Ақмола облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы жұмысының 2017 жылдың 9 айы бойынша қорытындысы туралы ақпарат

Ақмола облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы 2017 жылдың 9 айында салалар бойынша бағдарламалар (БЖК-2020, ЖЖК-2020, Өңiрлердi дамыту), 2 Кешендi жоспар (Астана қаласына iргелес елдi мекендердi дамыту, ЩБКА дамыту) аясында Ақмола облысы аумағында энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамыту саласында белгiлi жұмыстар жүргiздi.

Ағымдағы жылы энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласында 27 БИЖ iске асырылуда (Целиноград, Шортанды және Аршалы ауданындарын электрмен жабдықту бойынша 1 188 млн. теңгеге 8 объект)

сумен қамсыздандыру және су бұру бойынша 9 объект: ЩБКА бойынша 2,2 млрд. теңгеге 6 жоба, Аршалы, Шортанды, Бурабай аудандарында 263 млн. теңгеге облыстық бюджеттен 3 жоба.

жылумен қамсыздандыру — 2 жоба: Гранитный кентiнде қазандық құрылысы, Көкшетау қаласы Застанционный кентiнде жылу магистралiн реконструкциялау

БЖК — 3 жоба: Көкшетау қаласында (1 жоба) және 1,7 млрд. теңгеге Бұланды ауданы Макинск қаласында өнiмдiлiгi таза салмақта 60 мың тонна бройлер құс фабрикасына инфрақұрылым тарту (2 жоба)

Нұрлы жол — 5 жоба: 6 млрд. теңге Степногрск (2 жоба), Есiл, Державинск қалаларында, Шаңтөбе кентiнде)

2017 жылдың 9 айдағы жұмысының экономикалық қорытындысы.

2017 жылдың 9 айында басқарма бойынша 14 442,5 млн. теңге немесе 95,9% игерiлдi. 614,8 млн. тенгеконкурс өткiзу бойынша сот процестерi және Макинск құс фабрикасына инфрақұрылым тарту бойынша шарт жасасумен байланысты 614,8 млн. теңге игерiлмедi. Осыған байланысты орталық атқарушы органдарына 1,1 млрд. теңгенi 2018 жылға ауыстыра отырып, қайтарып алуға өтiнiм берiлдi.

Жекелеген салалар бойынша жағдай келесiдей:

Жылумен қамсыздандыру.

2017 жылы «Нұрлы жол» бағдарлама аясында жылу энергетикалық инфрақұрылымды дамыту бойынша 2 жобаны iске асыруға 2,86 млрд. теңге бөлiндi, оның iшiнде:

- Есiл қаласында қазандық құрылысы. Қарыз алушы — «Есильгоркомхоз» ШЖҚ МКК, сметалық құны — 6,9 млрд. теңге. Жұмыстар кестеге сәйкес жүргiзiлуде. Үш жылда игерiлген қаражат сомасы 3 461,6 млн. теңгенi құрады (2015 жылы 917 млн. теңге, 2016 жылы — 1 644,7 млн. теңге, 2017 жылға жоспарланған 2 060,2 млн. теңгенiң 1250 млн. теңгесi игерiлдi).

Объект 2018 жылға өтедi. Объектiнi пайдалануға беру қаланың экологиялық ластануы проблемасын шешуге мүмкiндiк бередi, қолданыстағы 10 қазандықтың орнына қала жылу массивiнен тыс жерге орналастырылған 1 қазандықпен жылытылады, тұрғын үй аулаларын қалдықтар мен көмiр тозаңынан тазарту қаланың әлеуметтiк дамуына оң әсерiн тигiзедi;

-Степногорск қаласы Шаңтөбе кентiнде қазандық құрылысы. Қарыз алушы — «Шантобеэнергокомплекс» ЖШС (сметалық құны — 1255,8 млн. теңге). Құрылыс-монтаждау жұмысы кестеге сәйкес жүргiзiлуде. 2017 жылы 800 млн. теңге бөлiндi, 457 млн. теңге немесе жылдық жоспардың 57%-ы игерiлдi. Қаражатты игеру мерзiмi — 2018 жылдың 10 желтоқсаны. Жобада Шаңтөбе кентiнiң 3727 мың адамын жылумен тұрақты қамсыздандыру, 88 үй мен 7 мемлекеттiк мекеменi жылуға қосу қарастырылған;

Сонымен қатар жергiлiктi бюджеттен Көкшетау қаласы Застанционный кентiнде жылу магистралiн реконструкциялауға 271 млн. теңге қаражат бөлiндi. Қаражат толық көлемде игерiлдi, объектiнi пайдалануға қабылдау жүргiзiлуде, Гранитный кентiнде қазандық құрылысына 140 млн. теңге бөлiндi, жұмыстарды а.ж. 1 қарашасында аяқтау жоспарлануда.

