«Ақмола облысында коммуналдық көрсетілетін қызметтерді ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Ақмола облысы әкімдігінің 2015 жылғы 1 шілдедегі № А-7/315 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Ақмола облысы әкімдігі қаулысы жобасына баспасөз-релизі

«Ақмола облысында коммуналдық көрсетiлетiн қызметтердi ұсыну қағидаларын бекiту туралы» Ақмола облысы әкiмдiгiнiң 2015 жылғы 1 шiлдедегi № А-7/315 қаулысына өзгерiс енгiзу туралы» Ақмола облысы әкiмдiгi қаулысы жобасы (бұдан әрi — Жоба) Ақмола облысы энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасымен «Тұрғын үй қатынастары туралы» 1997 жылғы 16 сәуiрдегi Қазақстан Республикасы Заңының 10-3-бабы, 2-тармағындағы 4-6) тармақшасына сәйкес әзiрлендi.

Аталған жобаны қабылдаудың мақсаты — лифтiң қызмет көрсеткенi үшiн коммуналдық қызмет көрсету төлемақысын анықтау болып табылады.

Жобаны iске асыру республикалық және жергiлiктi бюджеттерден қаржы шығындарын талап етпейдi.

Жобаны қабылдау терiс әлеуметтiк-экономикалық және/немесе құқықтық салдарларға әкеп соқпайды.

Жоба ашық НҚА бөлiмi бойынша «Электрондық үкiмет» порталында орналастырылған.

11.11.2019
Қараулар: 302

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

  

-A A +A