистiк компанияларды тарта отырып, кондоминиум объектiлерiнiң ортақ мүлкiн басқару, күтiп ұстау және жөндеу жөнiндегi «пилоттық» жобаларды iске асыру.

2011 жылы кондоминиум объектiлерiнiң ортақ мүлкiн жөндеудi қайтарымды қаржыландырудың жаңа тетiктерiн әзiрлеу және енгiзу.

Азаматтардың жинақ жүйесiн және аз қамтамасыз етiлген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегiн көрсетудi пайдалана отырып, 2012 — 2015 жылдары кондоминиум объектiлерiнiң ортақ мүлкiн жөндеу жұмыстарын қаржыландырудыңжаңа тетiктерiн iске асыру.

Кондоминиум объектiсiнiң ортақ мүлкiн басқару мен күтiп-ұстау функцияларын кондоминиум объектiлерiн басқару органдары мен сервистiк компаниялардың арасында бөлетiн тұрғын үй қатынасының оңтайлы моделiн енгiзу, сондай-ақкондоминиум объектiлерiнiң ортақ мүлкiн жөндеудi қаржыландыру тетiктерiн құру.

2011 жылғы 22 шiлдеде қабылданған «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне тұрғын үй қатынастары мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының шеңберiнде кондоминиум объектiсiн басқару функцияларын кондоминиум объектiлерiн басқару органдарына, ал күтiп ұстау функцияларын сервистiкқызметтiң субъектiлерiне заңнамалық түрде бекiтiп беру көзделген.

Кондоминиум объектiсiн күтiп-ұстау дегенiмiз кондоминиум объектiсiнiң ортақ мүлкiн пайдалану, оған жөндеу жүргiзуүшiн объектiнi басқару органымен шарттың негiзiнде сервистiк қызметтiң субъектiлерi iске асыратын ұйымдастырушылықжәне техникалық iс-шаралардың жиынтығы деп түсiну қажет. Қазақстанның жекелеген қалаларында жаңа схеманы сынақтанөткiзу мақсатында шарттық негiзде сервистiк компанияларды тарта отырып, көп пәтерлi тұрғын үй қорын күтiп ұстау жөнiндегi «пилоттық» жобалар iске асырылатын болады.

Кондоминиум объектiлерiнiң ортақ мүлкiн жөндеу үйдiң едендерiн, қабырғаларын, шатырларын жылылау есебiненғимараттың қоршау конструкцияларының жылу-техникалық сипаттамасын жақсарту жөнiндегi құрылыс жұмыстары түрiндегi терможаңғырту элементтерiн өзiне қамтуға тиiс. Ғимаратты терможаңғырту жөнiндегi кешендi жұмыстар кезiнде тұтынылатын жылуды реттеудiң автоматтандырылған жүйесi орнатылады.

Терможаңғырту элементтерiмен ағымдағы жөндеу жүргiзу нәтижесiнде 10 пайызға дейiн, күрделi жөндеу жүргiзу нәтижесiнде — 30 пайызға дейiн тұтынылатын жылуды үнемдеуге қол жеткiзiледi.

2011 — 2012 жылдары кондоминиум объектiлерiнiң ортақ мүлкiн ағымдағы және күрделi жөндеу мынадай екi тетiк бойынша жүргiзiлетiн болады.

1-тетiк.

Республикалық бюджеттен жергiлiктi атқарушы органдарға нысаналы трансферттер бөлiнедi, олар мамандандырылғанөңiрлiк ұйымдарды — әлеуметтiк-кәсiпкерлiк корпорацияларды (бұдан әрi — ӘКК) капиталдандыруға бағытталатын болады.

Кондоминиум объектiсiн басқару органы, мердiгер, ӘКК мен үй-жай (пәтер) иелерiнiң арасында кондоминиум объектiлерiнiң ортақ мүлкiн жөндеуге шарт жасалады.

Сервистiк қызмет субъектiсiн таңдауды кондоминиум объектiсiнiң үй-жай (пәтер) иелерi жалпы жиналыста жүзеге асырады.

Кондоминиум объектiсiн басқару органы әрбiр объектiге екiншi деңгейдегi банкте жинақ шотын ашады.

Шартта белгiленген мерзiмi iшiнде үй-жай (пәтер) иелерi екiншi деңгейдегi банктердегi жинақ шотына ай сайынғы жарналарды жүргiзедi.

ӘКК сервистiк қызмет субъектiсiне жөндеу жұмыстарының құнын төлейдi.

Жинақталған қаражат екiншi деңгейдегi банктiң шотынан орындалған жұмыстардың төлемi ретiнде ӘКК-ге аударылады,қаражатты одан әрi ӘКК басқа үйлердi жөндеуге жұмсайды.

2-тетiк.

2011 жылы республикалық бюджеттен жергiлiктi атқарушы органдарға нысаналы трансферттер бөлiнедi, олар мемлекетқатысатын мамандандырылған уәкiлеттi ұйымдарды капиталдандыруға жұмсалатын болады.

2012 жылы республикалық бюджеттен облыстардың, Астана және Алматы қалаларының ЖАО-ға жылына 0,1 % ставкамен 7 жылға кредит бөлiнетiн болады.

Облыстың ЖАО облыстық маңызы бар қаланың, ауданның ЖАО-сына кредит бередi.

Облыстық маңызы бар қаланың, ауданның ЖАО-сы мемлекет қатысатын мамандандырылған уәкiлеттi ұйым құрады немесе осындай жұмыс iстеп жатқан ұйымдарды тартады және оларға кредит бередi.

Жергiлiктi атқарушы орган мамандандырылған уәкiлеттi ұйымның кондоминиум объектiлерiнде жұмыстардыұйымдастыру және жөндеу жүргiзу бойынша шығыстарын өтеудi қамтамасыз етедi.

Кондоминиум объектiсiн басқару органы, бас мердiгер болып табылатын мамандандырылған уәкiлеттi ұйым мен үй-жай (пәтер) иелерi арасында кондоминиум объектiлерiнiң ортақ мүлкiн жөндеуге шарт жасалады.

Үй-жай (пәтер) иелерiнiң жалпы жиналысымен келiсiм бойынша мамандандырылған уәкiлеттi ұйым жөндеу жұмыстарын жүргiзу үшiн қосалқы мердiгерлердi таңдайды.

Мамандандырылған уәкiлеттi ұйым қосалқы мердiгерлердi тарту мүмкiндiгiмен ортақ мүлiктi жөндеудiң әрқилы түрлерiн жүргiзедi.