Электрмен жабдықтау

Ағымдағы жылы Астана қаласына iргелес елдi мекендердi дамыту кешендi жоспары аясында елдi мекендердi электрмен жабдықтауға 8 жобаға республикалық бюджеттен 1 188 млн. теңге бөлiндi.

Целиноград ауданы Қажымұқан селосын электрмен жабдықтау, құны  — 392,1 млн. теңге (мердiгер — «Дорстройтрест ЖШС»). 2016 жылы 173,8 млн. теңге игерiлдi. 2017 жылы 90 млн. теңге бөлiндi. Жұмыстар кестеге сәйкес жүргiзiлуде. А.ж. 6 айында 58,5 млн. теңге немесе 100% игерiлдi.

Целиноград ауданы Қабанбай батыр селосындағы жаңа құрылысты электрмен жабдықтау, құны — 538,5 млн. теңге (мердiгер — «Трансстройинвест» ЖШС). 2017 жылы 150 млн. теңге бөлiнiп, игерiлдi. Жұмыстар кестеге сәйкес жүргiзiлуде.

Целиноград ауданы Қаражар селосындағы жаңа құрылысты электрмен жабдықтау, құны — 532 млн. теңге (мердiгер — «КСМК-АФ» ЖШС). 2017 жылы 208,9 млн. теңге бөлiнiп, игерiлдi. Жұмыстар кестеге сәйкес жүргiзiлуде.

Целиноград ауданы Малотимофеевка селосын электрмен жабдықтау, құны — 412 млн. теңге (мердiгер — «КазЭдемСтройГрупп»ЖШС). 2017 жылы 150 млн. теңге бөлiнiп, игерiлдi. Жұмыстар кестеге сәйкес жүргiзiлуде.

Целиноград ауданы Софиевка селосын электрмен жабдықтау, құны — 497,4 млн. теңге (мердiгер — «КазбайлыкАстана» ЖШС). 2017 жылы 100 млн. теңге бөлiнiп, игерiлдi. Жұмыстар кестеге сәйкес жүргiзiлуде.

Аршалы ауданы Жiбек Жолы ауылындағы 110/35/10кВ «Новоалександровская» ҚС реконструкциялау, құны — 560,3 млн. теңге (мердiгер — «БаЛи-строй» ЖШС). 2017 жылы 140 млн. теңге бөлiндi, 42 млн. теңге немесе жылдық жоспардың 63%-ы игерiлдi. Жоба түзетiлуде. Осыған орай, 98 млн. теңге қаражатты 2018 жылы қалпына келтiре отырып, қайтарып алу жоспарлануда.

Шортанды ауданы Бозайғыр селосындағы электрмен жабдықтау, құны — 276,3 млн. теңге (мердiгер — «Инсект»ЖШС). 2017 жылы республикалық бюджеттен 249,6 млн. теңге бөлiндi. 156,2 млн. теңге игерiлдi, игерудiң артта қалуы жобаның түзетiлуiмен байанысты.

Целиноград ауданы Максимовка селосын электрмен жабдықтау, құны — 901 млн. теңге. Бұл «АЭҮК» АҚ инвестбағдарлама есебiнен iске асырылып жатқан 9 жоба.

Сумен қамсыздандыру және су бұру

2017 жылы 3 954 847,0 мың теңгеге 10 елдi мекенде 12 жоба iске асырылуда:

Аршалы ауданы Аршалы кентiнiң канализациялық тораптарды реконструкциялау. Жоба 2013 жылдан бастап iске асырылуда, жобаның түзетуден кейiнгi құны 760,6 млн. теңге (мердiгер — «Мұнай Қамту» ЖШС). Құны 12 км. 1600 адамды су бұру бойынша қызметтермен қамтамасыз ету жоспарлануда. 2017 жылы облыстық бюджеттен 16 708 мың теңге бөлiндi. Объектiнi 2017 жылы пайдалануға беру жоспарлануда. Қазiргi уақытта жұмыстардың 90%-ы аяқталды. Технологиялық жабдығына монтаж жүргiзiлуде.

Бурабай ауданында 7 БИЖ iске асыру бойынша ағымдағы жылдың 9 айында игеруге жоспарланған 1 545 млн. теңгенiң тек 1033,6 млн. теңгесi немесе 67%-ы игерiлдi.

«Қатаркөл селосының су бұру тораптары мен объектiлерi» объектiлерiнiң құрылысы бойынша 450 млн. теңге, Қатаркөл канализациялық коллектор құрылысы бойынша 100 млн. теңге, Бурабай кентiндегi ағынсу канализациясы құрылысы бойынша 319 млн. теңге, «Щучинск қаласының кварталiшiлiк су құбыры құрылысы» объектiсi бойынша 109 млн. теңге игерiлдi.

