«Ақмола облысының қалалары мен елді мекендерінің аумақтарын абаттандыру қағидаларын бекіту туралы» Ақмола облыстық мәслихатының 2017 жылғы 22 қарашадағы № 6С-16-7 шешіміне өзгеріс енгізу туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына сәйкес, Ақмола облыстық мәслихаты ШЕШIМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. «Ақмола облысының қалалары мен елдi мекендерiнiң аумақтарын абаттандыру қағидаларын бекiту туралы» Ақмола облыстық мәслихатының 2017 жылғы 22 қарашадағы № 6С-16-7 шешiмiне (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 6204 болып тiркелген, 2017 жылғы 14 желтоқсанда Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актiлерiнiң эталондық бақылау банкiнде жарияланған) келесi өзгерiс енгiзiлсiн:

көрсетiлген шешiммен бекiтiлген Ақмола облысының қалалары мен елдi мекендерiнiң аумақтарын абаттандыру қағидаларында:

31-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

«31. Шағын аудандар мен орамдардың тұрғын үй аймақтары санитариялық қағидаларға сай қоқыс контейнерлерiн қоятын, кiр кептiретiн, демалатын, балалар ойнайтын, спортпен айналысатын, үй жануарларын серуендетуге арналған алаңдармен, автотұрақтармен, орынтұрақтармен, жасыл аймақтармен жабдықталады.».

2. Осы шешiм Ақмола облысының Әдiлет департаментiнде мемлекеттiк тiркелген күнiнен бастап күшiне енедi және ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

Ақмола облыстық
мәслихаты сессиясының
төрағасы

Ақмола облыстық
мәслихатының
хатшысы                                                                                                                           Д. Нұрмолдин

Мақалың шыққан күні: 05.03.2019 15:06
Парақтағы соңғы өзгерістер: 05.03.2019 15:06

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

  

-A A +A