Ақмола облысы бойынша тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, энергияны үнемдеу және жаңартылатын энергия көздерін дамыту саласындағы цифрландыру туралы

Энергия үнемдеу

Ақмола облысында барлық салаларда негiзгi энергетикалық ресурстарды үнемдеу және энергия тиiмдiлiгiн арттыру бойынша белгiлi жұмыстар атқарылуда.

Ақмола облысының 2016-2020 жылдарға арналған энергия үнемдеу жоспары ҚР Инвестициялар және даму министрлiгiмен келiсiлiп, Ақмола облысы әкiмдiгiнiң 2016 жылғы 10 қарашадағы № А-12/527 қаулысымен бекiтiлдi.

Өткiзiлген iс-шаралар нәтижесiнде 2019 жылдың 1 жартыжылдығында үнемдеу: электр энергиясы бойынша — 1302,4 тыс.кВтч, жылу энергиясы — 20,162 мың Гкал, су — 288,26 мың м3.

Облыстың жағартылатын энергия көздерi арқылы 2019 жылдың 1 жартыжылдығында 77,88 млн.кВтч өндiрiлдi, оның iшiнде:

Ерейментау а. ЖЭС 45МВт — 77,26 млн.кВтч,

«Родина» ПК ЖЭС 0,75МВт — 0,62 млн.кВтч.

Ақмола облысында көше жарығының жалпы ұзындығы 1178,5 км, оның iшiнде энергия үнемдеуiш шамдармен — 600,2 км. 2019 жылдың 1 жартыжылдығында көше жарықтандыруды жаңғыртуға 67,7 мың теңге бөлiндi. 2019 жылдың 1 жартыжылдығында 36 км желi жаңғыртылды.

Сонымен қатар облыста тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты жаңғырту объектiлерiне энергия аудитi бойынша жұмыстар жүргiзiлуде. 85 МЭТ субъектiсiне энергия аудитi өткiзiлдi. Халық арасында энергиямен, жылумен, сумен қамсыздандыру мәселелерiн түсiндiру жұмыстары жүргiзiлуде.

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы цифрландыру.

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласын цифрландыру жалпы үйдегi энергияны есепке алу аспаптарын орнату одан әрi деректердi бiрыңғай интеллектуалды ақпараттық жүйеге көшiру арқылы, Бiрыңғай Есеп айырысу-қаржы орталығын құру және E-KSK мобильдiк қосымшасын бiрiктiру арқылы жүзеге асырылады.

Ақмола облысында пилоттық кварталды жабдықтау бойынша жоба iске асырылуда — КҚТҮ 11бiрлiк. Онда қашықтықтан деректер алу өлшеу аспаптарын ауыстыру жасалды: АЭЕАЖ — 378 дана, АСЕАЖ — 378 дана. Бұл құрылғылар меншiк иелерiне көрсетiлiмдердi қарауға және үйден шықпай-ақ тiкелей қызмет көрсетушiмен байланысуға,уақытты үнемдеуге мүмкiндiк бередi. Қызмет көрсетушi — құрылғының барлық көрсетiлiмдерiне қол жеткiзе алады, деректердiң мониторингiн және бақылауын қашықтан жүзеге асырады, ескiрген есептеу аспаптарын ауыстыру, мамандардың жұмыс жүктемесiн азайту, жұмыс уақытын үнемдеу.

Сондай-ақ, су есептегiштерден ақпарат алу және беру үшiн 3 дана «LoRa станциясы» орнатылған.

100 шырағдан мөлшерiнде ақылды шамдарға көшенiң жарықтандыруын жаңарту жүзеге асырылады.

2 жылы аялдама орнатылды. Бұл аялдамалар кондиционер және бейнебақылау камераларымен жабдықталған, жолаушыларға арналған автобус кестесi бар қолжетiмдi ақпараттық тақтаға ие, қоғамдық тәртiптi бұзу туралы жедел ақпарат жинауды жүргiзедi.

Бүгiнгi күнi «SMARTNET» ЖШС әзiрлеген «E-KСK» электронды бағдарламасы пилоттық режимде iске қосылды. «E-KСK» — бұл тұрғындардың өтiнiштерiн өңдейтiн, есептердi жариялайтын, онлайн дауыс берудi жүргiзетiн және пайдаланушыларға хабарландырулар жiберетiн ақпараттық жүйе.

Қазiргi уақытта онда 64-тен 64 ПИК, ЖШС және ЖК тiркелген және жұмыс iстейдi, яғни 100% . «Көкшетау қаласының тұрғын үй инспекциясы бөлiмi» ММ тұрғындар мен қалалық билiк арасында жүйенi тарату бойынша жұмыстар жүргiзiп жатыр. Бағдарлама халықтың қаражатын пайдаланудың ашықтығын қамтамасыз етедi, ПИК ғимараттардың инженерлiк желiлерiндегi бұзушылықтарды анықтау мақсатында тұрғындардан келiп түскен өтiнiштерге шұғыл жауап беруге және оны уақытылы жоюға мүмкiндiк бередi. Болашақта халықтың ыңғайлылығы үшiн E-КСК базасында Бiрыңғай төлем құжатын қалыптастыру жоспарланып отыр (қазiргi уақытта шарттары келiсiлуде).

Мақалың шыққан күні: 31.07.2018 14:57
Парақтағы соңғы өзгерістер: 15.07.2019 14:43

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

  

-A A +A