Кондоминиум объектiсiн басқару органы әрбiр объектiге екiншi деңгейдегi банкте жинақ шотын ашады.

Шартта белгiленген мерзiмi iшiнде үй-жай (пәтер) иелерi екiншi деңгейдегi банктердегi жинақ шотына ай сайынғы жарналарды жүргiзедi.

Жинақталған қаражат екiншi деңгейдегi банктiң шотынан мамандандырылған уәкiлеттi ұйымға орындаған жұмыстарға бөлiп-бөлiп ақы төлеу ретiнде аударылады.

Тұрғындар қайтарған соманы мамандандырылған уәкiлеттi ұйым кондоминиумның басқа объектiлерiн жөндеуге жұмсайды.

Тұрғын үй қорында және республиканың әлеуметтiк саласында энергия пайдаланудың тиiмдiлiгiне талдау жүргiзу мақсатында 2011 — 2013 жылдары көп пәтерлi тұрғын үйлерге және әлеуметтiк сала объектiлерiне орталықтандырылған энергетикалық аудит жүргiзу көзделiп отыр.

Бұл үшiн Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық iстерi агенттiгiне (бұдан әрi -ҚТКШIА) республикалық бюджеттен трансферттер бөлiнедi. Осы қаражат есебiнен ҚТКШIА әртүрлi конструктивтi орындалған және республиканың әртүрлi климаттық аймақтарындағы ғимараттарға энергетикалық тексеру жүргiзедi.

2014 жылдан бастап көрсетiлген трансферттер облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жергiлiктi атқарушы органдарына бөлiнедi, олар жөндеу жұмыстары жүргiзiлетiн үйлерде энергетикалық аудит жүргiзедi.

Кондоминиум объектiлерiнiң ортақ мүлкiн жөндеу аяқталып, жылыту маусымы өткеннен кейiн жергiлiктi атқарушы орган осы жөндеудiң энергия тиiмдiлiгiн бағалау үшiн қайта энергетикалық аудит жүргiзедi.

Энергия үнемдеудiң мемлекеттiк саясатын iске асыру мақсатында бюджет қаражатын пайдалана отырып, ортақ мүлiкке жөндеу жүргiзу шарттарының бiрi олардың жылу-техникалық сипаттамаларын жақсарту, үйге ортақ есептеу құралдарын және жылуды тұтынуды реттеудiң автоматтандырылған жүйесiн орнату болып табылады.

Осы мiндеттердi жөндеу жұмыстарының мынадай үлгiлiк түрлерi негiзiнде жобалау алдындағы және жобалауқұжаттамасын әзiрлеу арқылы шешуге болады:

«Жертөле» деген бiрiншi түрiне үйге ортақ жылумен жабдықтау, электрмен жабдықтау, сумен жабдықтау және су бұру желiлерiн жөндеу, үйге ортақ жылу энергиясын есептеу аспабы мен сыртқы және iшкi ауаның температурасына байланысты жылу тұтынуды реттеудiң автоматтандырылған жүйесiн орнату, энергия үнемдейтiн жарықтандыру жүргiзу, Жертөленiңқабырғаларын, төбесiн және еденiн жөндеу жұмыстары жатады.

«Кiреберiс» деген екiншi түр кiреберiсте энергия үнемдейтiн терезелер мен есiктер орнатуды, кiреберiстi жөндеудi, домофон, почта жәшiктерiн және өзге де кiреберiс жабдықтарын орнатуды қамтиды.

«Шатыр» деген үшiншi түр шатырды жөндеудi және энергия үнемдейтiн материалдармен жылылауды қамтиды, бұл ретте шатырдың конструкциясын тегiс түрден сырғымалы түрге өзгертуге болады.

«Қасбет» деген төртiншi түр қасбетiн жөндеу мен жылылауды, тұрғын үйдiң сыртқы келбетiн өзгертудi қамтиды.

Энергия тиiмдiлiгiн арттыру мақсатында жөндеу жұмыстарының бiрiншi, екiншi, үшiншi және төртiншi түрлерiн жүргiзген кезде үйге ортақ жылу энергиясын есепке алу аспабы, сондай-ақ үй-жай (пәтер) иелерiнiң жалпы жиналысыныңшешiмi бойынша жылуды тұтынуды реттеудiң автоматтандырылған жүйесi орнатылады.

«Лифт» деген бесiншi түрге лифтiлердi және лифт жабдықтарын жөндеу немесе ауыстыру жұмыстары жатады.

«Ағымдағы жөндеу» деген алтыншы түрге ғимараттың жекелеген элементтерiн және конструкцияларын таңдаулы ағымдағы жөндеу жатады.

Үй-жай (пәтер) иелерi жалпы жиналыста жөндеу жұмыстарының түрлерi мен көлемдерiн бекiткен кезде олардың жекелегенүлгi түрлерiн, сондай-ақ әртүрлi аралас түрлерiн пайдалана алады.

Кондоминиум объектiлерiнiң ортақ мүлкiн жөндеу жөнiндегi жобаларды iске асыру сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттiк нормативтiк құжаттарға сәйкес жүргiзiлуге тиiс.

2013 жылдан бастап кондоминиум объектiлерiнiң ортақ мүлкiн жөндеу мынадай тетiктер бойынша жүргiзiледi.

Республикалық бюджеттен облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жергiлiктi атқарушы органдарына нысаналы трансферттер бөлiнедi, олар мемлекеттiң қатысуымен мамандандырылған уәкiлеттi ұйымдарды капиталдандыруға жұмсалатын болады.

Мамандандырылған уәкiлеттi ұйымдарды капиталдандыруға арналған бюджеттiк өтiнiмдi қалыптастыру экономикалықсараптаманың қорытындысын қоса бере отырып, қаржы-экономикалық негiздеменiң (ҚЭН) және кондоминиум объектiлерiнiңортақ мүлкiн техникалық тексеру актiлерiнiң негiзiнде жүргiзiледi.

Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жергiлiктi атқарушы органдары қажет болған жағдайда көрсетiлген тетiктi iске асыру үшiн

жергiлiктi бюджеттiң қаражатын пайдаланады.

Кондоминиум объектiсiн басқару органы, үй-жай (пәтер) иелерi мен бас мердiгер болып табылатын мамандандырылған уәкiлеттi ұйым арасында кондоминиум объектiлерiнiң ортақ мүлкiн күрделi жөндеуге шарт жасалады.

