Информация об итогах работы Управления энергетики и жилищно-коммунального хозяйства

2015-2017 жылдары «Нұрлы Жол» бағдарламасы аясында жылумен, сумен қамсыздандыру және су бұру жүйесiн дамыту бойынша 7 жобаны iске асыруға 12,2 млрд. тенге бөлiндi, оның iшiнде (2015 жылы — 2,7 млрд. теңге, 2016 жылы — 5,2 млрд. теңге, 2017 жылы — 4,2 млрд. теңге):

- Есiл қаласындағы қазандық құрылысы, сметалық құны -6,9 млрд. теңге. Жұмыстар жұмыс өндiрiсi кестесiне сәйкес жүргiзiлуде. Үш жылда қаражаттың игерiлуi 4 423,9 млн. теңгенi құрады, 2015 жылы 917 млн. теңге игерiлдi, 2016 жылы 1 644,7 млн. теңге игерiлдi, 2017 жылға жоспарланған 2 060,2 млн. 2 060,1 млн. теңгесi немесе 99,9% игерiлдi. Объект 2018 жылға өтедi.

- Красный Яр селосындағы блокты-модульдi қазандық құрылысы (сметалық құны -912 млн. теңге). Қазiргi уақытта аталған объект пайдалануға берiлдi, Красный Яр селосының объектiлерiн жылумен қамсыздандырады. Екi жылда аталған объект бойынша 898 млн. теңге игерiлдi (2015 жылы — 853,8 млн. теңге, 2016 жылы — 44,2 млн. теңге).

- Көкшетау қаласы Қопа көлi жағалауындағы тұрғын үйлердi сыртқы инженерлiк тораптарына реконструкциялау (сметалық құны -1831,9 млн. теңге). Екi жылда 1634 млн. теңге немесе 100% игерiлдi, оның iшiнде 2015 жылы — 951 млн. теңге, 2016 жылы  — 683 млн. теңге объектiнi пайдалануға беру үшiн қосымша 32,9 млн. тенге қажет. Қазiргi уақытта аталған объект пайдалануға берiлдi.

- Ақмола облысы Степногорск қаласының сумен қамсыздандыру және су бұру жүйесiн реконструкциялау. Кварталiшiлiк су құбыры тораптары (сметалық құны -1387,1 млн. теңге). Құрылыс-монтаждау жұмыстары жұмыс кестесiне сәйкес жүргiзiлуде. Игеру 1359,2 млн. тенгенi немесе жылдық жоспардың 100% құрайды. Қазiргi уақытта аталған объект пайдалануға берiлдi.

 — Ақмола облысы Степногорск қаласының Ақсу, Заводской кенттерiнiң сумен қамсыздандыру және су бұру жүйесiн реконструкциялау (сметалық құны -1736,1 млн. теңге). Құрылыс-монтаждау жұмыстары жұмыс кестесiне сәйкес жүргiзiлуде. Игеру 1526,6 млн. теңге немесе 100% ( 2016 жылғы қаражат) 2017 жылғы бөлiнген қаражат  — 184,5 млн. теңге. Объект 2018 жылға өтедi.

-Ақмола облысы Шаңтөбе кентi, Степногорск қаласы ндағы қазандық құрылысы (сметалық құны1255,8 млн. теңге). Құрылыс-монтаждау жұмыстары жұмыс кестесiне сәйкес жүргiзiлуде. 2017 жылы 800 млн. теңге қаражат бөлiндi. Игеру 560,9 млн.теңге немесе 70,1%-ды құрады. Объект 2018 жылға өтедi.

-Ақмола облысы Жарқайың ауданы Державинск қаласындағы тазарту салынымдары бар канализациялық тораптарды реконструкциялау (сметалық құны 2 337,2 млн. теңге). Құрылыс-монтаждау жұмыстары жұмыс кестесiне сәйкес жүргiзiлуде. На 2017 жылға 1 200 млн. теңге бөлiндi, игеру 1 200 млн. теңге немсе 100%-ды құрады. Объект 2018 жылға өтедi.

Энергия үнемдеу және энергия тиiмдiлiгi

Ақмола облысында көше жарығының жалпы ұзындығы 924,8 км, оның iшiнде энергия үнемдеуiш шамдармен — 405,7 км. 2017 жылы көше жарықтандыруды жаңғыртуға 206 790,5 мың теңге бөлiндi. 107,8 км жаңғыртылды, оның iшiнде 161км — қала жарығы.

