Мекенжай анықтамаларын алып тастау бойынша ақпарат

«Ақмола облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» ММ-сi «Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер тiзiлiмiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2013 жылғы 18 қыркүйектегi № 983 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметi қаулысының жобасы 2019 жылғы 23 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң отырысында мақұлданғандығын мәлiмет үшiн жеткiзедi.

Осылайша, жоғарыда көрсетiлген жоба шеңберiнде «Тұрғылықты жерiнен мекенжай анықтамаларын беру» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметi ағымдағы жылғы 1 қарашадан бастап алып тасталатын болады. Сәйкесiнше, аталған өзгерiстердiң қолданысқа енгiзiлуiнен кейiн, ұйымдар меншiк нысанына қарамастан қандай да жағдай болмасын Қазақстан Республикасының азаматтарынан тұрғылықты жерiнен мекенжай анықтамаларын талап етпеуi қажет.

Азаматтар қажет болған жағдайда өз тiркеу орның «Электрондық үкiмет» веб-порталында немесе «mGov» (eGov mobile) мобильдi қосымшасында «жеке кабинет» арқылы тексере алады.

Сонымен бiрге, азаматтың тiркеу орны туралы ақпарат қажет болуы мүмкiн ұйымдар үшiншi тұлғамен анықтама алу қызметiң қолдана алады.

Үшiншi тұлға рөлiнде жеке немесе заңды тұлға бола алады.

Аталған қызмет үшiншi тұлғаларға ақпарат сұратылған тұлғаның «жеке кабинет» немесе sms растау арқылы келiсiмi болу шартында «Электрондық үкiмет» веб-порталы арқылы тек электрондық түрде көрсетiледi.

Қызметтi тек мобильдi азаматтар базасында тiркелгеннен кейiн алуға болады.

Мобильдi азаматтар базасында тiркелу үшiн көрсетiлген қызметтi алушыға «Электрондық үкiмет» веб-порталында «Жеке кабинет» арқылы «Телефон» бағанында телефон нөмiрiн көрсету немесе оны мемлекеттiк корпорацияның кез-келген кеңсесiне жүгiнiп, жеке сәйкестендiру нөмерiне (ЖСН) баулау қажет.

24.10.2019
Қараулар: 283

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

  

-A A +A