2017-2018 жылдарғы жылу беру маусымынының барысы туралы

Ақмола облысында жылу беру маусымына дайындық бойынша барлық жұмыстар iс-шаралар жоспарына сәйкес толық көлемде және уақытында аяқталды.

(Облыс бойынша жоспарланған қазандықтардың 100% (681), жылу тораптарының 100%(58,9 км), су құбырының 100% (61 км) жөнделдi. Жылу беру маусымына бiлiм беру 100% (762), денсаулық сақтау 100% (604), әлеуметтiк мақсаттағы объектiлерi 100% (504), 2129 көпқабатты тұрғын үй дайындалды.

Ақмола облысы әкiмiнiң тапсырмасына сәйкес жылу беру маусымы ағымдағы жылдың 25 қыркүйегiнен бастап денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк науқан объектiлерi жылумен қамсыздандыруға қосылады, а.ж. 1 қазанынан бастап тұрғын үй объектiлерiне жылу берiледi.

Жылу беру маусымы штаттық режимде өтуде, барлық жерлерде температуралық кесте сақталуда.

Жылу беру маусымының басталуына дейiн шарттар уақытында жасалып, отынның қажеттi қоры құралды.

Есептi кезеңде облыста 253 мың тонна көмiр, 2,8 мың тонна мазут бар, бұл нормативтiк талаптарға сай. Отын бекiтiлген кестеге сәйкес жеткiзiлуде.

Әлеуметтiк сала және коммуналдық шаруашылық объектiлерiндегi қазандықтар штаттық режимде жүрдi, барлық жылумен қамсыздандыру объектiлерiнде температуралық режим сақталды.

Жылу беру маусымы тұрақты бақылауда.

24.09.2017
Қараулар: 354

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

-A A +A