Көп балалы аналарға әлеуметтік қолдау көрсету туралы

Ағымдағы жылдың 17 қазанында мемлекеттiк әлеуметтiк тапсырысты орындау аясында Басқарма көп балалы аналарға әлеуметтiк қолдау жөнiндегi салалық бөлiмдердiң басшыларымен кездесуiне қатысты. Iс-шараның ұйымдастырушысы — «Отбасы мектебi» Отбасын қолдау қоғамдық қоры. Iс-шараға Көкшетау қаласының мәдениет, әлеуметтiк бағдарламалар, бiлiм беру, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы басқармалары мен бөлiмдерi қатысты.

Iс-шаралар барысында мемлекеттiк тұрғын үй қорынан баспанаға мұқтаж Қазақстан Республикасының азаматтарын тiркеу туралы және тұрғын үйi бар көп балалы аналарға әлеуметтiк қолдау бойынша жүргiзiлiп жатқан жұмыстар туралы түсiнiктемелер берiлдi. Кездесуге қатысушыларға тұрғын үй секторының өкiлдерi сұрақтарға жан-жақты жауаптар бердi.

Ақмола облысының тұрғын үй-коммуналдық
шаруашылық басқармасы

17.10.2019
Қараулар: 338

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

  

-A A +A