Энергия үнемдеу

Ақмола облысында барлық салаларда негiзгi энергетикалық ресурстарды үнемдеу және энергия тиiмдiлiгiн арттыру бойынша белгiлi жұмыстар атқарылуда.

Ақмола облысының 2016-2020 жылдарға арналған энергия үнемдеу жоспары ҚР Инвестициялар және даму министрлiгiмен келiсiлiп, Ақмола облысы әкiмдiгiнiң 2016 жылғы 10 қарашадағы № А-12/527 қаулысымен бекiтiлдi.

Өткiзiлген iс-шаралар нәтижесiнде 2019 жылы үнемдеу: электр энергиясы бойынша — 2333,7 тыс.кВтч, жылу энергиясы — 65,62 мың Гкал, су — 315,86 мың м3.

Облыстың жағартылатын энергия көздерi арқылы 2019 жылда 230,2 млн.кВтч өндiрiлдi, оның iшiнде:

Ерейментау а. ЖЭС 45МВт — 153,3 млн. кВтс,

Аршалы а. ЖЭС 50МВт — 75,6 млн. кВтс,

«Родина» ПК ЖЭС 0,75МВт — 1,3 млн. кВтс.

Ақмола облысында көше жарығының жалпы ұзындығы 1190,9 км, оның iшiнде энергия үнемдеуiш шамдармен — 634,7 км. 2019 жылда көше жарықтандыруды жаңғыртуға 148,8 мың теңге бөлiндi. 2019 жылы 79,5 км желi жаңғыртылды.

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы цифрландыру.

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласын цифрландыру жалпы үйдегi энергияны есепке алу аспаптарын орнату одан әрi деректердi бiрыңғай интеллектуалды ақпараттық жүйеге көшiру арқылы, Бiрыңғай Есеп айырысу-қаржы орталығын құру және E-KSK мобильдiк қосымшасын бiрiктiру арқылы жүзеге асырылады.

Ақмола облысында пилоттық кварталды жабдықтау бойынша жоба iске асырылуда — КҚТҮ 11бiрлiк. Онда қашықтықтан деректер алу өлшеу аспаптарын ауыстыру жасалды: ЭКЕААЖ — 378 дана, АСЕАЖ — 378 дана. Бұл құрылғылар меншiк иелерiне көрсетiлiмдердi қарауға және үйден шықпай-ақ тiкелей қызмет көрсетушiмен байланысуға,уақытты үнемдеуге мүмкiндiк бередi. Қызмет көрсетушi — құрылғының барлық көрсетiлiмдерiне қол жеткiзе алады, деректердiң мониторингiн және бақылауын қашықтан жүзеге асырады, ескiрген есептеу аспаптарын ауыстыру, мамандардың жұмыс жүктемесiн азайту, жұмыс уақытын үнемдеу.

Сондай-ақ, су есептегiштерден ақпарат алу және беру үшiн 3 дана «LoRa станциясы» орнатылған.

100 шырағдан мөлшерiнде ақылды шамдарға көшенiң жарықтандыруын жаңарту жүзеге асырылады.

Сондай-ақ, бүгiнгi күнде МЖӘ келiсiмшартын жасасу арқылы Көкшетау қаласының Васильковский шағын ауданында пилоттық кварталды құралдандыру мәселесi пысықталуда.

Бүгiнгi күнi «SMARTNET» ЖШС әзiрлеген «E-KСK» электронды бағдарламасы пилоттық режимде iске қосылды. «E-KСK» — бұл тұрғындардың өтiнiштерiн өңдейтiн, есептердi жариялайтын, онлайн дауыс берудi жүргiзетiн және пайдаланушыларға хабарландырулар жiберетiн ақпараттық жүйе.

Қазiргi уақытта онда 64-тен 64 ПИК, ЖШС және ЖК тiркелген және жұмыс iстейдi, яғни 100% . «Көкшетау қаласының тұрғын үй инспекциясы бөлiмi» ММ тұрғындар мен қалалық билiк арасында жүйенi тарату бойынша жұмыстар жүргiзiп жатыр.

Бағдарлама халықтың қаражатын пайдаланудың ашықтығын қамтамасыз етедi, ПИК ғимараттардың инженерлiк желiлерiндегi бұзушылықтарды анықтау мақсатында тұрғындардан келiп түскен өтiнiштерге шұғыл жауап беруге және оны уақытылы жоюға мүмкiндiк бередi. Болашақта халықтың ыңғайлылығы үшiн E-КСК базасында Бiрыңғай төлем құжатын қалыптастыру жоспарланып отыр (қазiргi уақытта шарттары келiсiлуде).

Мақалың шыққан күні: 17.01.2020 10:39
Парақтағы соңғы өзгерістер: 17.01.2020 10:39

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

  

-A A +A