«Сарыарқа» магистралдық газ құбырының құрылысы жобасы бойынша («Сарыарқа» МГ құрылысының ТЭН әзірлеу) ҚЫСҚАША АНЫҚТАМА

«Сарыарқа» магистралдық газ құбырының (бұдан әрi — «Сарыарқа» МГ) құрылысының техникалық-экономикалық негiздемесiн әзiрлеудi газдандыру саласындағы мемлекеттiк бағдарламаны iске асыру, оның iшiнде ҚР Үкiметiнiң 2014 жылғы 4 қарашадағы №1171 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Газдандырудың бас сызбасы және ҚР Премьер-Министрiнiң 2016 жылғы 12 тамыздағы №66-р өкiмiмен құрылған Жұмыс тобының хаттамалық шешiмi аясында жүзеге асырылады.

Жобаны «КазТрансГаз» АҚ газбен жабдқтау саласындағы Ұлттық операторы iске асыруда, ал техникалық-экономикалық негiздеменi әзiрлеудi көшбасшысы «КАТЭК» ЖШС мамандандырылған инжинирингтiк компаниясы болып табылатын қазақстандық жобалау компанияларының консорциумы жүргiзедi.

Аталған Жобаны iске асырудағы басты мiндет тасымалдау ҚР iшкi қажеттiлiгiн қамтамасыз ету және өз табиғи газының есебiнен жаңа аумақтарды газдандыру мақсатында қолданыстағы өңiрлiк транзиттi магистралдi газ құбыры базасында елдiң бiрыңғай газ тасымалдау жүйесiн сатылау жасау болып табылады.

«Бейнеу-Шымкент» МГ құрылысының аяқталуы Батыс Қазақстаннан Қызылорда облысына және ҚР оңтүстiк өңiрiне дейiн табиғи газ тасымалдаудың техникалық мүмкiндiгiн жасады, яғни бұл Астана қаласын және ҚР орталық және солтүстiк өңiрiн газдандыру үшiн елдiң өз газын беру үшiн ТЭН-нiң негiзi болды.

Газ құбырын дамытудың ұсынылып сатылары 4,6 млн. адамды қамтитын және болжам бойынша тұтыну көлемi 3,6 млрд.м.кубқа дейiн Қарағанды, Ақмола, Солтүстiк Қазақстан облыстарының және болашақта Павлодар, Қостанай облысының солтүстiк-шығыс аудандарының елдi мекендерiн газдандыруды көздейдi.

«Қызылорда-Қарағанды-Астана-Көкшетау-Петропавловск» маршруты бойынша тораптың жалпы ұзындығы шамамен 1550 кмдi құрайды, оның iшiнде Ақмола облысы аумағында 427 км.

«Сарыарқа» МГ құрылысының артықшылығы газ импорттаушы сыртқы өнiм берушiден газ жетекшiсiне тәуелдi болу тәуекелдiгi болып табылады, бұл Астана қаласы мен солтүстiк облысты газдандырудың бұған дейiн әзiрленген нұсқаларды iске асырудағы негiзгi тәуекелдiлiк болған болатын.

Сонымен қатар аталған жоба болашақта жылына 15,0 млрд. м. кубқа дейiн газ тасымалдауға есептелген «Бейнеу-Шымкент» МГ транзиттiк қуатын анағұрлып толық жүктеудi қамтамасыз етедi, бұл газ тасымалдау тарифын төмендетуге мүмкiндiк бередi.

Бұл ретте, Ақмола облысы аумағында аталған ТЭН аясында келесi құрылыстар жоспарлануда:

•Бұған дейiн әзiрленген «Ақмола облысын газдандыру» ТЭН аясында 208 мың адамды қамтитын Көкшетау қаласы мен оған iргелес 40-тан астам елдi мекендi газдандыру үшiн «Астана-Кокшетау» учаскеде диаметрi 630 мм және ұзындығы 276 км «Көкшетау» АГҮС (1-саты);

•Болашақта аталған газ құбырынан қарастырылған кранды тораптардан АГҮС-"Аршалы", АГҮС-"Шортанды", АГҮС-"Акколь", АГҮС-"Макинск", АГҮС-"Щучинск" арқылы халық саны 240 мың адам 100 елдi мекендi қамтитын облыстың басқа аудандарын газдандыру мүмкiндiгi туындайды

•Сонымен қатар 2019 жылы «Қызылорда-Қарағанды-Астана» МГ 1 учаскесiнiң құрылысы аясында «Аршалы» АГҮС-нан құрылыс және АГҮС-1, "Астана" АГҮС-2-ден Аршалы және Целиноград аудандарының елдi мекендерiн газдандыру мүкiндiгi туындайды.

Аталған стратегиялық Жобаны iске асыруға ағымдағы жылдың сағына дейiн ТЭН әзiрлеудi аяқтау және 2017 жылы газ құбыры құрылысы жобасын iске асыруға кiрiсудi қамтамасыз ету мақсатында берiлетiн ақпарат дайындау, техникалық шарттар беру, жер мәселесi мен қажеттi келiсiмдер өткiзу бойынша барлық мүдделi жергiлiктi органдар мен ұйымдардың қолдауы қажет.

Бұның барлығы келесi жылы ҚР астанасы мен солтүстiк облыстарын газдандыру мемлекеттiк бағдарламасын нақты iске асыруға кiрiсуге мүмкiндiк бередi.

«Сарыарқа» МГ торабының, оның iшiнде Ақмола облысы аумағы бойынша болжамды сызбасы қосымшада берiлген.

Әзiрлеген: «КАТЭК» ЖШС
Бас директор: К.Ш. Нупов

 

Мақалың шыққан күні: 28.02.2017 11:17
Парақтағы соңғы өзгерістер: 28.02.2017 11:17

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

-A A +A