Мемлекеттiк-жекешелiк әрiптестiктi бастамашылық ету туралы хабарлама: «Ақмола облысының Көкшетау және Щучинск қалаларында көше жарықтандыру желiлерiн жаңғырту және пайдалану»

«Ақмола облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» Мемлекеттiк мекемесi (Көкшетау қ. Абай к-сi 89, БИН:070540006702, БИК:KKMFKZ2A, ИИК KZ26070102KSN0301000) 2015 жылғы 25 қарашадағы № 725 «Мемлекеттiк жекешелiк-әрiптестiк жобаларын жоспарлау және жүзеге асыру қағидаларының» 133-тармағына сәйкес, кәсiпкерлiк, қаржылық және өзге ұйымдар субъектiлерiнен мемлекеттiк жекешелiк-әрiптестiк (бұдан әрi — МЖӘ) жобаларын жүзеге асыруға қызығушылық туралы баламалы ұсыныстарды тарту мақсатында «Ақмола облысының Көкшетау және Щучинск қалаларында көше жарықтандыру желiлерiн жаңғырту» (бұдан әрi — МЖӘ Жобасы) жобасын бастамашылық ету туралы хабарлайды.

1. МЖӘ Жобаларын жүзеге асыру шарттары:

а) болжамды инвестициялар көлемi:

- «Ақмола облысының Көкшетау және Щучинск қалаларында көше жарықтандыру желiлерiн жаңғырту»  — 314 644,2 мың теңге НДС есебiмен;

б) МЖӘ шарттарының түрi — сервистiк шарт;

в) жобаларды жүзеге асыру кезеңi  — 4 жыл;

г) осы жоба жүзеге асыру шеңберiнде Мемлекеттiк әрiптес Жекешелiк әрiптестке 4 жыл мерзiмге сенiмгерлiк басқаруға Көкшетау және Щучинск қалаларында көше жарықтандыру желiлерiн жанғырту ұсыну түрiнде мемлекеттiк қатысуды ұсынады. Мемлекеттiк әрiптес тарапынан мемлекеттiк қолдау және бағалық шешiмдер сияқты басқа шаралар көзделмейдi.

МЖӘ жобасының мәнi:

МЖӘ тетiгi арқылы «Мемлекеттiк-жекешелiк әрiптестiк туралы» ҚР Заңына сәйкес, жобалармен жекешелiк әрiптестiң қаражаты есебiнен:

-энергия үнемдеу және Көкшетау және Щучинск қалаларының көше жарықтандыру энергия тиiмдiлiгiн көтеру;

- 3 мамандарды еңбек қызметпен қамтамасыз ету;

- қуат тұтынуды төмендету, энергия тиiмдiлiктi iс-шаралар бойынша жүзеге асыру.

3. Жекешелiк әрiптестi анықтау «Мемлекеттiк-жекешелiк әрiптестiк туралы» ҚР Заңының 31,35-бабтарының негiзiнде екi кезеңдi процедураларды пайдаланусыз ашық конкурс өткiзу тәсiлмен жүзеге асырылады.

Конкурстық өтiнiмдердi ұсынудың соңғы мерзiмi: 2020 жылдың 7 сәуiрдегi 10:00 сағатына дейн.

Жобаға қатысуға қызығушылық танытқан жағдайда, егжей-тегжейлi ақпарат алу үшiн төмендегi деректемелерге хабарласуға болады:

телефон: 8716229806.

e-mail: bi.abdrakhmanov@akmo.gov.kz.

Мекенжайы: Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, Абай көшесi, 89.

Уәкiлеттi тұлға — Хамзин Тимур Габдулхаевич.

Байланыс тұлға — Абдрахманов Биржан Тасбулатович.

11.03.2020
Қараулар: 127

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

  

-A A +A