Электр энергетикасы туралы

Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шiлдедегi N 588 Заңы

МАЗМҰНЫ

Осы Заң электр және жылу энергиясын өндiру, беру және тұтыну процесiнде туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейдi.

Ескерту. Кiрiспеге өзгерiс енгiзiлдi — ҚР 2006.04.11 № 136 Заңымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар

Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:

1) авариялық бронь — электрмен үздiксiз жабдықтау объектiсiне берiлуi ол үшiн маңызды құрылғылардың жұмыс iстеуiн сақтайтын және тыныс-тiршiлiктi қамтамасыз ету объектiлерi жұмысының бұзылуын, сондай-ақ апатты экологиялық,әлеуметтiк немесе экономикалық зардаптарды немесе адамдардың өлiмiн болғызбайтын ең төменгi қажеттi электр қуаты;

2) авариялық бұзылыс — электр қондырғысы немесе оның элементтерi жұмысының технологиялық параметрлерiнiң олардыңiстен шығуын немесе пайдалану кезiнде зақымдануын туындатқан, жол беруге болмайтын ауытқулары;

2-1) әзiрлiк паспорты — энергия өндiрушi және энергия берушi ұйымдардың күзгi-қысқы жағдайларда жұмысқа әзiрлiгiн растайтын, жыл сайын берiлетiн құжат;

2-2) генерациялайтын қондырғы — электр энергиясын өндiретiн құрылғы;

РҚАО-ның ескертпесi!

3) тармақшаны алып тастау көзделген — ҚР 2012.07.04 № 25-V (2016.01.01 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

3) есептiк тариф — инвестициялық бағдарламаның техникалық-экономикалық негiздемесiнде айқындалған және тиiстi топүшiн бекiтiлген шектi тарифтен асатын энергия өндiрушi ұйым үшiн электр энергиясына арналған босату тарифiнiң(бағасының) ең жоғары шамасы;

РҚАО-ның ескертпесi!

4) тармақшаны алып тастау көзделген — ҚР 2012.07.04 № 25-V (2016.01.01 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

4) жеке тариф — инвестициялық бағдарламаны iске асыруды жүзеге асыратын энергия өндiрушi ұйым үшiн бекiтiлген, тиiстi топ үшiн бекiтiлген шектi тарифтен асатын, электр энергиясына арналған босату тарифiнiң (бағасының) ең жоғары шамасы;

5) жүйелiк авария — Қазақстан Республикасының бiртұтас электр энергетикасы жүйесiнiң тұрақтылығын жоғалтуға және оны бөлiктерге бөлуге әкеп соққан электр энергетикасы объектiлерi жұмысы режимдерiнiң авариялық бұзылысы;

6) жүйелiк қызметтер көрсету — жүйелiк оператордың электр энергиясының көтерме сауда нарығы субъектiлерiне электр энергиясын беру, техникалық диспетчерлендiру, қуатты реттеу және резервтеу, электр энергиясын өндiру-тұтыну теңгерiлiмiнұйымдастыру жөнiнде көрсететiн қызметтерi;

7) жүйелiк оператор — орталықтандырылған оралымды-диспетчерлiк басқаруды, басқа мемлекеттердiң энергия жүйелерiменқатарлас жұмыс iстеудi қамтамасыз етудi, энергия жүйесiндегi теңгерiмдi ұстап тұруды, жүйелiк қызметтер көрсетудi және электр энергиясының көтерме сауда нарығы субъектiлерiнен қосалқы көрсетiлетiн қызметтердi сатып алуды, сондай-ақ электр энергиясын ұлттық электр желiсi бойынша берудi, оған техникалық қызмет көрсетудi және оны пайдалану әзiрлiгiнде ұстап тұруды жүзеге асыратын ұлттық компания;

8) жылу желiлерiнiң күзет аймағы — жылу желiлерiн сақтауды қамтамасыз ету, пайдаланудың қалыпты жағдайларын жасау, олардың зақымдануының, сондай-ақ осы желiлердiң күзет аймағында қалған тұрғындар арасында жазатайым оқиғалардыңалдын алу мақсатында бөлiнген жер учаскелерi;

9) жылу энергиясын беру — жасалған шарттарға сәйкес энергия берушi ұйымдардың жылу желiлерi бойынша жылу энергиясын тасымалдау жөнiнде көрсететiн қызметi;

10) жылу энергиясының бөлшек сауда нарығы — жылу энергиясын өндiруге, беруге және тұтынуға қатысушылардыңшарттар негiзiнде жұмыс iстейтiн қатынастар жүйесi;

11) инвестициялық бағдарлама — жаңа активтердi құруға, қолда бар активтердi кеңейтуге, жаңартуға, реконструкциялауға және техникалық қайта жарақтандыруға бағытталған бағдарлама;

РҚАО-ның ескертпесi!

