Электрмен жабдықтаудың сенiмдiлiгiн жақсарту

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлiгi Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау Комитетiнiң Ақмола облысы бойынша аумақтық департаментiнiң басшысы Жаслан Қасеновпен сұхбат, тел.(87162)257867, e-mail: kokshetau.kaenk@energo.gov.kz 

Сұрақ: Электрмен жабдықтау жүйесiне қосылу үшiн эдектр энергетика саласында қандай өзгерiстер болды ?

Жауап: Электрмен жабдықтау жүйесiне қосылу бойынша бизнеске жақсы жағдайлар туғызу мақсатында маңызды реформалар жүргiзiлгенi белгiлi. Электр энергетикасы саласындағы бiрқатар заңнамалық актiлерге өзгерiстер енгiзiлдi. Мәселен, электрмен жабдықтау желiлерiне қосуға арналған техникалық шарттарды беру мерзiмi қысқартылды, энергия берушi ұйымдардың тұтынушының жобалық шешiмiмен келiсу мерзiмi қысқартылды, энергиямен жабдықтаушы ұйымдармен шарт жасау мерзiмi қысқартылды, энергетикалық қадағалау мен бақылау жөнiндегi мемлекеттiк органнан электр желiлерiне қосылуға арналған рұқсат алудың қажеттiлiгi жойылды. Ендi жобалушы ұйым сәулет-құрылыс бақылау басқармасына жұмыстың басталуы туралы мәлiметтi электрондық түрде хабарласа жеткiлiктi. Елiмiзде электр энергиясын пайдалану тәртiбi 2015 жылғы 25 ақпандағы № 143 ҚР Энергетика министрлiгi бекiткен Электр энергиясын пайдалану қағидаларымен реттеледi (Қағидалар).

Бұдан басқа, энергиямен жабдықтаушы ұйым энергиямен жабдықтаудың жеке шартын тұтынушымен жасасудан бас тартатын болса, Кодекстiң 172–бабы 6-тармағымен жаупкершiлiкке тарту көзделгенiн атап өткен жөн.

Сұрақ: Электр желiсiне қалай қол жеткiзуге болады. Егер бұзушылықтар анықталса, қандай жауаптылық көзделген?

Жауап: Қағидалардың 12-тармағына сәйкес энергия берушi немесе энергия өндiрушi ұйым электр энергиясына қосу үшiн техникалық шарттарды мынадай жағдайларда бередi: энергия берушi (энергия өндiрушi) ұйымның электр желiлерiне жаңа енгiзiлген немесе жаңартылған электр қондырғыларын қосқанда; тұтынылатын электр қуаты бұрын берiлген техникалық шарттарда белгiленген қуаттан артқанда; электрмен сырттай жабдықтау схемасы өзгергенде; тұтынушының электр энергиясы қабылдағыштарын электрмен жабдықтау сенiмдiлiгiнiң санаты өзгергенде бередi.

Электр желiсiне қол жеткiзу үшiн энергия берушi немесе энергия өндiрушi ұйым көп пәтерлi құрылыстарда тұратын тұтынушыларды қоспағанда, әрбiр тұтынушыға техникалық шарт бередi. Электр желiлерiне қосуға арналған техникалық шартты беру тәртiбi мен мерзiмiне қойылатын талаптар бұзылса және энергия өндiрушi, энергия берушi ұйымдар технологиялық бұзушылықтар туралы ақпаратты уақтылы, анық бермейтiн болса, басшылардың әкiмшiлiк құқық бұзушылық кодекстiң (Кодекс) 301-1 және 301-2– баптарымен жауапқа тартылуы көзделген. Мысалы, электр желiлерiне қосуға арналған техникалық шарттарды беру тәртiбi мен мерзiмiне қойылатын талаптар бұзылса, кәсiпкерлiк субъектiлерiне — жиырма бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнен бiр жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiне дейiн айыппұл салуға әкеп соғады. Егер, электр желiлерiне қосуға арналған құжаттарды қабылдаудан және техникалық шартты беруден бас тартса, елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнен екi жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiне дейiн айыппұл салынады.

Сұрақ: Энергия берушi (энергия өндiрушi) ұйым тұтынушыларды қандай мерзiмде электр қуатына қосады?

Жауап: Энергия берушi немесе энергия өндiрушi ұйым электр қондырғыларын тұрақты түрде пайдалану үшiн тұтынушылар анықталған кемшiлiктердi жойғаннан кейiн өзiнiң электр желiлерiне қосады.

Энергия берушi немесе энергия өндiрушi ұйым тұтынушылардың электр қондырғыларын пайдалануға беру кезiнде электр кернеуiн өндiрудi келесi мерзiмде жүзеге асырады:

- энергия берушi немесе энергия өндiрушi ұйым сыртқы косу мен коммерциялық есеп жүйесiн тексерiстен өткiзгеннен кейiн, пайдалануға беру мүмкiндiгi туралы қорытындыны ескере отырып, электр қондырғыларын косуға арналған материалдарды тұтынушылар ұсынған соң 1 (бiр) жұмыс күнi iшiнде электр қондырғыларын пайдалануға бередi;

- энергия жабдықтаушы ұйым энергия берушi (энергия өндiрушi) ұйымға электрмен жабдықтауға араналған шарт жасасу туралы хабарламаны 1 (бiр) жұмыс күнi iшiнде ұсынады;

- энергия берушi (энергия өндiрушi) ұйым тұтынушының электрмен жабдықтауға араналған шартқа қол қойғаннан кейiн, электр қондырғыларына электр кернеуiн 1 (бiр) жұмыс күнi iшiнде бередi.

Тұтынушыға электр энергиясын қосу мен беру тек коммерциялық есеп жүйесi бар болса ғана жүзеге асатын болады.

Қорыта айтқанда, электр энергетикасы туралы заңнамаға сәйкес, энергетикалық қадағалау мен бақылау бойынша мемлекеттiк орган электр энергетикасы саласындағы нормативтiк құқықтық актiлерi талаптарының сақталуын жүзеге асырады. Осыған байланысты, егер құқық бұзушылық фактiлерi анықталатын болса, Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау Комитетiнiң Ақмола облысы бойынша аумақтық департаментiне мына мекен-жай бойынша: Көкшетау қаласы, М. Әуезов көшесi, 230, тел. 8(7162)251316, 257867 жүгiнудi ұсынамыз.

28.05.2020
Қараулар: 49

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

  

-A A +A