«Ақмола облысында есептеу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін газбен жабдықтау, электрмен жабдықтау, сумен жабдықтау, су бұру және жылумен жабдықтау жөніндегі коммуналдық көрсетілетін қызметтерді тұтыну нормаларын бекіту туралы» Ақмола облысы әкімдігінің 2016 жылғы 23 маусымдағы № А-7/316 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

«Ақмола облысында есептеу
аспаптары жоқ тұтынушылар
үшiн газбен жабдықтау,
электрмен жабдықтау,
сумен жабдықтау, су бұру
және жылумен жабдықтау
жөнiндегi коммуналдық көрсетiлетiн
қызметтердi тұтыну нормаларын бекiту
туралы» Ақмола облысы әкiмдiгiнiң
2016 жылғы 23 маусымдағы № А-7/316
қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы

Қосымша

«Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27-бабы, 1-тармағының 34)-тармақшасына сәйкес, Ақмола облысының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

1. «Ақмола облысында есептеу аспаптары жоқ тұтынушылар үшiн газбен жабдықтау, электрмен жабдықтау, сумен жабдықтау, су бұру және жылумен жабдықтау жөнiндегi коммуналдық көрсетiлетiн қызметтердi тұтыну нормаларын бекiту туралы» Ақмола облысы әкiмдiгiнiң 2016 жылғы 23 маусымдағы № А-7/316 қаулысына (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 5480 болып тiркелген, «Әдiлет» ақпараттық-құқықтық жүйесiнде 2016 жылғы 9 тамызда жарияланған) келесi өзгерiстер енгiзiлсiн:

Ақмола облысында есептеу аспаптары жоқ тұтынушылар үшiн жылумен және ыстық сумен жабдықтау бойынша коммуналдық қызметтердi тұтыну нормалары осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

ескертудегi «(«Аристон» қыздыру аспаптарын және электр плиталарын пайдалану)» сөздерi «(электр су жылытқыш аспаптарын және электр плиталарын пайдалану)» сөздерiмен алмастырылсын.

2. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақмола облысы әкiмiнiң орынбасары В.Н. Балахонцевқа жүктелсiн.

3. Облыс әкiмдiгiнiң осы қаулысы Ақмола облысының Әдiлет департаментiнде мемлекеттiк тiркелген күнiнен бастап күшiне енедi және ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

                              Ақмола облысының әкiмi                                                С. Кулагин

Мақалың шыққан күні: 23.12.2016 14:50
Парақтағы соңғы өзгерістер: 23.12.2016 14:50

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

-A A +A