Мамандандырылған уәкiлеттi ұйым қосалқы мердiгер ұйымды таңдаған кезде конкурстық комиссияның құрамына кондоминиумның жөнделетiн объектiлерiнiң үй-жай (пәтер) иелерiнiң өкiлдерiн қосады.

Мамандандырылған уәкiлеттi ұйым қосалқы мердiгерлердi тарту мүмкiндiгiмен ортақ мүлiктi жөндеудiң әрқилы түрлерiн жүргiзедi.

Кондоминиум объектiсiн басқару органы үй-жай (пәтер) иелерi бастапқы жарна жинақтауы үшiн кондоминиумның әрбiр объектiсiне екiншi деңгейдегi банкте жинақ шотын ашады.

Осы қаражатты кондоминиум объектiсiн басқару органы бастапқы жарна енгiзуге және мамандандырылған уәкiлеттi ұйым орындаған жөндеу жұмыстарына ақы төлеуге пайдаланады.

Шартта белгiленген мерзiм iшiнде үй-жай (пәтер) иелерi екiншi деңгейдегi банктердегi жинақ шотына ай сайынғы жарналарды жүргiзедi.

Күнкөрiсi төмен отбасылар (азаматтар) үшiн үй-жайдың (пәтердiң) пайдалы алаңының 1 шаршы метрi үшiн орындалған жұмыс төлемiнiң мөлшерi ай сайын АЕК-тiң 5 %-ынан артық болмауға тиiс.

Төлемнiң осы мөлшерiн негiзге ала отырып, үй-жай (пәтер) иелерiнiң шартты орындау мерзiмi белгiленедi.

Үй-жай (пәтер) иелерi жинаған бастапқы жарнаның мөлшерi мынадай тәртiппен белгiленедi:

2013 жылдан бастап — 3 %;

2014 жылдан бастап — 5 %;

2015 жылдан бастап — кемiнде 7 %.

Бастапқы жарнаға ақшалай қаражаттан басқа кондоминиум объектiлерiн тiркеуге, техникалық аудит жүргiзуге және ақау ведомосiн әзiрлеуге, жобалау-сметалық құжаттаманы (ЖСҚ) әзiрлеу мен мемлекеттiк сараптама жүргiзуге арналған шығындар, сондай-ақ кондоминиум объектiсiнiң ортақ мүлкiн жөндеуге байланысты өзге де шығындар жатады.

Тұрғындар қайтарған соманы мамандандырылған уәкiлеттi ұйым басқа кондоминиум объектiлерiн жөндеуге пайдаланады.

Перспективада мамандандырылған уәкiлеттi ұйымның рөлiн кәсiпкерлiк құрылымдар, ал оларды қаржыландыруды — мамандандырылған қаржы институттары (агенттiктер) және екiншi деңгейдегi банктер алады.

Осы тетiктi iске асыру үшiн оған қатысушылар мынадай әрекет жасауға тиiс.

Жергiлiктi атқарушы органдар:

1) үй-жай (пәтер) иелерiнiң өтiнiмдерi бойынша жоғарыда көрсетiлген тетiктiң шеңберiнде жөндеуге жататын үйлердiңтiзбесiн қалыптастырады;

2) тұрғын үй инспекцияларына тиiстi актiлердi бере отырып, кондоминиум объектiсiнiң ортақ мүлкiне техникалық тексеру жүргiзудi ұйымдастырады;

3) тұрғын үйге энергетикалық аудит жүргiзудi ұйымдастырады;

4) ЖСҚ келiсудi қамтамасыз етедi;

5) мамандандырылған уәкiлеттi ұйымның жарғылық капиталын ұлғайту үшiн ҚЭН әзiрлейдi;

6) ҚЭН-ге экономикалық сараптама жүргiзудi қамтамасыз етедi;

7) ҚЭН және экономикалық сараптамасы бар бюджеттiк өтiнiмдi ҚТКШIА-ге жiбередi;

8) жөндеу жұмыстарының барысын бақылауды және үй-жай (пәтер) иелерiнен қаражаттың қайтарылуына мониторингтiқамтамасыз етедi;

9) аз қамтамасыз етiлген азаматтарға тұрғын үй көмегiн төлеудi ұйымдастырады.

Мамандандырылған уәкiлеттi ұйым:

1) басқару органы мен үй-жай (пәтер) иелерi арасында жөндеу жұмыстарын орындауға шарт жасасуды;

2) үй-жай (пәтер) иелерiнiң өкiлдерiмен бiрлесiп, қосалқы мердiгер ұйымды таңдау бойынша конкурс өткiзудi;

3) жөндеу жұмыстарын орындау және шартқа сәйкес төлемдердi қабылдауды;

4) үй-жай (пәтер) иелерiнен — шартқа қатысушылардан берешектердi сот тәртiбiмен өндiрiп алуды ұйымдастыруды жүзеге асырады.

Кондоминиум объектiсiн басқару органы:

1) кондоминиум объектiсiн тiркеудi жүзеге асырады;

2) екiншi деңгейдегi банктерден кондоминиум объектiсiне ағымдағы және жинақ шоттарын ашуды қамтамасыз етедi;

3) кондоминиум объектiлерiнiң ортақ мүлкiне техникалық аудит жүргiзудi және ақау ведомосiн жасауды ұйымдастырады;

4) ЖСҚ әзiрлеудi және оған мемлекеттiк сараптама жүргiзудi ұйымдастырады;

5) мамандандырылған уәкiлеттi ұйыммен шартқа қол қоюды қамтамасыз етедi;

6) орындалған жұмысты қабылдауға қатысады;

7) жалпы жиналыстың шешiмiн орындаудан бас тартқан және шартқа қатыспайтын үй-жай (пәтер) иелерiнен берешектi сот тәртiбiмен өндiрiп алу туралы талап арыз берудi жүзеге асырады.

