Хамзин Тимур Габдулхаевич

Хамзин Тимур Габдулхаевич 1957 жылдың 27 мамырында Көкшетау облысы Рузаев ауданы Шұқыркөл селосында туған.

1974 жылы орта мектептi бiтiрдi. 1979 жылы Қарағанды политехникалық институтын инженер-құрылысшы-технолог мамандығы бойынша тәмамдады. 2014 жылы Көкшетау экономика және менеджмент институтын экономист мамандығы бойынша аяқтады.

Еңбек жолын 1979 жылы Пеский темiр бетон құрылымдары зауытының қалыптау цехының мастерi қызметiнен бастады.

Партиялық және кеңес жұмысында Қазақстан Компартиясының Көкшетау қалалық комитетiнiң инструкторы болды.

1997 жылдан бастап мемлекеттiк қызмет атқаруда. Көкшетау қаласы әкiмдiгiнiң өнеркәсiптiк құрылыс және коммуналдық шаруашылық бөлiмiнiң меңгерушiсi, бас маман, облыс әкiмдiгi аппаратының өнеркәсiптiк саланы талдау бөлiмiнiң инспекторы, «ПИ «Кокшетаугорсельпроект» ШЖҚ МКК директоры, құрылыс басқармасы басшысының орынбасары, Ақмола облысы бойынша мемлекеттiк сәулет бақылау департаментi басшысының орынбасары лауазымдарында қызмет еттi. 2012 жылдың сәуiр айынан бастап Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары лауазымында.

Жалпы еңбек өтiлi 35 жыл.

Наградалары:

«Қазақстан Республикасының тауелсiздiгiне 20 жыл» Мерейтойлық медалi, 2011 ж.

«Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығының құрметтi қызмекерi» 2015ж.

Үйленген, бiр ұл мен бiр қыз тәрбиелеп отыр.

Мақалың шыққан күні: 22.12.2016 11:52
Парақтағы соңғы өзгерістер: 11.07.2017 10:20

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

-A A +A