Тазарту салынымдары құрылысы бойынша 55,6 млн. теңге игерiлдi.

Бүгiнгi күнi 2 объект бойынша жұмыстар басталды («Щучинск қаласы су бұру тораптары мен объектiлерiн реконструкциялау», жоспар бойынша 90 млн. теңге бөлiндi, Бурабай кентiнiң 3 кезектегi су бұру тораптарының құрылысы (жоспар — 500млн. теңге, 600 млн. теңгенi қайта бөлуге өтiнiм жолданды).

Шортанды ауданы Дамса селосы және Научный кентiнiң канализациялық тораптарды реконструкциялау. Сметалық құны — 104 200,0 мың теңге. Қуаты — 4,75 км. Iске асыру мерзiмi — 2017 ж. 2017 жылы облыстық бюджеттен 102,4 млн. теңге бөлiндi. Конкурс өткiзiлдi, «Акмола Енбек» ЖШС мердiгер болып белгiлендi. Шарт жасалды. Барлық жоспарланған қаражат толық көлемде игерiлдi.

«Нұрлы Жол» бағдарламасы аясында 3 жоба iске асырылуда:

Степногорск қаласында сумен қамсыздандыру және су бұру жүйесiн реконструкциялау. Кварталiшiлiк су құбыры тораптары. Қарыз алушы  — «Степногорскводоканал» ШЖҚ МКК (сметалық құны -1387,1 млн. теңге). Мердiгер — «Дорстройтрест» ЖШС. Қуаты — 25 км. Қаражат 2016 жылдың қараша айында бөлiндi. Қазiргi уақытта құрылыс-монтаждау жұмыстары кестеге сәйкес жүргiзiлуде. 1065,8 млн. теңге игерiлдi немесе 78 %-ы игерiлдi.

Жобада сусорғы жабдықтарын жиiлiк өңдеушiсi бар заманауи сусорғыға ауыстыру, 4, 6 және 7 шағынаудандарының, сондай-ақ денсаулық сақтау және бiлiм беру объектiлерiнiң сумен қамсыздандыру және су бұру тораптарын қалпына келтiру қарастырылған, бұл 65 мың адамды сумен тұрақты қамсыздандырады.

 — Степногрск қаласы Ақсу, Заводской кенттерiнiң сумен қамсыздандыру және су бұру жүйелерiн реконструкциялау. Қарыз алушы  — «Степногорскводоканал» ШЖҚ МКК (сметалық құны- 1736,1 млн. теңге). Мердiгер — «БиЛи строй» ЖШС. Қуаты — 92,3 км. 2016 жылы қараша айында 1528,8 млн. теңге, 2017 жылы 184,5 млн. теңге бөлiндi. Қазiргi уақытта құрылыс-монтаждау жұмыстары кестеге сәйкес жүргiзiлуде. Бөлiнген қаражаттың 1160,1 млн. теңгесi немесе 68%-ы (2016 жылдың қаражаты  — 1 528,8 млн. теңге, 2017 жылдың қаражаты — 184,5 млн. теңге) игерiлдi.

Жобада сапалы, қолжетiмдi және үздiксiз суды қажет ететiн Ақсу, Заводской кенттерiнде орталықтандырылған сумен қамсыздандыруды көздейдi. Сумен қамсыздандыру жүйесiн реконструкциялау 3,5 мыңнан аса адамды сумен қамтамасыз етедi;

- Ақмола облысы Жарқайың ауданы Державинск қаласындағы тазарту салынымдарымен канализациялық тораптарды реконструкциялау. Қарыз алушы «Коммунсервис» ШЖҚ МКК (сметалық құны — 2 337,2 млн. теңге). Мердiгер «Астана Кен» ЖШС. Қуаты 28,7 км. және КТС. Құрылыс-монтаждау жұмыстары кестеге сәйкес жүргiзiлуде. 2017 жылы 1 200 млн. теңге қаражат бөлiндi, 762,2 млн. теңге немесе жылдық жоспардың 64%-ы игерiлдi. Қаражатты игеру мерзiмi — 2018 жылдың желтоқсанына дейiн.

Аталған жобаны iске асыру Державинск қаласының 6 159 тұрғынын тұрақты су бұрумен қамтамасыз етуге мүмкiндiк бередi.

Бизнестiң жол картасы 2020 бағдарламасы аясында жетiспейтiн инфрақұрылым бойынша 2017 жылы Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы 3 жобаны iске асыруда — сумму 65 млн. теңгеге Көкшетау қаласындағы ауылшаруашылық және техника технологиялық паркке электрмен жабдықтау желiлерi және трансформаторлық қосалқы станция құрылысы, объект пайдалануға берiлдi және 1,7 млрд. теңгеге Бұланды ауданы Макинск қаласындағы өнiмдiлiгi 60 мың тонна бройлер құс фабрикасына инфрақұрылым тарту бойынша 2 жоба.