Үй-жай (пәтер) иелерiнiң жалпы жиналысы:

1) кондоминиум объектiсiнiң ортақ мүлкiне жөндеу жүргiзу туралы шешiм қабылдайды;

2) ҚТКШIА бекiткен жөндеу жұмыстарының түрлерiн таңдауды жүзеге асырады;

3) бастапқы жарнаға жұмсалатын шығыстар сметасын бекiтедi;

4) қосалқы мердiгерлердi таңдау жөнiндегi конкурстық комиссияға қатысу үшiн өкiлдердi таңдауды қамтамасыз етедi;

5) қосалқы мердiгерлердi таңдауға келiсiм берудi жүзеге асырады;

6) кондоминиум объектiсiнiң ортақ мүлкiн жөндеуге арналған ЖСҚ-ны бекiтедi;

7) әрбiр үй-жайға (пәтерге) жүктелетiн кондоминиум объектiсiнiң ортақ мүлкiн жөндеуге жұмсалатын шығыстардыңсметасын бекiтедi, ол жеке (бөлек) меншiктегi тұрғын (немесе) тұрғын емес пайдалы алаңның осы кондоминиум объектiсiндегi барлық тұрғын пайдалы алаңның және барлық тұрғын емес алаңның сомасына қатынасы бойынша анықталады;

8) екiншi деңгейдегi банктердiң шотында ай сайынғы жарналардың мөлшерiн бекiтедi;

9) мамандандырылған уәкiлеттi ұйыммен шартқа қол қоюды қамтамасыз етедi;

10) орындалған жұмыстарды қабылдауға қатысу үшiн өкiлдердi таңдайды.

Орындалған жұмыстарды қабылдауға ЖАО-ның тұрғын үй инспекциялары, кондоминиум объектiсiн басқару органдары және үй-жай (пәтер) иелерiнiң өкiлдерi қатысады.

Аз қамтамасыз етiлген отбасыларға (азаматтарға) жергiлiктi бюджеттiң қаражаты есебiнен кондоминиум объектiсiнiңортақ мүлкiн күрделi жөндеуге және (немесе) күрделi жөндеуге қаражат жинақтауға арналған жарналарға ақы төлеу үшiнҚазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 қаулысымен бекiтiлген Тұрғын үй көмегiн көрсету ережесiне сәйкес тұрғын үй көмегi көрсетiледi.

Пәтер (үй-жай) меншiк иелерiнiң тұрғын үй қорын терможаңғырту үдерiсiне тарту үшiн халықтың арасында энергияүнемдеудi насихаттау жөнiнде iс-шаралар жүргiзу қажет.

Халықтың арасында энергия үнемдеудi насихаттау Бағдарламаны табысты iске асырудың негiзi болып табылады және мынадай негiзгi iс-шараларды қамтиды: ағартушылық және арнайы әдебиеттi тираждау және тарату, өңiрлiк семинарлар, көрмелер және конференциялар ұйымдастыру, бұқаралық ақпарат құралдары арқылы қоғамдық акциялар мен жарнамалықнауқандар өткiзу.

Осының нәтижесiнде көп қабатты тұрғын үйге өзiнiң жеке меншiк тұрғын үй ретiнде иелiк ету қатынасы және энергияны үнемдеу қатынасы қалыптасуға тиiс.

2. Коммуналдық инфрақұрылымды жаңғырту

Ескерту. 2-кiшi бөлiмге өзгерiс енгiзiлдi — ҚР Үкiметiнiң 28.02.2013 № 200 қаулысымен.

2011 жылы халықаралық қаржы институттарын және екiншi деңгейдегi банктердi тарта отырып, коммуналдық сектордағы жобаларды бiрлесiп қаржыландырудың арнайы құралдарын әзiрлеу;

2011 жылы ақпараттық-талдау жүйесiн құрудың техникалық-экономикалық негiздемесiн әзiрлеу;

2011 жылы жылумен жабдықтау саласындағы 18 базалық субъектiнiң инвестициялық тарифтер бойынша жұмыс iстеуге көшуi;

2011 жылы ТКШ саласында кадрлардың бiлiктiлiгiн арттыру және бiлiмдi тарату жүйесiн құру бойынша ұсыныстарәзiрлеу;

2011 жылы ТКШ өзгешелiгi бойынша: «Инженерлiк желiлер мен жүйелер» деген жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгiқосымша бiлiм мамандықтарының жiктеуiшiн енгiзу;

2011 — 2015 жылдары ТКШ-тегi нормативтiк-техникалық құжаттамаларды әзiрлеу жөнiндегi iс-шараларды iске асыру;

2012 жылы жаңа құрылыс салған кезде қоқысты жинау жөнiндегi жерасты контейнерлердi енгiзуге бағытталған қоқысты бөлек әкету жүйесiн енгiзу жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу;

2014 жылы орта мерзiмдi немесе ұзақ мерзiмдi инвестициялық бағдарламаларға өткен табиғи монополия субъектiлерiнiңжелiлерiндегi нормативтен артық ысыраптарды жойылады;

2012 — 2014 жылдары ТКШ саласында қолданбалы ғылыми-зерттеу және тәжiрибелiк-конструкторлық жұмыстар жүргiзу.

Қолданыстағы инженерлiк желiлер мен объектiлерге жаңғырту және қайта жаңарту жүргiзу үшiн мынадай iс-шаралар кешенiн iске асыру қажет:

1) инженерлiк желiлер мен объектiлердiң техникалық жай-күйiне бағалау жүргiзу;

2) бағалау нәтижелерiнiң негiзiнде инвестициялық негiздемелер әзiрлеу;

3) коммуналдық қалдықтарды басқаруды жетiлдiру;

4) коммуналдық инфрақұрылымды жаңғыртуды қаржыландырудың арнайы құралдарын жасау;

5) ғылыми-техникалық дамыту;

6) нормативтiк-техникалық құжаттаманы дамыту;

7) кадрлық қамтамасыз ету.

Коммуналдық инфрақұрылымды жаңғыртуды қамтамасыз ету үшiн инженерлiк желiлер мен объектiлердiң техникалықжай-күйiне тұрақты бағалау жүргiзу қажет, оның нәтижесiнде объектiлердi пайдалану немесе күрделi жөндеу мүмкiндiгi туралы қорытынды (техникалық есеп) және тұжырымдар, олардың сенiмдiлiгiн арттыру бойынша ұсынымдар жасалады.

Инженерлiк желiлер мен объектiлердiң техникалық жай-күйiне жүргiзiлген бағалаудың негiзiнде коммуналдықинфрақұрылымды жаңғыртуға инвестициялық негiздеме әзiрлеу жүргiзiледi.

Республикалық бюджеттен қаржыландыру үшiн жергiлiктi атқарушы органдар өтiнiм берген коммуналдықинфрақұрылымды жаңғырту жөнiндегi жобаларды iрiктеу инвестициялық негiздемелердiң деректерiне сәйкес жүргiзiлетiн болады.

