Жылу беру маусымының бастауы туралы ақпаттар

Алдағы жылу беру маусымына дайындық аяқталды (барлық объектiлерi дайындалатын болады: 666 қазандықтар, 721 бiлiм беру объектiлерi, 556 денсаулық сақтау объектiлерi, 567 әлеуметтiк объектiлерi, 2353 тұрғын үйлер). Облыстық бюджеттен жөндеу науқанына және отын сатып алуға 4,6 млрд. теңге бөлiндi.

Жылу беру маусымы әлеуметтiк сала объектiлерi үшiн 25 қыркүйектен, қалған тұтынушылар үшiн 1-i қазаннан басталады (нысандарды кезең-кезеңмен қосу жүргiзiлуде).

Көмiр жеткiзуге шарттар жасалды, бүгiнгi таңда оның 2 айлық қоры дайындалды (287 мың тонна немесе 140%).

Жылу беру маусымына халық үшiн қажеттiлiк — 662 мың тонна, оның iшiнде жеткiзiлгенi — 417 мың тонна немесе 63%.

Энергетика министрлiгiмен мазут жеткiзу кестесi бекiтiлдi (бекiтiлген баға бойынша тоннасына — 100 мың теңге). Коммуналдық мекемелермен шарттар 20 қыркүйекте жасалды («Қазмұнайгаз» АҚ, Павлодар мұнай-химия зауытымен).

Жеткiзу жүргiзiлуде, бүгiнгi таңда 1108 тонна мазут келiп түстi (Бурабай ауданына 490 тонна, Бұланды ауданы — 186 тонна, Көкшетау қ.– 432 тонна).

Жылу беру маусымын өткiзу мәселесi энергетика және ТҮКШ басқармасы ерекше бақылауында.

02.10.2019
Қараулар: 117

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

 

-A A +A