«Мемлекеттік қызметшілердің имиджін қалыптастырудың этикалық негіздері» атты семинар

2018 жылдың 21 маусым күнi Ақмола облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасында Ақмола облысы әкiмi аппаратының әдеп жөнiндегi уәкiлi Нариман Төлешұлы Әбдiрахмановтың қатысуымен мемлекеттiк қызметкерлер арасында семинар өттi.

Семинар кезiнде Қазақстан Республикасының мемлекеттiк қызмет саласындағы заңнамасын, мемлекеттiк қызметшiлердiң Әдеп кодексiн, қызметтiк және атқарушы тәртiптердiң нормаларын, iскерлiк этикеттi және ресми мiнез-құлық ережелерiн сақтау, мемлекеттiк қызметшiлердiң әлеуметтiк желiлерде дұрыс позициялау, аккаунттарда қызметтiк әдеп нормаларына сәйкес материалдарды орналастыру бойынша түсiндiру жұмысы жүргiзiлдi.

Сонымен қатар, әдеп жөнiндегi уәкiл Басқарманың әрбiр мемлекеттiк қызметкерiмен жеке сұхбат жүргiздi.

21.06.2018
Қараулар: 47

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

-A A +A