Бағдарламада коммуналдық инфрақұрылымды жаңғырту жобаларын қаржыландырудың мынадай қағидаттары белгiленген:

қайта жаңарту мынадай жолмен жүргiзiлуге тиiс:

1) табиғи монополия субъектiлерiн орта мерзiмдi немесе ұзақ мерзiмдi инвестициялық бағдарламаларға өткiзе отырып тарифтiк реттеу;

2) мемлекеттiк меншiктегi объектiлер үшiн бюджеттiк қаражат бөлу, сонымен бiрге табиғи монополия субъектiлерiн (коммуналдық мемлекеттiк кәсiпорындар) тарифтiк реттеудi жүргiзу;

халықтың коммуналдық қызметтерге қол жеткiзуiн арттыру үшiн жаңа инженерлiк желiлер салу бюджет қаражаты есебiнен жүргiзiлетiн болады.

Коммуналдық инфрақұрылымды жаңғыртудың тиiмдi және негiзгi аспектiлерiнiң бiрi жүргiзiлiп жатқан тарифтiк саясаттың озық құралдарын қолдану болып табылады.

Оған инвестициялық (орта және ұзақ мерзiмдi) тарифтер бойынша жұмыс iстейтiн табиғи монополия субъектiлерiнiңсанын iс жүзiнде арттыра отырып, инвестициялық тарифтердi қолдану жатады.

Инвестициялық тарифтер бойынша жұмыс iстейтiн табиғи монополия субъектiлерiнiң санын арттыру мүмкiндiгiн iске асыру үшiн мыналар қамтамасыз етiледi:

1) тарифтiк кiрiстер есебiнен және заемдық қаражатты мейiлiнше аз тарта отырып, жаңғырту жөнiндегiдегi жұмыстарды жүргiзу үшiн инвестициялық бағдарламаларды (жобаларды) қажеттi көлемде қаржыландыруды қамтамасыз ету мақсатында негiзгi қаражатқа кезең-кезеңмен (үш-төрт жылда бiр рет) қайта бағалау жүргiзу;

2) жабдықтарды ауыстыра, жаңа техникалар мен технологияларды енгiзе отырып, инженерлiк желiлер мен құрылғыларды жаңғыртуға және қайта жаңартуға арналған инвестициялық бағдарламаларды әзiрлеу және бекiту;

3) реттелетiн қызметтерге инвестициялық тарифтер (орта мерзiмдi және ұзақ мерзiмдi кезеңдерге) бекiту;

4) реттелетiн қызметтерге бiр мезгiлде тарифтердiң өсуiне жол бермеу үшiн республиканың барлық өңiрлерiнде табиғи монополия субъектiлерiнiң, ең алдымен — базалық субъектiлердiң (2015 жылға қарай мiндеттi көшуiне орай) инвестициялықтарифтерге көшуi бойынша кесте әзiрленетiн болады.

Электр энергиясын беру және тарату секторында 2011 жылы 24 базалық ӨЭК инвестициялық тарифтер бойынша жұмыс iстейдi, бұл тарифтердiң тұрақтылығы мен болжамдығын қамтамасыз етуге мүмкiндiк бередi.

Жалпы 2011 — 2020 жылдар iшiнде тарифтiк кiрiстер есебiнен электр энергиясын беру және тарату секторында шамамен 271 млрд. теңгенi инвестициялау жоспарланып отыр.

Жабдықтарды ауыстыру, трансформаторлық қосалқы станциялардың қуатын, электр беру желiлерiнiң өткiзу қабiлетiн арттыру жөнiндегi iс-шаралардан басқа басым және экономикалық тиiмдi iс-шаралардың бiрi ретiнде электрлiк желiлiк компаниялардың тұрмыстық деңгейде электр энергиясын коммерциялық есептеудiң автоматтандырылған жүйесiн (бұдан әрi — ЭКЕАЖ) енгiзуiн көздейдi.

ЭКЕАЖ енгiзу ақпаратты жинау, беру және өңдеу жөнiндегi еңбек шығындарын бiршама төмендетедi, электр энергиясын тұтынуға жедел бақылауды және диспетчерлiк кестенiң жүктемесiн орындауды қамтамасыз етедi, техникалық ысыраптықысқартады.

Жылу энергиясы секторында 2011 жылдың соңына дейiн 18 базалық субъект инвестициялық тарифтер бойынша жұмыстар жасайды деп болжанып отыр, 2010 жылы 8 базалық субъект инвестициялық тарифтермен жұмыс жүргiзген. Бұл ретте, 2011 жылдан бастап 2020 жылға дейiнгi кезеңдердегi инвестицияның көлемi тарифтер есебiнен 140 млрд. теңге мөлшерiнде жоспарланып отыр.

Жылу-энергетика саласындағы табиғи монополия субъектiлерi iске асыратын, қызмет көрсету сапасын, қызмет мерзiмiн арттыратын және энергияның ысырап деңгейiн төмендететiн басым iс-шаралар шеңберiнде қызмет мерзiмi аяқталғанқұбырларды алдын ала оқшауланған құбырларға ауыстыру көзделiп отыр.

Газбен жабдықтау секторында 2011 — 2020 жылдардың iшiнде тарифтердiң есебiнен шамамен 41 млрд. теңгенi инвестициялау жоспарланып отыр.

Табиғи монополия субъектiлерiнiң инвестициялық тарифтермен жұмыс iстеуге көшуi тұтынушылар үшiн тарифтердiңтұрақтылығы мен болжамдығы, активтердi жаңғыртуға инвестициялар салу есебiнен қызметтердiң сапасын көтеру, желiлердегi нормативтерден артық ысыраптарды жою, техникалық ысыраптарды төмендету қамтамасыз етiледi.

Өз кезегiнде, нормативтерден артық ысыраптарды нормативтiк-техникалық оңтайландыру және жою қаржылық қаражатты босатып алуға және коммуналдық секторды дамыту үшiн қаржыландыру көздерiн құруға мүмкiндiк бередi.

Бүгiнгi күнi нормативтiк ысыраптардың деңгейi жыл сайын 1 — 2 % төмендеп отыр. Заңнамада 2014 жылдың соңына дейiн нормативтерден артық ысыраптарды толық жою көзделген.

Табиғи монополиялар және реттелетiн нарықтар туралы заңнамаға сәйкес табиғи монополия субъектiлерiнiңинвестициялық бағдарламаларды iске асыруына мониторинг жүргiзу жалғасатын болады. Жүргiзiлген мониторинг шеңберiнде есептердi қарау, сондай-ақ бақылау iс-шараларын өткiзу қызметтердi тұтынушылардан, инвестициялық бағдарламаларды iске асырудан алынған қаражатты мақсатты пайдалануына кепiлдiктi қамтамасыз етедi.

