Манадыров Алик Аманжолұлы

Манадыров Алик Аманжолұлы 1961 жылы 10 мамырда Ақмола облысы Ерейментау ауданы, Улентинский ауылында дүниеге келген.

1987 жылы Целиноград инженерлiк-құрылыс институтын Автомобиль және автомобиль шаруашылығы мамандығы бойынша бiтiрген, инженер-механик.

Еңбек жолын 1978 жылы Өлеңтi ауылында тракторшы болып бастаған.

1994-1999 жылдары Ерейментау АТЭП директоры.

1999-2004 жылдары Ерейментау қаласының әкiмi, 2004-2012 жылдары Ерейментау ауданы әкiмiнiң орынбасары болып қызмет атқарды.

2012 жылдан 2014 жылға дейiн "бiрiншi жел электр станциясы"ЖШС өндiрiстiк мәселелер жөнiндегi орынбасары болып жұмыс iстедi.

Ақмола облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары лауазымына тағайындалғанға дейiн Ерейментау ауданы әкiмiнiң орынбасары лауазымын атқарды.

Мақалың шыққан күні: 22.12.2016 11:51
Парақтағы соңғы өзгерістер: 20.08.2019 12:03

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

  

-A A +A