12) тармақшаны алып тастау көзделген — ҚР 2012.07.04 № 25-V (2017.01.01 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

12) инвестициялық мiндеттеме — жаңа активтердi құруды, қолда бар активтердi кеңейтудi, жаңартуды, қолдауды, реконструкциялауды және техникалық қайта жарақтандыруды көздейтiн мiндеттеме;

РҚАО-ның ескертпесi!

13) тармақшаны алып тастау көзделген — ҚР 2012.07.04 № 25-V (2017.01.01 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

13) инвестициялық шарт — энергия өндiрушi ұйым, уәкiлеттi орган және табиғи монополиялар салаларындағы және реттелетiн нарықтардағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттiк орган арасындағы инвестициялық бағдарламаны орындау туралы шарт;

РҚАО-ның ескертпесi!

14) тармақшаны алып тастау көзделген — ҚР 2012.07.04 № 25-V (2017.01.01 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

14) келiсiм — уәкiлеттi орган мен электр энергиясын шектi тарифтен аспайтын бағалар бойынша өткiзудi жүзеге асыратын энергия өндiрушi ұйым арасындағы инвестициялық мiндеттемелердi орындау туралы шарт;

15) коммерциялық есепке алу аспабы — электр қуатын, электр немесе жылу энергиясын коммерциялық есепке алуға арналған,Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен қолдануға рұқсат етiлген техникалық құрылғы;

15-1) коммуналдық шаруашылық саласындағы уәкiлеттi орган — елдi мекендердiң шегiнде электрмен жабдықтау (0,4 кВ электр желiлiк объектiлер) және қуаты 100 Гкал/сағат және одан жоғары деп белгiленген жылу электр орталықтарынан жәнеқазандықтардан басқа, жылумен жабдықтау саласындағы басшылықты және салааралық үйлестiрудi жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

16) Қазақстан Республикасының бiртұтас электр энергетикалық жүйесi — Қазақстан Республикасының тұтынушыларын сенiмдi және сапалы энергиямен жабдықтауды қамтамасыз ететiн электр станцияларының, электр беру желiлерi мен шағын станциялардың жиынтығы;

17) Қазақстан Республикасының бiртұтас электр энергетикалық жүйесi электр қуатының резервi — шартта көзделген талаптарға сәйкес қажет етiлетiн құрылымы, шамасы, сондай-ақ диспетчерлендiруге әзiрлiк дәрежесi бар энергия өндiрушiұйымдар агрегаттарының электр қуаты;

18) қосалқы көрсетiлетiн қызметтер — жүйелiк оператор электр энергиясының көтерме сауда нарығы субъектiлерiнен электрқуатының қажеттi мөлшерлерi мен оралымды резервтерi құрылымының дайындығын қамтамасыз ету, активтi және реактивтiқуатты реттеу үшiн, энергия жүйесiн тогы жоқ жағдайдан шығару бойынша сатып алатын қызметтер көрсету;

18-1) мемлекеттiк техникалық инспектор — уәкiлеттi органның Қазақстан Республикасының электр энергетикасы туралы заңнама талаптарын сақтауға мемлекеттiк бақылау жасауды жүзеге асыратын лауазымды адамы;

19) операциялық тәулiктер — жүйелiк оператор электр энергиясының көтерме сауда нарығының субъектiлерi жасасқан электр энергиясын сатып алу-сату шарттарының орындалуын орталықтандырылған оралымды-диспетчерлiк басқару жөнiндегi операцияларды жүзеге асыратын ағымдағы тәулiктер;

20) орталықтандырылған оралымды-диспетчерлiк басқару — жүйелiк оператор жүзеге асыратын, Қазақстан Республикасының бiртұтас электр энергетикалық жүйесi сенiмдiлiгiнiң нормативтiк деңгейiн және электр энергиясыныңнормативтiк сапасының сақталуын қамтамасыз ететiн энергия өндiрушi, энергия берушi, энергиямен жабдықтаушы ұйымдар мен электр энергиясын тұтынушылардың техникалық жағынан келiсiлген жұмысын үздiксiз басқару процесi;

РҚАО-ның ескертпесi!