Табиғи монополия субъектiлерi инвестициялық бағдарламаларды орындамаған жағдайда оларға табиғи монополиялар және реттелетiн нарықтар туралы заңнамада көзделген мынадай ықпал ету шаралар қолданылады: реттелетiн қызметтерге арналған тарифтердi уақытша төмендету және әкiмшiлiк айыппұл.

Тарифтер өсуiнiң инфляция деңгейiне әсерiн төмендету, сондай-ақ электр экономикасын үнемдеудi ынталандыру үшiн тұтынушылардың топтары бойынша және тұтыну көлемiне байланысты сараланған тарифтердi қолдану практикасы жалғасатын болады.

Тұтынушылардың топтары бойынша сараланған тарифтердi енгiзу коммуналдық сектор кәсiпорындарының табыстылығын арттыруға және тиiсiнше жаңғыртуға қаражат жұмсауға мүмкiндiк бередi. Бұл ретте, топтар бойынша сараланған тарифтердi енгiзгенге дейiн мiндеттi түрде аралас салаларда шығарылатын өнiмдердiң өзiндiк құнына олардағы өзгерiстердiң әсерiне талдау жүргiзiледi.

Өңiрлердiң арасында республикалық бюджеттiң қаражатын бөлу кәсiпорындар-қызмет көрсетушiлер жоспарлаған инвестицияларға тепе-тең мөлшерде жүзеге асырылады.

Жергiлiктi атқарушы органдарға республикалық бюджеттен қаражат бөлудiң мiндеттi шарты Қазақстан РеспубликасыҮкiметiнiң 2011 жылғы 29 қаңтардағы № 40 қаулысымен бекiтiлген Нысаналы даму трансферттерiн бөлу қағидасына сәйкесәрбiр жобаның құнына байланысты жергiлiктi бюджеттi қоса қаржыландыру болады.

Iс-шаралардың жекелеген кешенi ретiнде қатты тұрмыстық қалдықтарды (бұдан әрi — ҚТҚ) басқару және өңдеу саласын дамытуды қарастыру қажет. ҚТҚ басқарудың перспективалы жүйесiнiң негiзгi құрамдас бөлiгi кейiннен қалдықтарды толыққайта өңдей отырып, ҚТҚ түзiлген жерлерде оларды бөлек жинауды ұйымдастыру болып табылады.

Қолданыстағы табысты шетелдiк тәжiрибенi қолдана отырып, елдiң 2 — 3 iрi қаласында қоқысты бөлек жинайтын технологияны енгiзу жөнiндегi пилоттық жобаларды iске асыру мүмкiндiгi қарастырылатын болады.

Қоқысты бөлек жинауды дамытудың ойдағыдай болуы, әлбетте ақпараттық-түсiндiру жұмыстарының сапасымен айқындалады. ЖАО қоқысты бөлек жинауды түсiндiру және насихаттау жөнiнде халықпен жұмыс жүргiзгенi жөн.

Қоқысты бөлек жинайтын жүйенi енгiзу үшiн ЖАО коммуналдық қалдықтарды басқару саласындағы кәсiпорындарды техникалық қайта жарақтандыру үшiн оларды қаржылық қолдау мүмкiндiгiн қарастыруы қажет.

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын одан әрi дамыту мақсатында «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын дамытуқоры» АҚ құрылды.

«Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын дамыту қоры» АҚ-ның қызметi Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасы шеңберiнде жүзеге асырылатын болады.

Бағдарламаны iске асыруды қамтамасыз ету үшiн тұрғын үй қоры мен коммуналдық қызмет инфрақұрылымы жай-күйiнiңтұрақты жаңартылатын көрсеткiштерi бар ақпараттық-талдамалық жүйе құру қажет, ол объектiлердiң жай-күйiне мониторинг жүргiзудi және жүргiзiлген iс-шаралардың тиiмдiлiгiн бағалауды қамтамасыз етуге мүмкiндiк бередi.

Ақпараттық-талдау жүйесiн құру саланы одан әрi дамыту нұсқалары мен әлеуетiн модельдеуге, қажеттi ресурстар көлемiне бағалау жүргiзуге және iске асырылатын iс-шаралардың тиiмдiлiгiне болжамдар жасауға мүмкiндiк бередi.

Қолға алынған елдi индустриялық-инновациялық дамыту бағытын ескере отырып, коммуналдық секторды дамыту ТКШ-те жүйелi түрде жаңа технологиялар әзiрлеу және енгiзудi талап етедi. Осыған орай ғылыми-зерттеу және тәжiрибелiк-конструкторлық жұмыстар жүргiзу қажет.

Секторды технологиялық дамыту үшiн 5-10 жылда кемiнде бiр рет барлық нормативтiк-техникалық құжаттарды қайтақарау қажет, бұл жыл сайын 20 нормативтiк-техникалық құжатты қайта қарауды және бекiтудi көздейдi. Нормативтiк-техникалық құжаттарды әзiрлеу мен жетiлдiрудiң негiзгi мақсатының бiрi ТКШ-ге ресурс және энергия үнемдейтiн үдерiстердi енгiзу болып табылады.

Саланы кадрлық қамтамасыз ету шеңберiнде практикалық оқыту үлесiн ұлғайту, ТКШ саласы үшiн ғылыми кадрлар даярлау, ТКШ саласы мамандарының бiлiктiлiгi мен құзыретiн арттыру жүйесiн дамыту, сондай-ақ Қазақстан Республикасының жоғарғы және жоғарғы оқу орнынан кейiнгi бiлiм беру мамандықтарының жiктеуiшiне ТКШ өзгешелiгi бойынша «Инженерлiк жүйелер мен желiлер» жаңа мамандық енгiзу жолымен жоғарғы, техникалық және кәсiптiк бiлiм беретiн оқу орындарында кадрлар даярлау жүйесiн жетiлдiру қажет.

6. Қажеттi ресурстар

Ескерту. 6-бөлiм жаңа редакцияда — ҚР Үкiметiнiң 2012.04.20 № 501 Қаулысымен.

