«2016 жылға арналған мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарын бекіту туралы» Ақмола облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының 2016 жылғы 6 қаңтардағы №01-06/02 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

«2016 жылға арналған
мемлекеттiк сатып алудың
жылдық жоспарын бекiту
туралы» Ақмола облысының
энергетика және тұрғын
үй-коммуналдық шаруашылық
басқармасының 2016 жылғы
6 қаңтардағы №01-06/02
бұйрығына өзгерiс енгiзу туралы

«Мемлекеттiк сатып алу туралы» Қазақстан Републикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы №434-V Заңы 5-бабының 4-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

«2016 жылға арналған мемлекеттiк сатып алудың жылдық жоспарын бекiту туралы» Ақмола облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының 2016 жылғы 6 қаңтардағы №01-06/02 бұйрығына мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:

- «Байланыс қызметтерi» 51 тармағында 456 660 теңге сомасына қосымша келiсiм жасалынсын;

- «Автокөлiктердiң техникалық қызмет көрсету мен техникалық жөндеу» 105 тармағында 210000 теңге сомасына қосымша келiсiм жасалынсын.

Жоспар келесi тармақтармен толықтырылсын:

- 117 тармақ «Ақмола облысының Бұланды ауданында жылына тiрi салмақта өнiмдiлiгi 60 мың тонна бройлерлердi өсiру құс фабрикасының өндiрiстiк (индустриалдық) инженерлiк инфрақұрылымын салу (электрмен жабдықтаудың желiлерi мен құрылыстары, әлсiз ток желiлерi)» сомасы 1 734 820 850 теңге;

- 118 тармақ «Ақмола облысының Бұланды ауданында жылына тiрi салмақта өнiмдiлiгi 60 мың тонна бройлерлердi өсiру құс фабрикасының өндiрiстiк (индустриалдық) инженерлiк инфрақұрылымын салу (электрмен жабдықтаудың желiлерi мен құрылыстары, әлсiз ток желiлерi)» жоба бойынша техникалық қадағалау қызметтерi» сомасы 19 551 430 теңге;

- 119 тармақ «Ақмола облысының Бұланды ауданында жылына тiрi салмақта өнiмдiлiгi 60 мың тонна бройлерлердi өсiру құс фабрикасының өндiрiстiк (индустриалдық) инженерлiк инфрақұрылымын салу (электрмен жабдықтаудың желiлерi мен құрылыстары, әлсiз ток желiлерi)» жоба бойынша авторлық қадағалау қызметтерi» сомасы 3 469 640 теңге;

- 120 тармақ «Жинақтамадағы компьютерлердi сатып алу» сомасы 428 571 теңге;

- 121 тармақ «Алаша сатып алу» сомасы 26786 теңге.

                       Басқарма басшысы                                           В.Радченко

Мақалың шыққан күні: 22.12.2016 17:35
Парақтағы соңғы өзгерістер: 22.12.2016 17:35

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

-A A +A