ЭЛЕКТРМЕН ЖАБДЫҚТАУ ЖҮЙЕСІНЕ ҚОСУ

Бүгiнгi таңда қолданыстағы заңнаманы жетiлдiру аясында және кәсiпкерлiк жағдаятты жақсарту мақсатында ү.ж. жылдың ақпан айында 2015 жылғы 25 ақпанда № 143 Министрлiктiң бұйрығымен бекiтiлген Электр энергиясын пайдалану қағидаларына түзетулер енгiзiлген болатын. Енгiзiлген өзгерiстерге сәйкес тұтынушыларды электрмен жабдықтау желiлерiне қосу тәртiбi жеңiлдетiлдi, атап айтқанда:

- энрегиямен жабдықтау ұйымдарымен электрмен жабдықтау шартына отыру қажеттiлiгi алынып тасталды. Бұдан былай мұның қажетi жоқ;

- электр желiлерiне қосылуға арналған техникалық шартты алу үшiн белгiленген құжаттар қысқартылды;

- тұтынушылар тарапынан электрмен жабдықтау шарты бұзылған кезде есептеу мәселесi қайтадан қарастырылды;

- тұтынушылардың электр қондырғыларына электр энергиясын беру механизмi жеңiлдетiлдi;

- энергия берушi және энергиямен жабдықтаушы ұйымдардың өзара iс-қимылын регламенттеу арқылы тұтынушылар мен энергетикалық кәсiпорындардың арасындағы құжат айналымы қысқартылды.

Тұтынушылардың электр энергиясына, электрмен жабдықтау желiлерiне қосылу механизмiн жеңiлдету мақсатында Энергетика министрлiгi қолданыстағы заңдарға, заңнама мен басқа да нормативтiк құқықтық актiлерге ұдайы талдау жасап отырады. 2015 жылдан бастап, техникалық құжаттарды табыстау мерзiмi едәуiр қысқартылды (техникалық шарттар, жобалар, шекараларды бөлу актiлерi және т.б), бiрқатар процедуралар алынып тасталды (энергетикалық, сәулет және қала құрылысы салаларнындағы мемлекеттiк органдардың рұқсаты; энергетикалық сараптама жүргiзу қажеттiлiгi және т.б.)

Электр желiлерiнiң көпшiлiгi осы саладағы монополистердiң қолында шоғырланғаны белгiлi. Тұтынушылардың iс жүзiнде бұған баламасы жоқ. Департамент өңiрдiң жұртшылығына анықталған бұзушылықтарға «нөлдiк шыдамдылық» көрсете отырып, олар туралы деректердi дереу Департаментке хабарлауы шарт. Барша шағымдар, өтiнiштер мен жүгiнулер Департаментке жүктелген құзыреттер аясында заңнамада белгiленген тәртiппен, уақтылы толығымен жан-жақты қарастырылатын болады.

Энергетика министрлiгi мен Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетiнiң ресми интернет-ресурстарында тұтынушылардың электр энергиясы сапасына қанағаттану деңгейiн анықтауға және энергетикалық кәсiпорындар өз желiлерiне жаңа тұтынушыларды қосу кезiнде қолданыстағы заңнама талаптарын сақтауға арналған сауалнама парақтары орналасқанын атап өткен жөн. Сондай-ақ, сауалнама парақтары шеңберiнде осынау механизмдердi жетiлдiру бойынша өздерiнiң ұсыныстарын жазып қалдыруға болады. Осылайша, әрбiр адамға осы саланы дамыту мен процестердi жетiлдiруге өз үлестерiн қосуға мол мүмкiндiк туатынын атап өтемiз.

Қазақстан Республикасы Энергетика
министрлiгi Атомдық және энергетикалық
қадағалау мен бақылау Комитетi
Ақмола облысы бойынша
аумақтық департаментiнiң басшысы                                                                                                          Ж. Қасенов

тел. 257867

28.04.2020
Қараулар: 86

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

  

-A A +A