2011 — 2020 жылдары Бағдарламаны iске асыруға байланысты қаржы шығындары:

Жылдар

Қажеттiқаражаттыңжалпы көлемi (млн. теңге)

Оның iшiнде

республикалықбюджет

жергiлiктi бюджет

кәсiпорындардыңқаражаты

азаматтардыңқаражаты

Барлығы

877 010

304 478

44 476

452 406

75 810

2011

71 464

37 267

5 614

28 583

-

2012

61 237

25 085

3 799

31 623

730

2013

82 207

37 406

3 733

38 258

2 810

2014

80 078

29 610

2 962

41 576

5 930

2015

101 547

43 310

4 328

44 859

9 050

2016

88 788

26 260

4 438

47 700

10 390

2017

94 897

29 160

4 728

49 819

11 190

2018

96 446

26 260

4 838

53 638

11 710

2019

98 762

25 160

4 928

56 704

11 970

2020

101 744

24 960

5 108

59 646

12 030

7. Қазақстан Республикасының тұрғын үй-коммуналдық

шаруашылығын жаңғыртудың 2011 — 2020 жылдарға арналған

бағдарламасын iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспары

Ескерту. 7-бөлiм жаңа редакцияда — ҚР Үкiметiнiң 2012.04.20 № 501 қаулысымен; өзгерiс енгiзiлдi — ҚР Үкiметiнiң 28.02.2013 № 200 қаулысымен.

1-кезең

Р/с

Iс-шаралар

Аяқтау нысаны

Орындауға жауаптылар

Орындау мерзiмi

1

2

3

4

5

1. Тұрғын үй қорын күтiп-ұстауды қамтамасыз ету

1.

Қарағанды және Шымкент қалаларында сервистiк компанияларқұру

Пилоттық жобалар

Қарағанды, ОңтүстiкҚазақстан облыстарыныңәкiмдiктерi, «ТКШҚазОрталығы» АҚ(келiсiм бойынша)

2011 жылғы 3-тоқсан

2.

Кондоминиум объектiлерiнiң ортақмүлкiн жөндеудiқамтамасыз ету

ӨДМ-не ақпарат

Облыстардың, Астана және Алматықалаларыныңәкiмдiктерi, «ТКШҚазОрталығы» АҚ(келiсiм бойынша)

2011 — 2015 жылдары желтоқсан

3.

Көп пәтерлi тұрғынүйлерге энергетикалықаудит өткiзу

Тұрғын үйлердiңэнергетикалықаудитiнiң паспорты

ӨДМ, «ТКШҚазОрталығы» АҚ(келiсiм бойынша)

2011 — 2013 жылдары желтоқсан

4.

Көп пәтерлi тұрғынүйлерге энергетикалықаудит өткiзу

Жергiлiктi атқарушы органдарға нысаналы трансферттер

Облыстардың, Астана және Алматықалаларыныңәкiмдiктерi

2014 — 2015 жылдары желтоқсан

5.

Әлеуметтiк-кәсiпкерлiк корпорацияларды капиталдандыру

Жергiлiктi атқарушы органдарға нысаналы трансферттер

ҚТКШIА, облыстардың, Астана және Алматықалаларыныңәкiмдiктерi

2011 — 2012 жылдар

6.

Кондоминиум объектiлерiнiң ортақмүлкiн жөндеу үшiн мамандандырылғанқаржы ұйымын капиталдандыру

Жергiлiктi атқарушы органдарға нысаналы трансферттер

ӨДМ, облыстардың, Астана және Алматықалаларыныңәкiмдiктерi

2011 — 2015 жылдар

7.

Кондоминиум объектiлерiнiң ортақмүлкiн жөндеуге кредит беру үшiн мамандандырылғанқаржы ұйымына кредит беру

Жергiлiктi атқарушы органдарға бюджеттiк кредиттер

ҚТКШIА, облыстардың, Астана және Алматықалаларыныңәкiмдiктерi

2012 жыл

8.

Аз қамтамасыз етiлген азаматтарға кондоминиум объектiлерiнiң ортақмүлкiн жөндеуге тұрғынүй көмегiн беру

Жергiлiктi атқарушы органдарға нысаналы трансферттер

ӨДМ, облыстардың, Астана және Алматықалаларыныңәкiмдiктерi, «ТКШҚазОрталығы» АҚ(келiсiм бойынша)

2011 — 2015 жылдар

9.

Энергия үнемдеу саясатын насихаттау

Халықтың арасында кеңiнен ақпараттық — түсiндiру жұмысын жүргiзу

ӨДМ, «ТКШҚазОрталығы» АҚ(келiсiм бойынша)

2011 — 2015 жылдары желтоқсан

2. Коммуналдық инфрақұрылымды жаңғырту

10.

Инженерлiк желiлердiң(жылумен жабдықтау, электрмен жабдықтау, газбен жабдықтау) техникалық жай-күйiне бағалау жүргiзу

Инженерлiк желiлердiң жай-күйi туралы есеп

«ТКШ ҚазОрталығы» АҚ(келiсiм бойынша), облыстардың, Астана және Алматықалаларыныңәкiмдiктерi

2011 — 2015 жылдары желтоқсан

11.

Жылумен жабдықтау желiлерiнiң инвестициялар негiздемесi

Техникалық-экономикалық негiзде ме

ӨДМ, «ТКШҚазОрталығы» АҚ(келiсiм бойынша)

2013 жылғы

желтоқсан

12.

ҚТҚ басқару жүйесiн жаңғырту бойынша инвестициялар негiздемесiн әзiрлеу

Есеп

ӨДМ

2012 — 2015 жылдары

желтоқсан

13.

Жылумен жабдықтау, газбен жабдықтау, электрмен жабдықтау жүйелерiн жаңғырту және реконструкциялау жөнiндегi жобаларды iске асыру

Инженерлiк желiлердi жаңғырту

ӨДМ, облыстардың, Астана және Алматықалалары ныңәкiмдiктерi

2011 — 2015 жылдары желтоқсан

14.

ТКШ-ге мониторинг жүргiзудiң және бақылаудың ақпараттық-талдау жүйесiнiңтехникалық-экономикалықнегiздемесiн әзiрлеу

Техникалық-экономикалықнегiздеменiң жобасы

«ТКШ ҚазОрталығы» АҚ(келiсiм бойынша)

2011 жылғы

3-тоқсан

15.

ТКШ нормативтiк-техникалық құжаттама сынәзiрлеу

Нормативтiк-техникалық базаны жетiлдiру

«ТКШ ҚазОрталығы» АҚ(келiсiм бойынша), «Қазақ Суарна жоба» АҚ(келiсiм бойынша)

2011 — 2015 жылдары

желтоқсан

16.