Абаттандыру

Облыс орталығын абаттандыру және көгалдандыру. Облыстық бюджеттен 250 млн.теңге бөлiндi. Қаражат Абай көшесi бойындағы бақ (80,0), Локомотивная көшесi бойындағы бақ (70,0) және Береговая көшесi ауданын абаттандыруға (100,0) бөлiндi. Бақтар бойынша мердiгер белгiлендi (Енбек Устькаман РМК), жұмыстар жүргiзiлуде. 9 айдың қорытындысы бойынша 109,9 млн теңге игерiлдi.

Васильковский шағынауданында аулалық аумақтарды күрделi жөндеу. 2017 жылы 144,3 млн. теңге бөлiндi. Мердiгерлiк ұйым — Кокшетауавтодор ЖШС. 2017 жылға көпқабатты тұрғын үйлердiң (барлығы 12 үй) 5 аулада жұмыс жалғасуда. Жұмыстар 2016 жылы басталды, аяқталу мерзiмi 2017 жылдың қыркүйегi. Шарттың жалпы сомасы — 426,160 млн теңге. 2016-2017 жылдары төленген қаражат сомасы 406,4 млн тенгенi құрады. Жұмыстар аяқталды, пайдалануға беру актiлерiне қол қойылуда. Актiге қол қойылғаннан кейiн қалған 141,2 млн тенге төленедi.

Центральный шағынауданы аулалық аумақтарды абаттандыру. Шағындауданның 8 көпқабатты тұрғын үйдiң ауласында жұмыс жүргiзу жоспарланған. Мердiгерлiк ұйым — Енбек Астана РМК. 2017 жылы 379,0 млн. теңге бөлiндi. 325,706 млн. теңге игерiлдi. Жұмыстың аяқталуы 2017 жылдың қазан айы.

Юбилейный шағынауданы бойынша 11 көпқабатты тұрғын үй ауласында жұмыс iстеу көзделген. Мердiгерлiк ұйым — Тур Бек ЖШС Астана қ.. Шарт сомасы — 371,2 млн. теңге. Құрылыс мерзiмi 2 жылға жоспарланған, шарт бойынша жұмысты аяқтау мерзiмi — 2018 жылдың қыркүйек айы.

2017 жылы 242,9 млн. теңгеге шарт жасалды. Атқарылған жұмыстар актiсi бойынша төленген сома — 208,5 млн. теңге.

Көкшетау қаласындағы ойын алаңдарын абаттандыруға облыстық бюджеттен 50 млн. теңге бөлiндi. 22 балалар алаңын абаттандыру жоспарлануда. Жұмыстардың құны — 67,8 млн. теңге. Жергiлiктi бюджеттен қосымша 17,43 млн. теңге бөлiндi. Мердiгер Енбек Атбасар РМК. Сметалық есептеулерге сәйкес 2 орындық, 2 қоқыс жәшiгi, 5 жастағы балаларға арналған «паровозик» ағаш кешенi турник, құм, балансир алтыбақан, балаларға арналған спорттық кешен, төбешiк, алаңды металл қоршаумен қоршау орнатылуы қажет. Балаларға арналған ойын алаңдарын бойынша атқарылған жұмыс актiсi бойынша төленген сома — 65,5 млн теңге. 2017 жылы облыстық бюджеттен 230,0 млн. теңге бөлiндi. 19 лифттi жөндеуге 143,7 млн. теңгеге шарт жасалды. 127,9 млн. теңге (93,7%) игерiлдi. 84,78 млн. теңге бюджетке қайтарылады.

2017-2018 жылу беру маусымына дайындық

2017 жылдың 1 қазандағы жағдай бойынша жалпы облыс бойынша 681 қазандық, 58,9 км жылу торабы, 61 км су құбыры канализациялық торап жөнделдi. 762 бiлiм беру объектiсi, 604 денсаулық сақтау объектiсi, 504 әлеуметтiк объектi, 2129 тұрғын үй дайындалды.

253 мың тонна көмiр дайындалды, бұл екi айлық қажеттiлiктiң 170%-ы.

Облыс әкiмiнiң тапсырмасына сәйкес жылу беру маусымы бiлiм беру, денсаулық сақтау объектiлерi және әлеуметтiк қорғау объектiлерiнде ағымдағы жылдың 25 қыркүйегiнен басталды, тұрғын үй объектiлерi жылумен қамсыздандыруға ағымдағы жылдың 1 қазанында қосылды.

«Энергетика және тұрғын үй-
коммуналдық шаруашылық
басқармасы» ММ басшысы                                                                                                         В. Радченко

09.10.2017
Қараулар: 339

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

-A A +A