«Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» Ақмола облысы әкімдігінің 2015 жылғы 4 маусымдағы № А-6/255 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

«Тұрғын үй-коммуналдық
шаруашылық саласындағы
мемлекеттiк көрсетiлетiн
қызметтер регламенттерiн бекiту туралы»
Ақмола облысы әкiмдiгiнiң
2015 жылғы 4 маусымдағы № А-6/255
қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы, «Мемлекеттiккөрсетiлетiнқызметтертуралы»2013 жылғы 15 сәуiрдегi заңдарына сәйкес, Ақмола облысының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

1. «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер регламенттерiн бекiту туралы» Ақмола облысы әкiмдiгiнiң 2015 жылғы 4 маусымдағы № А-6/255 қаулысына (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 4869 болып тiркелген, «Әдiлет» ақпараттық-құқықтық жүйесiне 2015 жылғы 28 шiлдеде жарияланған) келесi өзгерiстер енгiзiлсiн:

көрсетiлген қаулымен бекiтiлген «Мемлекеттiк тұрғын үй қорынан берiлетiн тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке алу және кезекке қою, сондай-ақ жергiлiктi атқарушы органдардың тұрғын үй беру туралы шешiм қабылдауы» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет регламентi осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақмола облысы әкiмiнiң орынбасарыЖ.А. Смайыловқа жүктелсiн.

3. Облыс әкiмдiгiнiң осы қаулысы Ақмола облысының Әдiлет департаментiнде мемлекеттiк тiркелген күнiнен бастап күшiне енедi және ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

Ақмола облысының әкiмi                                                                       С. Кулагин

Мақалың шыққан күні: 20.02.2017 14:46
Парақтағы соңғы өзгерістер: 20.02.2017 14:51

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

-A A +A