ТКШ саласы мамандарының бiлiктiлiгi мен құзыретiн арттыру жүйесiн дамыту жөнiндеұсыныстар әзiрлеу

БҒМ-ге ұсыныс

ҚазҒТУ (келiсiм бойынша), «ТКШҚазОрталығы» АҚ(келiсiм бойынша)

2011 — 2015 жылдары 4-тоқсан

2-кезең

1. Тұрғын үй қорын күтiп-ұстауды қамтамасыз ету

17.

Кондоминиум объектiлерiнiң ортақмүлкiн жөндеудiқамтамасыз ету

ӨДМ-не ақпарат

Облыстардың, Астана және Алматықалаларыныңәкiмдiктерi, «ТКШҚазОрталығы» АҚ(келiсiм бойынша)

2016 — 2020 жылдары желтоқсан

18.

Көп пәтерлi тұрғынүйлерге энергетикалықаудит өткiзу

Тұрғын үйлердiңэнергетикалықаудитiнiң паспорты

Облыстардың, Астана және Алматықалаларыныңәкiмдiктерi

2016 — 2020 жылдары желтоқсан

19.

Кондоминиум объектiлерiнiң ортақмүлкiн жөндеу үшiн мамандандырылғанқаржы ұйымын капиталдандыру

Жергiлiктi атқарушы органдарға нысаналы трансферттер

ӨДМ, облыстардың, Астана және Алматықалаларыныңәкiмдiктерi

2016 — 2020 жылдар

20.

Алынып тасталды — ҚР Үкiметiнiң 28.02.2013 № 200 қаулысымен.

21.

Энергия үнемдеу саясатын насихаттау

Халықтың арасында кеңiнен ақпараттық- түсiндiру жұмысын жүргiзу

ӨДМ, «ТКШҚазОрталығы» АҚ(келiсiм бойынша)

2011 — 2015 жылдары желтоқсан

2. Коммуналдық инфрақұрылымды жаңғырту

22.

Инженерлiк желiлердiң(жылумен жабдықтау, электрмен жабдықтау, газбен жабдықтау жүйелерiнiң) техникалықжай-күйiне бағалау жүргiзу

Инженерлiк желiлердiңтехникалық жай-күйi туралы есеп

«ТКШ ҚазОрталығы» АҚ(келiсiм бойынша), облыстардың, Астана және Алматықалаларыныңәкiмдiктерi

2016 — 2020 жылдары желтоқсан

23.

Жылумен жабдықтау, электрмен жабдықтау, газбен жабдықтау жүйелерiн жаңғырту және қайта жаңарту жөнiндегi жобаларды iске асыру

Инженерлiк желiлердi жаңғырту

ӨДМ, облыстардың, Астана және Алматықалаларыныңәкiмдiктерi, «КЕГОК» АҚ, «ҚазТрансГаз» АҚ(келiсiм бойынша)

2016 — 2020 жылдары желтоқсан

24.

ТКШ-тегi нормативтiк-техникалық құжаттаманыәзiрлеу

Нормативтiк-техникалық базаны жетiлдiру

«ТКШ ҚазОрталығы» АҚ(келiсiм бойынша), «Қазақ Суарнажоба» АҚ(келiсiм бойынша)

2016 — 2020 жылдары желтоқсан

кестенiң жалғасы

Болжамды шығыстар (млн. теңге)

Қаржыландыру көздерi

Бюджеттiк бағдарламаның (егер болса) №

2011

2012

2013

2014

2015

Барлығы

6

7

8

1. Тұрғын үй қорын күтiп-ұстауды қамтамасыз ету

Талап етiлмейдi

730

2 810

6 080

8 370

17 990

Азаматтардыңқаражаты

-

210

210

210

630

РБ

007

210

210

420

РБ

007

1 842

5 000

6 482

РБ

031

5 500

26 000

26 000

26 000

83 500

РБ

8 000

8 000

РБ

027

563

563

РБ

028

200

150

150

150

150

800

РБ

007

2. Комуналдық инфрақұрылымды жаңғырту

250

250

250

250

250

1 250

РБ

019

-

-

4946

-

-

-

-

029

849,970

999,730

РБ

029

28 956

12 286,17

14 658,601

23 147,11

13 898,2

63 990,08

РБ

012

2896

1081

38258

244

1610

6846

ЖБ

28 583

31623

341 576

44 859

184 899

Кәсiпорындарқаражаты

14

Меншiктi қаражат

-

150

100

100

100

100

550

РБ

003

Талап етiлмейдi

-

-

2-кезең

1. Тұрғын үй қорын күтiп-ұстауды қамтамасыз ету

10 620

13 180

15 610

17 940

20 310

77 660

Азаматтардыңқаражаты

210

210

210

210

210

1 050

РБ

007

8 000

8 000

4 000

2 000

22 000

РБ

150

150

150

150

150

750

РБ

007

2. Комуналдық инфрақұрылымдық жаңғырту

250

250

250

250

250

1 250

РБ

019

17 200

20 100

21 100

22 100

23 900

104 500

РБ

012

1 911

2 233

2 355

2 455

2 655

11 609

ЖБ

012

47 700

49 819

53 638

56 704

59 646

267 507

Кәсiпорындардыңқаражаты

100

100

100

100

100

500

РБ

003

Ескертпе:

аббревиатуралардың толық жазылуы:

ҚТКIША  — Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын

үй-коммуналдық шаруашылық iстерi агенттiгi

ӨДМ  — Қазақстан Республикасы Өңiрлiк даму министрлiгi

ЭДСМ  — Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және

сауда министрлiгi

Қаржыминi  — Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi

БҒМ  — Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым

министрлiгi

Еңбекминi  — Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты

әлеуметтiк қорғау министрлiгi

«КЕГОК» АҚ  — «КЕГОК» акционерлiк қоғамы

«ҚазТрансГаз» АҚ  — «ҚазТрансГаз» акционерлiк қоғамы

«ТКШ  — «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты жаңғырту

ҚазОрталығы» АҚ мен дамытудың қазақстандық орталығы»

акционерлiк қоғамы

ҚазҰТУ  — Қ. Сәтпаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық

университетi

"Әдiлет" АҚЖ ресми жарияланым дереккөзi болып табылмайды.

© 2012. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" ШЖҚ РМК

Мақалың шыққан күні: 23.12.2016 09:43
Парақтағы соңғы өзгерістер: 23.12.2016 09:43

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

-A A +A