Жалпы көше жарықтандырудың техникалық жағдайы қанағаттанарлық, энергия тиiмдiлiгiн артыру мақсатында реконструкциялау бойынша жұмыс жалғасуда.

2015 жылы Ақмола облысы Ерейментау ауданындағы қуаты 45 МВт жел электр станциясы пайдалануға берiлдi. 2015 жылы жаңартылатын электр көздерi өндiрген электр энергия көлемi 80,3 млн.кВтч немесе облыс бойынша жалпы электр энергиясының 11%-ын құрады.

Облыстың жағартылатын энергия көздерi арқылы ағымдағы жылдың 12 айында 167,6 млн.кВтч өндiрiлдi (19,5% от общей выработанной электроэнергии), оның iшiнде:

Ерейментау ЖЭС 45МВт — 166,4 млн.кВтч,

«Родина» ПК ЖЭС 0,75МВт — 1,27 млн.кВтч

Аймақтың энергетикалық компанияларының бос қуаттарының болуы туралы ақпарат келесi сiлтемелерден алуға болады:

http://kokshetau.akmo.gov.kz/page/read/Informaciya_po_svobodnym_mocshnostyam_i_tochkam_podklyucheniya_k_teplovym_setyam.html?lang=ru

http://www.kokshetau-energo.kz/index.php?id=64

http://www.arek.kz/ru/potrebitelyam/informaciya-o-zagruzke-podstancij.html

Жаңартылатын энергия көздерiн жобалар бойынша ақпарат

Ақмола облысында Ерейментау ауданыңда Индустриализациялау картасының аясында қуаты 45 МВт жел электр станциясы пайдалануға берiлдi. 2015 жылы электр энергиясының өнiмдiлiгi 78,9 млн. кВтч («Первая ветровая электрическая станция» ЖШС), 2016 жылы — 141,6млн. кВтч (облыста өндiрiлген электр энергиясының жалпы көлемiнiң 17%-ы) құрады, 2017 жылы 166,4 млн.кВтч өндiрiлдi.

Целиноград ауданы Родина ауылында 2013 жылы қуаты 750 кВтч жел электр қондырғысы (NEG MICON NM 750 типтi) iске қосылды. Электр өндiрiсi 2015 жылы 1,4 млн. кВтч, 2016 — 1,3 млн.кВтч, 2017 жылы 1,27 млн.кВтч құрады («Агрофирма Родина» ЖШС).

Аршалы ауданы Арнасай селосындағы Вячаслав орта мектебiнде «Ақбота» қоғамдық қоры күн энергиясын пайдаланатын су жылыту батареясы, жарықдиодты жарықтандыру, пиролиздi пеш, жылыжайларды өсiмдiктердi тамшылай суару сияқты жаңа «жасыл» технологиялар орнатты, бұл шағын мектепте (120 оқушы) шамамен 2,5 млн тенге бюджеттiк үнемдеуге мүмкiндiк бердi (пиролиздi пеш 932 мың теңге, су жылытуға арналған күн батареясы 124 мың теңге, жарықдиодты жарықтандыру 814 мың теңге, жылыжай 60 мың теңге).

Ақмола облысында жаңартылатын энергия көздерiн қолданатын келесi жобаларды iске асыру жоспарлануда.

1)Samruk-Green Energy ЖШС қуаты 50МВт Ерейментау ауданында жел электр станциясының құрылысы». Жоспарланған iске асыру мерзiмi 2018 жыл.

2)«ЦАТЭК Green Energy» ЖШС Аршалы ауданында қуаты 50МВт жел электр станциясының құрылысы бойынша жобаны iске асыруды жоспарлауда (жер телiмi бөлiндi).

3) «КВEnterprises» ЖШС халықаралық компаниясы Целиноград ауданында Қабанбай батыр ауылдық округiнiң шегiнде қуаты 200МВт күн электр станциясының құрылысын жоспарлауда. (300 га жер телiмi бөлiндi).

2016-2020 жылдарға арналған Ақмола облысы бойынша энергия үнемдеудi арттыру жоспарын орындау бойынша атқарылған жұмыс туралы ақпарат

Ақмола облысында барлық салаларда негiзгi энергетикалық ресурстарды үнемдеу және энергия тиiмдiлiгiн арттыру бойынша белгiлi жұмыстар атқарылуда.

