«Ақмола облысында есептеу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін газбен жабдықтау, электрмен жабдықтау, сумен жабдықтау, су бұру және жылумен жабдықтау жөніндегі коммуналдық көрсетілетін қызметтерді тұтыну нормаларын бекіту туралы» Ақмола облысы әкімдігінің 2016 жылғы 23 маусымдағы № А-7/316 қаулысына толықтыру енгізу туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес, Ақмола облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

«Ақмола облысында есептеу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін газбен жабдықтау, электрмен жабдықтау, сумен жабдықтау, су бұру және жылумен жабдықтау жөніндегі коммуналдық көрсетілетін қызметтерді тұтыну нормаларын бекіту туралы» Ақмола облысы әкімдігінің 2016 жылғы 23 маусымдағы № А-7/316 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5480 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 9 тамызда жарияланған) келесі толықтыру енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген, Ақмола облысында есептеу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін жылумен жабдықтау бойынша коммуналдық қызметтерді тұтыну нормаларында:

«Зеренді ауданы» бөлігі келесі мазмұндағы реттік номері 18-1-жолмен толықтырылсын:

«

18-1 «Вторая Зерендинская теплораспределительная компания» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Азат ауылы 0,03607 жоқ жоқ

».

Осы қаулының орындалуын бақылау Ақмола облысы әкімінің орынбасары В.Л. Крыловқа жүктелсін. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Ақмола облысының әкімі                                                                                                    М. Мырзалин

Мақалың шыққан күні: 17.10.2018 17:14
Парақтағы соңғы өзгерістер: 18.10.2018 11:20

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

 

-A A +A