Қауіпсіздікті сақтау қажет

Сайт Упр. ЖКХ

Қауiпсiздiктi сақтау қажет

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлiгiнiң Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау Комитетi (бұдан әрi — Комитет) энергия қондырғыларының пайдалану қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету мақсатында электр және энергия қондырғыларының пайдалану қауiпсiздiгiн бақылау үшiн электр энергиясын өндiрудi, берудi және бөлудi жүзеге асыратын ұйымдар басшыларының, техникалық пайдалану қағидаларын және қауiпсiздiк қағидаларын бiлуiне бiлiктiлiк тексерулер жүргiзедi.

Бiлiмге бiлiктiлiк тексеру тестiлеу түрiнде орындалады, ол

тестiленушiнiң таңдауы бойынша мемлекеттiк немесе орыс тiлдерiнде автоматтандырылған компьютерлiк тәсiлмен жабдықталған арнайы бөлмелерде атқарылады.

Қазақстан Республикасы Энергетика министрiнiң 2015 жылғы 18 наурыздағы № 210 бұйрығымен бекiтiлген Электр және энергия қондырғыларының техникалық жай-күйi мен оларды пайдалану қауiпсiздiгiн бақылау үшiн электр және жылу энергиясын өндiрудi, берудi және бөлудi жүзеге асыратын ұйымдар басшыларының, мамандарының техникалық пайдалану қағидаларын және қауiпсiздiк қағидаларын бiлуiне бiлiктiлiк тексерулер жүргiзу қағидаларының (бұдан әрi — Қағидалар) 29-тармағына сәйкес, бiлiмге бастапқы немесе кезектi бiлiктiлiк тексеру кезiнде шектi деңгейден төмен тестiлеу нәтижесiн алған немесе тестiлеуге дәлелдi себептерсiз келмеген басшы атқаратын лауазымы шегiнде өз бiлiктiлiгiн растамаған болып есептеледi.

Мұндай жағдайда ұйым басшысы Қағидалардың 21-тармағына сәйкес бiлiмдi бiлiктiлiк тексеруден өту үшiн бiлiмдi бiлiктiлiк тексеру мерзiмiнiң аяқталу күнiне дейiн күнтiзбелiк 30 күннен кешiктiрмей екiншi рет өтiнiш беруi қажет.

Қағидалардың 30-тармағына сәйкес егер басшы бiлiмдi кезектен тыс бiлiктiлiк тексеру кезiнде шектi деңгейден төмен тестiлеу нәтижесiн алған немесе тестiлеуге дәлелдi себептерсiз келмеген жағдайда басшылар еңбек заңнамасында белгiленген тәртiппен лауазымынан шеттетiледi.

Қағидалардың 20-тармағына сәйкес жыл сайын, энергия берушi (энергия өндiрушi) ұйымдар Комитетке келесi күнтiзбелiк жылға бiлiмi бiлiктiлiк тексеруге жататын басшылардың тiзiмiн осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша жолдайды.

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлiгi Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау Комитетiнiң Ақмола облысы бойынша аумақтық департаментi Қағидалардың 20-тармағына сәйкес жыл сайын энергия берушi (энергия өндiрушi) ұйымдар Комитетке келесi күнтiзбелiк жылға бiлiмi бiлiктiлiк тексеруге жататын басшылардың тiзiмiн осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша (01 желтоқсанға дейiнгi мерзiмде) жолдайтынын ескертедi.

Қазақстан Республикасы Энергетика
министрлiгi Атомдық және энергетикалық
қадағалау мен бақылау Комитетiнiң
Ақмола облысы бойынша аумақтық
департаментiнiң басшысы                                                                                                                Ж. Қасенов

05.12.2019
Қараулар: 325

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

  

-A A +A