Ақмола облысының 2016-2020 жылдарға арналған энергия үнемдеу жоспары ҚР Инвестициялар және даму министрлiгiмен келiсiлiп, Ақмола облысы әкiмдiгiнiң 2016 жылғы 10 қарашадағы № А-12/527 қаулысымен бекiтiлдi.

Бүгiнгi күнi облыста энергия үнемдеуге бағытталған келесi iс-шаралар жүргiзiлдi: есепке алу құралдары орнатылды және ауыстырылды, ескiрген жабдықтар заманауи энергия үнемдеуiш жабдықтарға ауыстырылды, қызу шамдары энергия үнемдеуiш шамдарға ауыстырылды, жылумен, электрмен, сумен қамсыздандыру желiлерi жаңғыртылып, реконструкцияланды, бюджеттiк сектор ғимараттары мен салынымдары жылу жаңғыртылды, облыстың қалалары мен селоларында көше жарықтандыруы жаңғыртылды.

Өткiзiлген iс-шаралар нәтижесiнде 2017 жылдың 12 айындағы үнемдеу: электр энергиясы бойынша — 7110,9тыс.кВтч, жылу энергиясы — 136,6 мың Гкал, су — 222,6 мың м3.

Облыстың жағартылатын энергия көздерi арқылы ағымдағы жылдың 12 айында 167,6 млн.кВтч өндiрiлдi, оның iшiнде:

Ерейментау а. ЖЭС 45МВт — 166,4 млн.кВтч,

«Родина» ПК ЖЭС 0,75МВт — 1,27 млн.кВтч

Ақмола облысында көше жарығының жалпы ұзындығы 924,8 км, оның iшiнде энергия үнемдеуiш шамдармен — 405,7 км. 2017 жылы көше жарықтандыруды жаңғыртуға 206 790,5 мың теңге бөлiндi. 107,8 км жаңғыртылды, оның iшiнде 16км — қала жарығы.

Сонымен қатар облыста тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты жаңғырту объектiлерiне энергия аудитi бойынша жұмыстар жүргiзiлуде. 86 МЭТ субъектiсiне энергия аудитi өткiзiлдi.

Халық арасында энергиямен, жылумен, сумен қамсыздандыру мәселелерiн түсiндiру жұмыстары жүргiзiлуде

2017-2018 жылу беру маусымына дайындық және оны өту

2017 жылы жалпы облыс бойынша 681 қазандық(100%), 59 км жылу торабы (100%), 67 км су-канализациия құбыры (100%) жөнделдi.

762 бiлiм беру(100%), 604 денсаулық сақтау (100%), 504 әлеуметтiк (100%), объектiсi және 2129 тұрғын үй — 100% дайындалды (2129 жоспарланды).

Облыс әкiмiнiң тапсырмасына сәйкес денсаулық сақтау, бiлiм беру және әлеуметтiк қорғаныс объектiлерi үшiн жылу беру маусымының басталуы а.ж. 25 қыркүйек, тұрғын үй объектiлерi үшiн а.ж. 1 қазаны болып белгiлендi. Жылу уақытылы берiлдi.

Әлеуметтiк және коммуналдық шаруашылық сала объектiлерiнде қазандықтар жұмысы штаттық режимде жүзеге асырылды, жергiлiктi жерлерде жылумен қамсыздандыру объектiлерiнде температуралық режим сақталды.

«АЭҮК» АҚ және «Кокшетау Энерго» ЖШС электрмен жабдықтау желiлерiнде электрмен қамтамасыз ету режимiнiң бұзылуы тiркелген жоқ.

Коммуналдық қызмет көрсету

Атқарылған жұмыстар нәтижесi жөндеудi қажет ететiн инженерлiк коммуникация үлесi бойынша көрсеткiштерге қол жеткiзу болып табылады. Ақмола облысы бойынша жөндеудi қажет ететiн жылу тораптарының үлесi40%-ды, су құбыры торптары 23 %-ды, электрмен жабдықтау желiлерi 62%-ды құрады.

2017 жылы алдын ала мәлiмет бойынша тұтынушылардың электрмен жабдықтау бойынша көрсетiлетiн қызметтер сапасымен қанағаттану деңгейi 95%-ды құрады (2010 жылмен салыстырғанда 35 тармаққа өстi), жылумен қамсыздандыру бойынша — 92% (2010 жылмен салыстырғанда 28 тармаққа өстi), сумен қамсыздандыру бойынша 73,5% (2010 жылмен салыстырғанда 22 тармаққа өстi).

05.01.2018
Қараулар: 357

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

-A A +A