Кеңес

2018 жылғы 6 сәуiр күнi Ақмола облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасында мемлекеттiк органның қызметкерлерiнiң қатысуымен басқарманың әдеп жөнiндегi уәкiлi — Тимур Ғабдолхайұлы Хамзиннiң төрағалығымен кеңес өткiзiлдi.

Басқарманың әдеп жөнiндегi уәкiлi ҚР Мемлекеттiк қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл Агенттiгiнiң Мемлекеттiк қызмет жөнiндегi бақылау департаментi директоры Р.Қ. Тюлебаевтың қатысуымен өткен кеңес туралы айтты және келесi мәселелер қарастырылды:

1.Мемлекеттiк қызметшiлердiң әдеп жөнiндегi кодексiнiң, қызметтiк және атқарушы тәртiптердiң нормаларын сақтау (iскерлiк әдептi және ресми мiнез-құлық қағидаларын сақтау);

2.ҚР «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» Заңын сақтау;

3.Мемлекеттiк қызметшiлердiң әлеуметтiк желiлерде позициялау, аккаунттарда қызметтiк әдеп нормаларына сәйкес материалдарды орналастыру, шындыққа сәйкес келмейтiн мәлiметтердi таратудан, мемлекет саясатының негiзгi бағыттарына сәйкес келмейтiн мемлекеттiк саясат және қызметi мәселелерi жөнiндегi өз пiкiрiн көпшiлiк алдында бiлдiруден бас тарту.

06.04.2018
Қараулар: 63

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

-A A +A