1-бапты 20-1) тармақшамен толықтыру көзделген — ҚР 2012.07.04 № 25-V (2016.01.01 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

21) өңiраралық және (немесе) мемлекетаралық электр беру желiлерi — өңiрлер және (немесе) мемлекеттер арасында электр энергиясын берудi қамтамасыз ететiн, кернеуi 220 киловольт және одан жоғары электр беру желiлерi;

22) өңiрлiк электр желiлiк компания — өңiрлiк деңгейдегi электр желiлерiн пайдаланатын энергия берушi ұйым;

22-1) пайдаланылатын отын қорының нормасы — тәулiкпен есептегенде энергия өндiрушi ұйымдар пайдаланатын ең аз отынқоры;

23) теңгерiмдеушi электр энергиясы — электр энергиясын өндiрудiң-тұтынудың жүйелiк оператор бекiткен сағат сайынғы тәулiктiк кестесiн iске асыру кезiнде туындайтын теңгерiмсiздiктердi жою үшiн пайдаланылатын электр энергиясы;

24) техникалық диспетчерлендiру — Қазақстан Республикасының бiртұтас электр энергетикалық жүйесiнде электр энергиясын өндiру мен тұтыну режимдерiн орталықтандырылған оралымды-диспетчерлiк басқаруды жүзеге асыру жөнiнде жүйелiк оператор көрсететiн қызмет;

25) тұтынушы — электр және (немесе) жылу энергиясын шарт негiзiнде тұтынатын жеке немесе заңды тұлға;

26) уәкiлеттi орган — электр энергетикасы саласында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттiк орган;

27) ұлттық электр желiсi — шағын станциялардың, тарату құрылғыларының, кернеуi 220 киловольт және одан жоғарыөңiраралық және (немесе) мемлекетаралық электр беру желiлерiнiң және электр станцияларының электр энергиясын берудi жүзеге асыратын электр беру желiлерiнiң жиынтығы, олар жекешелендiруге жатпайды және Қазақстан РеспубликасыныңҮкiметi айқындайтын тәртiппен және шарттармен ұлттық компанияға берiледi;

РҚАО-ның ескертпесi!

28) тармақшаны алып тастау көзделген — ҚР 2012.07.04 № 25-V (2016.01.01 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

28) шектi тариф — энергия өндiрушi ұйымдар тобы үшiн электр энергиясына арналған босату тарифiнiң(бағасының) бекiтiлген ең жоғары шамасы;

29) электр және жылу энергиясын коммерциялық есепке алу — электр және жылу энергиясын сатып алу-сату және беру шарттары бойынша тараптар арасында өзара есеп айырысу үшiн қажеттi электр және жылу энергиясын есепке алу;

30) электр желiлерiнiң күзет аймағы — электр желiлерiн сақтауды қамтамасыз ету, пайдаланудың қалыпты жағдайларын жасау, олардың зақымдануының, сондай-ақ осы желiлердiң күзет аймағында қалған тұрғындар арасында жазатайым оқиғалардың алдын алу мақсатында бөлiнген жер учаскелерi, су және әуе кеңiстiгi;

31) электр қуатын реттеу — электр энергиясы көтерме сауда нарығы субъектiсiнiң нақты электр жүктемесiнiң тәулiктiк кестеде жоспарланып немесе жоспарланбай айырбас электр энергиясының нөлдiк сальдосы сақталған жағдайда мәлiмделген электр жүктемесiнен ауытқуларының орнын толтыру жөнiнде көрсетiлетiн қызмет;

31-1) электр қуатының әзiрлiгiн ұстап тұру бойынша көрсетiлетiн қызмет — энергия өндiрушi ұйымдардың белгiленген тәртiппен аттестатталған генерациялайтын қондырғылардың электр қуатының жүктеме көтеруге әзiрлiгiн ұстап тұру бойынша жүйелiк операторға көрсететiн қызметi;

РҚАО-ның ескертпесi!

1-бапты 31-2), 31-3) тармақшалармен толықтыру көзделген — ҚР 2012.07.04 № 25-V (2016.01.01 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

31-4) электр қуатының жүктеме көтеруге әзiрлiгiн қамтамасыз ету бойынша көрсетiлетiн қызмет — белгiленген тәртiппен аттестатталған, генерациялайтын қондырғылар электр қуатының жүктеме көтеруге әзiрлiгiн қамтамасыз ету бойыншаҚазақстан Республикасының бiрыңғай электр энергетикасы жүйесiнде жүйелiк оператор көрсететiн қызмет;

РҚАО-ның ескертпесi!

1-бапты 31-5) тармақшамен толықтыру көзделген — ҚР 2012.07.04 № 25-V (2015.01.01 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

РҚАО-ның ескертпесi!

1-бапты 31-6), 31-7), тармақшалармен толықтыру көзделген — ҚР 2012.07.04 № 25-V (2016.01.01 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

Мақалың шыққан күні: 23.12.2016 10:02
Парақтағы соңғы өзгерістер: 23.12.2016 10:02

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

-A A +A